2018 жылдың 24 қазанында Қытайда әлемдегі ең ұзын көпірдің бірі - Гонконг-Чжухай-Макао көпірі іске қосылды. Бұған дейін аталған көпірдің жобалау жұмыстарына Қытайда тұратын Өрлеухан Қиса атты қандасымыздың қатысқаны айтылған. Қазақ инженері Өрлеухан Қисаны оқырман қауымға толықырақ таныстыру мақсатында Қытайдағы Орталық халық радио станциясы қазақ радиосының тілшісі Айнұр Гіміңғазықызымен болған сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
Айнұр Гіміңғазықызы: Сәлеметсіз бе, аға? Неше күннен бері, сізге қатысты, сіздың «Шияңгаң-Жухай-Аумын алып көпірінің жер сілкінісіне қарсы төзімділігін жобағауға» қатысқан еңбегіңіз жәйлі түрлі ақпараттарды көріп-біліп, сіздей мықты ағалармызға мәз болып, марқайып жатқан жәйіміз бар. Ендеше әңгіменің басын жақында іске қосылған дәл осы ұлы көпірден бастасақ, Шияңгаң-Жухай-Аумын алып көпірінінің жұмысы қашаннан басталды, осы жобаны жобалау барысында сіз қандай міндеттер арқаладыңыз?
Өрлеухан Қисаұлы: Мен 2010 жылы Шияңгаң-Жухай-Аумын (Гонконг-Чжухай-Макао) ұлы көпірінің сілкініске қарсы төзімділігін жобалау міндетінің алдыңғы кезеңдегі зерттеу жұмысын үстіме алдым, бір жыл уақыт шамасында, мен Шияңгаң-Жухай-Аумын ұлы көпіріне үйлесетін «сілкіністі жеңілдету және тосу» туралы баяндама жасап, коп жақтың мақұлдауына ие болдым. 2011 жылы мемлекеттің түйінді жобасы болған Шияңгаң-Жухай-Аумын ұлы көпір нысанының сілкініске қарсы төзімділігін жобалау және төзімділігін сапаландыру арнаулы зерттеу нысан міндетін ресми бастадық. Жалпы көпір тұрғысынан алып қарағанда, «сілкіністы жеңілдету және тосу» шарасы басты қолданған озық техника ретінде, көпірдің сілкінске қарсы төзімділігін жобалауда жақсы негіз қалады. Бұл көпір дүние жүзі бойынша теңіз үстінде салынған ең ұзын көпір болып, құрылстың қиындығы төтенше зор, «сілкіністі жеңілдету және тосу» сынды осындай ылғары әдіс-амал бүкіл көпірдің сілкініске қарсы төзімділігін барынша арттырды. «Сілкіністі жеңілдету жане тосу» жобасы бұрындары істетіліп жүрген дәстүрлі сілкініске қарсы шаралармен салыстырғанда, қарапайым жолмен қиындықты жеңе алған әдіс–шара болып қаралды, яғни, артық техника істетпей-ақ, бүкіл көпірдің сілкініске қарсы төзімділігін барынша арттыра алдық.
Айнұр Гіміңғазықызы: Ірі құрылыстардың жоба міндетінен тыс, сіз мәдени мұраларды жер сілкінісінен қорғауға қатысты зерттеу нысандарын да қолға алып белгілі нәтижелер жаратып жүргендігіңізден хабарымыз бар. Ендеше мәдени мұраларды жер сілкінсінен қорғаудың қандай маңызы бар? Ол қандай техниканы қажет етеді?
Өрлеухан Қисаұлы: Уынчуан зор жер сілкінісі кезінде, мен Ши-ан қаласында іс-сапарда жүрген болатынымын, ол кезде, Ши-ан қатынас университеті мені сілкініске қарсы лекция жасауға ұсыныс етті, мен халықарадағы бір қыдыру жер сілкініске қарсы техникаларды таныстырдым, лекцияа аудиториясында отырған Ши-ан Бей-лин мұражайының директоры соңынан маған мәдени мұралардың бүліну жағдайы ауыр екендігін айтты. Кейін, біз бір қыдыру мұражайлардың апаттан кейінгі бүліну жағдайына тексеру-зерттеу жасадық. Мәдени мұралар еліміздің баға жетпес асылы, егерде бұлар бүлінетін болса, қайта қалпына келмейды, сондықтан мәдени мұралар біздің қорғауымызды аса қажет етеді. Көп ұзамай, мен еліміздің тұңғыш реткі байырғы мәдени мұраларды зерттеу нысанын ұйымдастырдым әрі осы зерттеуды Ши-ан Бей-лин мұражайындағы алғашқы топтағы 10 неше мемлекеттік бірінші дәрежелі мәдени мұраны қорғауға қолдандық, бұл нысан байырғы мәдени мұраларды жер сілкінісінен қорғаудағы техниканың тың жолын ашты. Осы нысаннан кейін, мен еліміздің тарихи мәдени мұрасы мен адамзат өркениет мұрасын өнімді қорғауда еселі еңбек сіңірді деген атаққа ие болдым. Соңғы кездерде, Бейжиңдегі Гугүң мұражайы осы техникалық шараны Гугүң сарайындағы мәдени мұраларды жер сілкінісінен қорғауға қолданды, бұл нысан кейінтінен, ҚХР құрылыс нысанының сыйлығын еншіледі. Мәдени мұра тарихтың қалдырып кеткен асыл мұрасы, оны жер сілкінісінен қорғау басқада құрылымдық құрылыстарды жер сілкінісінен қорғаудан бөлекше. Мәдени мұраны қорғау әрі әсілгі бейнесінің бүлінуге ұшырамауына кепілдік ету өте маңызды, сондықтан біздің қолданған «сілкіністі жеңілдету және тосу» техникамыз дәл осы қиындықты жақсы шешетін озық техника.
Айнұр Гіміңғазықызы: Аға, оқу тарихыңызға тоқталасақ, 2005 жылы сіз «шетелде оқыған 1000 адам қатарындағы жоғары дәрежелі зиялы салауатымен» ел ішінде зерттеушы болған екенсіз, қазыр Гуаңжоу университетінде зерттеуші болып қызмет өтейсіз, ендеше арман қуып, білім іздеген шағыңыздан аздап әңгіме шерте отырсаңыз? Жер сілкінісіне қатысты кәсіппен қай кезде қалай араласып едіңіз?
Өрлеухан Қисаұлы: Өткен ғасырдың 80 жылдары қатынас қатты қолайсыз болатын. Мен Көктоғайдан Үрімжіге 3 күн автобузға отырып, одан Үрімжіден пойызға отырып 72 сағаттық жолды басып Бейжіңге әрең жекенмін. Одан Далиенге бару үшін және 24 сағаттық жолды басамын, барлығы қатты орындық, кей кездері тікеден-тік тұрып баруға да тура келеді. Толық курстегі кәсібім механика еді, өз арманым бойынша аспирант кезімде механика кәсыбін жалғасты оқыдым. Механика кәсібі барлық кәсіп түрінің негізі болып қаралады. Менің аспирант кезімдегі диссертациллық жұмысым сілкініске қарсы төзімділік туралы болатын, сонымен Жапония Шығыс солтүстік универитетінде докторантура оқыған кезімде сілкініске қарсы төзімділікті зерттеу саласында арнаулы зерттеулер жасадым.
Айнұр Гіміңғазықызы: Жапонияда көп жылдар білім алдыңыз, Ендеше сілкіністен сақтану саласында екі елдің артықшылықтарын қай жақтардан бағалайсыз?
Өрлеухан Қисаұлы: ҚХР мен Жапония әдемдегі жер сілкінісі көп туылатын елдер саналады. Сілкіністен сақтану саласында екі елдың өз артықшылықары бар, жобалау идеясынан алып айтқанда, екі ел дүниенің алдыңғы легінде тұрады, әйткенімен, нақтылы техника мен әдіс-амал қолдануда Жапония бізден ылғары десем болады. Бұл біздің үйренуімізге татиды. Еліміздің шаруашылығының үздіксіз дамуына байланысты, мемлекетіміз апаттан сақтанып, апатты азайту жағындағы қосылымды барынша арттырды, алда бұл кәсіптің дамуы барған сайын жақсарады, еліміз тек ел ішіне емес, бүкіл дүние жүзіне орасан зор үлестер қосатындығына сенемін.
Айнұр Гіміңғазықызы: Иә, аға, алдағы сапарыңыз тіпті де нұрлы, табысты бола бергей, өз касібіңіздің биігінен көріне беріңіз, бүгінгі сұхбатымызды қабылдағаныңызға көптен көп рақмет!
Дереккөз: «Орталық халық радио станциясы»
Jebeu.kz