Чжан Вэй: Тұрақтылық – адамзаттың ең негізгі құқығы

Уақыты: 2019-02-21 Көрлімі: 1278 Сипаттама

ҚХР-ның Алматы қаласындағы Бас консулы Чжан Вэй мырза, 2018 жылы еліміздің көптеген БАҚ-д...

 759f80af697c6580f3e7718bfaa622cb.jpg

ҚХР-ның Алматы қаласындағы Бас консулы Чжан Вэй мырза, 2018 жылы еліміздің көптеген БАҚ-да Шыңжаңда болып жатқан мәселелер бойынша бірнеше сұхбат берді және өзінің «Тұрақтылық – адамзаттың ең негізгі құқығы», «Сіздерге айтқым келетін Шыңжаң жәйлі  кейбір фактілер мен әңгімелер» атты мақалаларын жариялады, содан кейін Шыңжаң мәселесіне қатысты «Промышленный Казахстан» газетінде сұхбат беріп,  «Комсомольская правда Казахстан», «Тенгриньюс», «Шелковый путь сегодня»  қатарлы ақпарат құралдарында   «Тұрақтылық – адамзаттың ең негізгі құқығы» атты мақаласын жариялады. Қазақ тілді оқырмандар мен орыс тілін түсінбейтін қандастарды назарға ала отырып, мақаланың қазақша нұсқасын жариялағанды жөн көрдік.

 

Тұрақтылық – адамзаттың ең негізгі құқығы

Шыңжаң  Ұйғыр автономиялық ауданы Қытай Халық Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде, Еуразия құрлығында орналасқан. Бұл Қытайдың көршілес елдермен инфрақұрылымды өзара байланыстыру және Жібек жолы экономикалық белдеуін құрудың басты аймағы болып табылады. Шыңжаң өлкесінің   әлеуметтік тұрақтылығы мен ұзақ мерзімді қауіпсіздігі Қытайдың барлық әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл өткеннен кейін, әсіресе реформалар мен ашықтық саясатын жүргізілген 40 жыл ішінде Шыңжаң өңірі өз дамуында үлкен табыстарға қол жеткізді: экономиканың өсуі бірнеше жыл қатарынан 10%-ға  ұлғайды, Инфрақұрылымдық құрылыс елеулі табыстарға жетті, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі үздіксіз жетілдірілуде, халықтың өмір сүру деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді. Барлық этностық топтардың халықтары даму мен реформаның нәтижесінің жемісі ретінде  бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүре алар еді, бірақ зорлық-зомбылық террористік актілердің жиі пайда болуы Шыңжаң өлкесінің  тұрақтылығын, ынтымақтастығын және өркендеуін бұзды. 1990-шы жылдардың басынан бастап  Қытайдың ішінде және шетелдерде Халықаралық Антиқытайлық күштер   "үш зұлым күштермен"  (ұлттық сепаратизм, діни экстремизм және зорлық-зомбылықты лаңкестік) бірге қастандықтар ойластырыла бастады. Олар бірнеше мың террористік шабуылдар дайындап қана қоймай, оны жүзеге асырып, сол арқылы  тым көп кінәсіз адамдар құрбандыққа ұшырады және  де тіпті бағалауға қиын  экономикалық залал келтірді. Бұл террактілер бүкіл мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі әсер етті, яғни Шыңжаң әлеуметтік тұрақтылығы мен экономикалық дамуын, Шыңжаңның барлық этностық топтары тұрғындарының адамның негізгі құқықтарын бұзды, бұл дамудың барлық қол жеткізілген нәтижелерін қиратып қана қоймай, сонымен қатар Шыңжаң  туралы халықаралық қауымдастықтың пайымдауына әсер етті.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының  үкіметі Қытай Компартиясы Орталық Комитетінің басшылығы жағдайдың талаптарына сәйкес қажетті және жан-жақты шараларды қабылдады. "Бір қол күресу үшін, екіншісі алдын-алу үшін" қағидасына сүйене отырып, үкімет лаңкестік қылмыстармен күресте бір қатар шаралар қабылдады, елге (елден) кіру-шығу және бақылау-өткізу пункттері бойынша бақылауды нығайту, заңдар туралы білімді тарату, көмек көрсетуге, білім алуға және кедей халықты қолдауға, деэкстремизация бойынша терең жұмыстарын  бастап кетті.

Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бүкіл әлем бойынша ең  күрделі мәселе  болып табылады және болып қала береді. Әрбір елдегі жағдай бір-бірінен түбегейлі ерекшеленеді, кездесетін қиындықтар және оларды шешу жолдары да  толығымен әр түрлі.  ШҰАА  өңіріндегі кейбір адамдардың  мемлекеттік тілдің  меңгеру қабілетінің нашарлығынан, заң тәртібіне немқұрайлы қарайтындықтарынан, заң білімінің жетіспеушілігінен, кәсіби дағдылардың жоқтығынан және басқа да себептермен жалпы тұрмыс  пен  жұмыс іздеуде біраз  қиындықтарға  тап болады. Ал, мұндай адамдар террористік және экстремистік күштердің азғыруына өте оңай ұшырайды.

ҚХР үкіметі  "Халық  ең негізгі  орынға ие"  тұжырымдамасын ұстанады және Біз Шыңжаңда адамның ең негізгі құқығы тұрақтылық екенін нақты білеміз, ал өмір сүру құқығы адамның ең негізгі құқығы болып табылады. Осы адамдарға тек өзін-өзі дамыту және кәсіби дағдылар деңгейін көтеруге көмектесу арқылы олардың жағдайын едәуір жақсартуға, зиянды идеялардан аулақ жүруге және террористік және экстремистік әрекеттерді  түбегейлі жоюға мүмкіндік береді. Жергілікті Үкімет нақты жағдайға сәйкес,  ең негізгі кәсіби-техникалық білім беру және даярлау мекемелерінің көмегімен терроризм мен діни экстремизмнің таралуын  түбегейлі жою жұмыстарын бастап кетті.

Шыңжаңда  заңға сәйкес, терроризмге немесе экстремизмге ұшыраған және кішігірім қылмыстық әрекеттер жасағаны үшін күдіктенген тұлғаларға арналған  кәсіптік білім беру және дайындық орталықтары (бұдан әрі "білім беру және дайындық орталықтары") құрылды,  нәтижесінде  заң бойынша олар  сотталмайды немесе қылмыстық  жазадан босатылады. Жеңіл  үкіммен бірге оларға мемлекеттік тілді меңгеру, заңның үстемдігін түсінуді нығайту, жан-жақты қасиеттерін дамыту, кәсіби дағдыларын  арттыру, террористік және экстремистік діни идеяларды тарату мүмкіндігі болмас үшін өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында мамандандырылған мекемелерде тегін кәсіби-техникалық дайындық  өткізіледі.

Соңғы уақытта Шыңжаңдағы білім беру және дайындық орталықтарына қатысты кейбір даулар мен сындар пайда болды. Жеке ұйымдар мен жеке тұлғалар нақты саяси мақсатта немесе пайдакүнемдік мүддесінде, демократия  мен адам құқығы деп аталатын жалау астында, нақты фактілерді елемей, сыбыстарды қасақана таратып, білім беру және дайындық орталықтарын, мұсылмандарды ұстау, этникалық топтарды жою және Шыңжаңдағы  дерелигизация үшін арналған  "түрме" және "лагерь" деген  сипаттама беріп жүр. Олардың шынайы мақсаты - Қытайдың ұлттық тұрақтылығын  сақтауға және әлеуметтік келісімге қол жеткізуіне кедергі жасау және оны бұзу, Қытай мен достас елдер арасындағы қарым-қатынасқа от салу, олардың ниеттері дұрыс емес, әрі зұлымдық іс-әрекет болып табылады. Шыңжаңдағы  білім беру және даярлау орталықтарындағы  "деэкстремизация" бойынша жұмысты  "дерелигизациямен" теңестіру мүлдем дұрыс емес. Дін және діни экстремизм – бұл екі түрлі ұғым. Қытай конституциясы діни сенім бостандығын көздейді, Қытай азаматтары дінді ұстану туралы шешімді өздері қабылдай алады және дін таңдауы өз еріктерінде. Алайда біз "діни сенім бостандығы" туының астында діни доктриналардың бұрмалануына немесе араздықты және кемсітуді, зорлық-зомбылық актілерін арандату үшін басқа да әдістердің қолданылуына қарсы шығамыз. Шыңжаңдағы экстремизммен күрес жөніндегі жұмыс белгілі бір этникалық топтар мен діндерге қарсы бағытталмаған. "Деэкстремизация" - бұл ешбір жағдайда "этникалық топты жою" немесе "дерелигизация " емес, ол адамдарға осы зиянды идеялардың әсерін болдырмау үшін терроризм мен экстремизмге қарсы күреске бағытталған.

Кәсіптік-техникалық білім беру орталықтарында оқытудың негізгі мазмұны мемлекеттік тілді  оқыту, құқықтық білім мен кәсіби дағдыларды үйрету, сондай-ақ деэкстремизация бойынша жұмыс жүргізу болып табылады. Білім алушыларды жұмысқа орналастыру мақсатын алға қоя отырып, орталықтарда оқыту, басқару, медициналық қызмет көрсету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қауіпсіздік және басқа да бірқатар тиімді қызметтер үшін жауап беретін мамандармен қамтамасыз етілген. Білім беру және даярлау орталықтары өз қызметінде діни қызметке қатысты Конституция мен ережелерді қоса алғанда, заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің рухын қатаң басшылыққа алады, әр түрлі ұлттар мен діни наным-сенімдегі тәрбиеленушілерінің  әдет-ғұрыптарын құрметтейді және қорғайды, олардың білім алуын, өмір және ойын-сауық қажеттіліктерін барынша қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға тырысады. Мысалы, білім беру және даярлау орталықтары халал және пайдалы тағамдар  мен сусындарды ұсынады, оқудан бос уақытында түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіледі. Тәрбиеленушілер аптасына бір рет үйлеріне орала алады, басқа уақыттарда  бейне байланыс арқылы өз туыстарымен сөйлесе алады, ал туған-туысқандары  да орталыққа  олардың хал-жайын білуге келе алады.

Нақты жағдайға байланысты  білім беру және даярлау орталықтарының көпшілігі экономикасы біршама артта қалған  оңтүстік ШҰАА-да орналасқан. Егер Оңтүстік Шыңжаңның  төрт облысының әрбір уезінде білім беру және дайындық орталықтары ашылса, олардың саны уездке арналған бір орталықтан аспайды, ал ол жердегі адамдардың  саны әдетте жүзден мыңға дейін. Біреу орталықтан кетіп, біреу оған келіп жатады, сондықтан оқушылар саны үнемі өзгереді. Орталыққа түскен сәттен бастап, тәрбиеленушілердің оқуын аяқтағанға дейінгі барлық процесс толық заңдық негіздемеге ие және стандартты іс жүргізу нормаларына сәйкес келеді.

Тәрбиеленушілер мемлекеттік  тілде негізгі жазу және сөйлеу дағдыларын, құқықтық білім, 1-2 кәсіби шеберлікті игеріп, экстремистік идеялардан арылғаннан кейін, қоғамға қауіп төндірмейтін болса, оқуды аяқтауға қойылатын талаптарды  қанағаттандырса, отбасыларына  және қоғамға орала алады. Жергілікті үкімет бітірушілерге жұмысқа орналасуға  барынша көмектесуге тырысады. Мектеп бітіргеннен кейін тәрбиеленушілердың  көбісі, ай сайынғы табысы 400 АҚШ долларынан асатын, жақсы жұмыс тапты, бұл олардың бұрынғы табысынан бірнеше есе көп.

Тұрақтылықты қолдау үшін  қабылданған шараларға байланысты Шыңжаңның  әлеуметтік ортасындағы елеулі өзгерістер байқалады - екі жылдан астам уақыт бойы ешқандай террористік актілер болған жоқ, қылмыстық істер мен әлеуметтік қауіпсіздікті бұзу саны айтарлықтай қысқарды, қоғамдық тәртіптің жай-күйі едәуір жақсарды, діни экстремизмнің енуі тиімді тежелді, барлық этностық топтар тұрғындарының қауіпсіздік сезімі әжептәуір күшейді. Әлеуметтік тұрақтылық экономикалық дамуына әкелді, алдын ала есептеу бойынша 2018 жылы Шыңжаңның  ЖІӨ 6% - ға өсті, қалалар мен кенттер тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы шамамен 6.5% - ға, ауылдық жерлерде-8.5% - ға өсті. 2018 жылдың  қаңтар айынан қараша айына дейін шетелдік және отандық туристтер Шыңжанға 147 миллион рет барып қайтқан, өткен жылмен салыстырғанда 39% - ға ұлғайған, туристтік шығындардың жалпы көлемі шамамен 37 миллиард АҚШ долларын құрады. Бүгінгі күні Шыңжаң тек қана әдемі емес, сонымен бірге қауіпсіз, тұрғындар енді қорқып, сақтық танытпайды. Шыңжаңдағы жағдай түбегейлі өзгерді, барлық этностық топтар тұрғындарының құқықтары одан әрі толық қорғауға ие болды, келешек әлеуметтік-экономиканың шұғыл дамуы және халықаралық ынтымақтастық қауіпсіздігінің  кепілдігі нығая түсті.

Шыңжаңдағы  "деэкстремизация" бойынша  жургізілген белсенді эксперименттік жұмыс бүкіл әлемнің назарын аударды. Бүгінгі таңда Қытайдағы  көптеген елдердің дипломатиялық  өкілдері, соның ішінде Қазақстан,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері білім беру және даярлау  орталықтарында болды. 2018 жылдың желтоқсан айында 12 елдің дипломаттары Шыңжаңға келіп, білім беру және дайындық орталықтарының жұмысын мақұлдады. Қытайдағы Қазақстан елшілігінің дипломаты Қытай үкіметі мен ШҰАА  Үкіметі білім беру және дайындық орталықтарының тәрбиеленушілері үшін жақсы жағдай жасалып, тағамның алуан түрлілігі, сондай-ақ спорттың әр түрімен айналысуға мүмкіндік бар екенін айтып өтті. Қытай  үкіметі осы тәрбиеленушілерге  қатты алаңдайды:  себебі, олар кәсіби дағдыларды игергеннен кейін, соның арқасында қоғамға қайтып оралып табыс тауып, күн көру мүмкіндігіне ие болады. 2019 жылдың қаңтар айында Түркия мен Египет сияқты 6 елдің 12 танымал БАҚ өкілі білім беру орталықтары туралы репортаж жүргізді. Олардың пікірлері бір ауыздан болды: “Білім беру және дайындық орталықтарын құру экстремистік идеялармен залалданған адамдарды  құтқара алатын өте жақсы әрекет болып табылатынын және басқа елдерге Қытай үкіметінің Шыңжаңдағы  басқару жөніндегі тұжырымдамасын және деэкстремизация бойынша тәжірибені алуға тұрарлық екенін атап өтті.”

Қытай мен Қазақстан бір-бірінің байырғы мүдделеріне қатысты барлық мәселелерде әрдайым өзара қолдау көрсететін мейірімді көршілер, жақсы достар және сенімді әріптестер болып табылады. Қазақстандық  достар Шыңжаңдағы  нақты жағдайлармен танысқаннан кейін  Қытай үкіметінің терроризм мен экстремизмге қарсы күрес,

Шыңжаңдық әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы алғашқы ниетін және барлық атқарған жұмыстарын одан әрі түсініп, қолдау көрсете алады деген  үміттеміз.

Қытайдан Қазақстанға көшіп келген эмигранттар екі елдің ортақ байлығы, Қытай мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достық пен екіжақты ынтымақтастыққа ықпал ететін байланыстырушы  буын мен көпір  болып табылады. ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулдығы Қытай диаспораларымен жұмысты Қытай мен Қазақстанның жан-жақты стратегиялық әріптестігінің маңызды бөлігі ретінде қарастырады, түрлі іс-шараларды белсенді түрде өткізіп, консулдық округ аумағында эмигранттармен тығыз байланыс орнату арқылы  олармен өзара сенімді нығайтады. Шыңжаңда  екі азаматтығы бар этникалық қазақтардың мәселелері туындаған сәттен бастап Бас консулдық олармен тығыз қарым-қатынас орнатты, кез келген уақытта олардың  жазбаша өтініштерін қабылдады, тиісті тараптармен үйлестіру және өзара іс-қимыл бойынша үлкен жұмыс атқарды, нәтижесінде көптеген сұрақтар өз жауаптары мен шешімдерін тапты. Екі елдің ресми мекемелері, соның ішінде Сыртқы істер министрлігі, екіжақты азаматтық мәселелер бойынша тығыз және конструктивті консультациялар жүргізеді және өзара тиімді негізде мәселелерді шешуге көмектеседі. Осы фактілер Қытай мен Қазақстан үкіметтерінің өзара түсіністік, сенімділік және екі ел арасындағы туындайтын кез-келген мәселелерді шешу мүмкіндігі бар екенін дәлелдей түсті.

Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы    

Чжан Вэй                                                     

 Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Омарәлі Әділбекұлы: Қазақтар үшін болашақ Қазақстанда ғана
    Жаңа Үкімет халықтың экономикалық – әлеуметтік мәселелерін шеше ала ма?