Жаңа Үкімет халықтың экономикалық – әлеуметтік мәселелерін шеше ала ма?

Уақыты: 2019-02-27 Көрлімі: 1529 Сипаттама

Жаңа Үкімет халықтың экономикалық – әлеуметтік мәселлерін шеше ала ма?21 ақпанда ҚР Пре...

MyCollages.jpg

21 ақпанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті отставкаға жіберіп, 25 маусымда ҚР Үкіметінің жаңа құрамын бекітті. Үкімет басына бұрынғы Премьер-министрдің орынбасары Асқар Мамин келсе, жаңа жасақталған министрлердің де негізгі бөлігі бұрынғы мининистрлер мен министрлердің орынбасарларынан құрам тапты.

Елбасы мәлімдемесінде «Индустриалды, әлеуметтік, инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамытуға қатысты барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Оларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржы бөлінді. Дегенмен, жүйелі жұмыс жүргізілмеді. Тұрғындардың нақты табысы өспеді. Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті. Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған. Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмағаны мен жұртшылықтың проблемаларына құлақ аспады»,- деген еді.  

Соңғы кезде бірнеше министр халықтың сын-пікіріне жиі ұшырап келе жатқан. Соның бірі ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев болса, бірі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова еді. Үкіметтің жаңа құрамындағы бұл кісілердің орына келген министрлер әлеуметтік желі қолданушыларының қолдауына ие болып жатты. Білім және ғылым министрі болып ұстаз, бұған дейін Білім және ғылым министрінің екі мәрте орынбасары болған Күләш Шәмшидинова, ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі  2007-2009 жылдары осы министрлікті басқарған, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбев болды. Бұрынғы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Премьер-министрдің орынбасары болса, ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламенттің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Сапархан Омаров болды.  Қалған министрлер отставкаға кеткен бұрынғы Үкімет мүшелері – бұрынғы министрлер мен орынбасарларынан құрам тапты. Жоғарыдағы аталған үш министр де сол салаларда ұзақ жыл қызмет атқарған, осы министрліктерде министр және вице-министр лауазымын атқарған тұлғалар.

e247a102490c0270281cf123a70e186a_XL.jpg

Елбасы Үкіметті отстакаға жіберерде «Үкімет пен Ұлттық банк ел экономикасын сапалы дамытуға серпін беретін нақты құралдарды толыққанды жасап шығара алмады»,- деген еді. Бұл жөнінде  Экономист Мақсат Халық: «Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен жұмыс көрсете алмай жүр деп бұған дейін де айтқанбыз. Ұлттық банктің бұрынғы Төрағасы Данияр Ақышев  инфляцияны реттеу саясатын жүргізіп келді. Инфляцияны ауыздықтауға байланысты өзінің ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыра бастаған. Ұлттық банктің осы әрекетіне байланысты үкіметтен нақты қадамдар көрінбеді. Сондықтан да қандайда бір саясатты жүзеге асырған кезде, бір ғана ұлттық банктің міндеті болмауы керек. Бағаларды ауыздықтау, ұзақ мерзімді экономиканың өсімін қамтамасыз етудің бәрі бір Ұлттық банктің қолынан келе бермейді. Экономикалық өсім болу үшін Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен бір реттік жұмысы болуы керек екен. Сол жұмыс байқалмады, Президент тарапынан үлкен сынға ұшырады және жаңа Үкіметтің құрылуы мен Ұлттық банк төрағасының ауысуына алып келді. Ұлттық банктің төрағасы болып келген Ерболат Досаевты айтатын болсам, Данияр Ақышев сияқты қаржыгер емес деп ойлаймын. Бірақ ол  Үкіметтен шыққандықтан бұрынғы олқылықтың орынын толтыруға тырысатын болады деп есептеймін. Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеу саясаты дұрыс жүріп келе жатқан. Инфляциялық таргеттеу бойынша инфляцияны ауыздықтап 2020 жылы инфляциян деңгейін 4%-ға дейін түсіреміз деген мақсат қойылған болатын. Егер инфляция деңгейі 4%-ға дейін түсетін болса, Ұлттық банктің базалық пайыздық мөлшерлемесі түсетін болады. Бұл елдегі несиелердің пайызының төмендеуіне септігін тигізеді. Халық үшін ертең ипотекалық несие рәсімдеу тиімді болады. Сондықтан халықтың мүддесін ойлағанда, осы саясат сақталғаны дұрыс»,-  деп Ұлттық банктің жаңа төрағасы Ерболат Досаев Данияр Ақышевтың инфляцияны тізгіндеу саясатын жалғастырғаны жөн деген пікірін білдірді.

photo_93181.jpg

Әлеуметтік желіде Білім және ғылым министрі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы пікір білдіріп жатқандар көп болды. Соның бірі білім саласын зерттеп жүрген, тәжірибелі ұстаз, Республикалық Qazbilim орталығының директоры Аятжан Ахметжан Білім және ғылым министрі болып Күләш Шәмшидинованың келуімен құттықтап, өз пікірін білдірді. 

da0a01f6916f2562ad4ac0d844a31fa9.jpg

Аятжан Ахметжан: Елбасы тапсырмасы орта жолда қалмайды деп сенемін

Біріншіден, жалпы өте сәтті тағайындау. Оның себебі, бұл кісі қарапайым мұғалім, мектеп директоры, білім басқармасы басшысынан бастап, білім саласындағы барлық лауазымда отырған, вице министр де болған, бұл салада тәжірибесі жеткілікті, білімді, таза қазақ тілді адам.

Екіншіден, қазіргі реформа бастауы Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінен алынған. Ал, жаңа министр - Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрушысы, директорлар кеңесінің төрайымы. Сондықтан Аслан Сәрінжипов бастап, Ерлан Сағадиев былықтырып кеткен реформа соңына дейін шығады. Реформа тоқтайды деп қуанбаңыздар, мүлде ойламай ақ қоюға толық негіз бар.

Үшіншіден, жаңа министр бір аптадан соң 4-ші наурызда 61 жасқа толады. Яғни, ол кісі зейнеткер. Оның үстіне заң бойынша келесі жылы президент сайлауы, президент сайлауынан соң үкімет қайта доғарысқа кетіп, жаңадан жасақталады. Сондықтан, он бесінші министр бұл орында ұзақ отырады деп айта алмаймын. Сағадиевке дейінгі 13 министр секілді ең ұзағында бір жарым жылдан соң шынымен зейнетке кетеді.

Төртіншіден, білім саласындағы соңғы реформаның, нақтырақ айтқанда 2016-2021 жылдарға арналған білім реформасының соңғы екі жылы ғана қалды, ал, жаңа министр сол реформаның басында тұрған адам ретінде соңғы нүктесін қоюға келді деген ойдамын.

Жалпы ойым осы. Тілейтінім, Назарбаев зияткерлік мектептерінің бағдарламасы толық енетіндіктен, Назарбаев зияткерлік мектептерінің жабдықталуы, мұғалімдерінің жалақысы, материалдық мүмкіндіктері толығымен барлық мектептерге жасалса, соған жаңа министр күш салса екен.

Сонымен бірге "педагог мәртебесі" туралы заңды толық, сапалы етіп бекітіп кетсе екен, Елбасы тапсырмасы орта жолда қалмайды деп сенемін.

2511-735x400.jpg

Елбасы мәлімдемесінде  «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысына жасалған талдау қорытындысы олардың орындалып жатқанын көрсеткенімен, көптеген маңызды бағыттар бойынша нақты нәтижелердің жоқ екенін аңғартты. Өнімді жұмыс орындары жеткілікті түрде ашылмай отыр. Бұл әсіресе ауылдық жерлерге қатысты. Шағын және орта бизнес өсімнің қозғаушы күшіне және оны дамыту ісі әкімдер мен министрлердің негізгі міндетіне айналмады»,- деген еді. Елбасының осы пікірін растаған Экономист Мақсат халық жаңа үкімет тағы жаңа бағдарлама әзірлемей,  дайын бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстартарын тиянақты жалғастыру керектігін білдірді.

B5hh1oUE.jpg

Мақсат Халық: Ең маңыздысы ендігі келген Үкімет тағы бір жаңадан стратегиялар шығармаса болғаны

Елбасы осы жолы үкіметтің жаңа құрамын бекіткенде  салмақты, ел арасына танылған, өте сыйлы азаматтарды министрліктерге  тағайындаған. Ең бір көзге түскен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін атап өткім келеді. Бердібек Сапарбаев мырзаны көптеген азаматтар қатты сыйлайды. Сол кісі сияқты жұмыс істеген әкімдер санаулы ғана. Ол кісінің минисрлікке келу мақсаты осы әлеуметтік мәселелерді шешу. Өйткені, соңғы кездегі жағдайлар, әкімдердің халықпен кездесуіне халықтың наразылық көрсетіп жатуы - халықтың төлем қабылетінің түсіп кеткенін, несиемен күн көріп, тұрмыс-тіршілігінің қиын жағдайға тап болғанының көрнісі екені айдан анық. Енді бұл мәселелерді шешу керек. Бұл кезде дұрыс қаржылық саясат жүргізілуі керек. Ақша несие, бюжеттік саясат болсын бірінші кезекте халықтың әлеументтік жағдайына қарап жасалуы керек екенін атап өткім келеді. Ал енді не істеу керек дегенде, бірінші кезекте көлеңкелі экономиканың үлесін азайту керек. Сол үшін де Қаржы минситрін Премьер-минсирдің бірінші орынбасарына дейін көтеріп отырса керек.  Осы саладағы негізгі көлегейлі сектордағы қаржының ашық болуына, оның жарыққа шығуына септігін тигізу ең маңызды күн тәртібіндегі тұрған мәселлердің бірі. Біз көңкелі экономикадағы қаражатты жарыққа шығармай, экономикамызды алдыға қарай дамыта алмаймыз. Әлеуметтік мәселелрді шешу үшін басқа жақтан қаражат тарту да қиын болып тұр. Сондықтан бұл ең бірінші жасалатын қадам. Одан кейінгі Елбасының қатты талап етіп отырғаны бюджеттен бөлінген қаржының дінтеген жеріне жету мәселесі. Бұл да дұрыс жолға қойылады деп есептеймін. Алдыңғы үкіметтегі ең бір жақсы басталған ісі экономиканы ақпараттандыру мәселесін көтерілді. Ақпараттандыру арқылы сандық технолгияға өту ақша айналмы процесінің ашық болуына, діттеген жеріне толық жетуіне септігін тигізеді. Сондықтан да бұл сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикамен күресудің жалғасы болады деп есептеймін. Екінші мәселе, бұдан кейін бюджетте үлкен қаржы пайда болады. Оны дұрыстап бөлу мәселесі алға қойылады. Ол халықтың әлеуметтік мәселелерін, көп балалалы аналардың, әлеументтік аз қамтылған отбасылардың мәселелрін шешу - күн тәртібінде тұратын мәселелердің бір болмақ деп ойлаймын.

Одан кейін экономиканы дамыту үшін шағын және орта бизнестің орны ерекше. Әрине, инфляциялық таргеттеу саясаты белгілі дәрежеде инфляцияны түсіріп жатса, шағын-орта бизнес өкілдері үшін тиімсіз болуы мүмкін. Өйткені олар әрқашанда тауарын қымбат бағада сатып, табысты мол табуға тырысады. Сондықтан да болса керек, Ақышевты кәсіпкер азаматтар «өзіміздің тауарларымызды сата алмай отырмыз, ұлттық банк жағынан белгілеі шектеулер бар» деп сынаған. Менің ойымша, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін мемлкет тарапынан белгілі дәрежеде қаражат бөлініп жатыр. Сол қаржаттың айналыса алатын, іскер азаматтарға берілуі қамтамасыз етілуі керек деп ойлаймын. әсіресе, өңірлерде, аймақтарда мемлекеттен бөлінген субсидияны алу былай тұрсын, жеңілдетілген несие алудың өзі қиын. Және ол жерде алаяқтар араласып кетіп, мемлекет пен халықтың қаржысын талан-талажыға салып жатқан жағдайлар өте көп. Сондықтан да бұл жерде баса назар аударатын мәселлер көп. Өңірлерде экономикалық – әлеуметтік жағдай өте нашар. Бұл мәселені де Елбасы көтеріп отыр, алдағы уақтта үкіметтің алдына қойылады деп есептеймін. Осы қадамдар бір-бірте жүзеге асатын болса, экономикада ілгерлеушілік болады. Ең маңыздысы ендігі келген үкімет «осы стратагиялар жарамсыз, іске жарамайды» деп тағы бір жаңадан стратегиялар шығармаса болғаны. Осы стратегиялар жақсы, 2025 жылға арналған нақты міндеттер бар. Бізге сол міндеттерді атқару бойынша нақты іс көрсететін үкімет керек.

144196498241xch.jpg

Бердікбек Сапарбаев мырзаның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келгеніннен  шетелден келген қандастар да үлкен үміт күтеді. Қазірге дейін бір қайнауы жетпей келе жатқан  «Халықтың көші-қоны» туралы заң осы министрлік тарапынан әзірленіп, толықтырылады. Қазіргі кезде неше мыңдаған қандастар оралман куәлігінің өтіп кетуіне байланысты ҚР азаматтығын алалмай жүр. Енді осы қандастардың мәселесінің шешілуі тікелей Бердібек Машбекұлының қолында. Іскер әкім ретінде танылған Бердібек Машбекұлы қандастарының алғысына тағы бір бөленер күні алыс болмаса екен деп тілейміз. Бердібек Машбекұлы осы министрлікте отырған кезінде "Нұрлы көш" бағдарламасын жолға қойып, қазақ көшіне үлкен қолдау танытқан еді. Кейінгі министрлер кезінде "Нұрлы көш" жобасы мүлде тоқтап қалды. Енді министр өзі бастаған "Нұрлы көшті" қайта жалғастырар деген үміт те жоқ емес. 

63357517a22d4e55.jpg

ҚР Білім және ғылым министрі сияқты ҚР Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров та ұзақ жыл ауыл шараушылығы саласында қызмет атқарған маман. Азық-түлік келісімшарт корпорациясынан ҚР Ауыл шаруашылық вице-минситрі лауазымына дейін қызмет атқарыпты. Парламетте де ауыл шараушылғына қатысты секторды басқарған екен. Еліміз бен халықтың әл-ауқатын көтеурде ең маңызды саланың бірі осы ауыл шаруашылығы. Мемлекет басшымыздың да ең бір назарға алып отырған саласы. Экономистер мен сарашылар да Қазақстанның әлемдік нарықта таза ауыл шаруашылық өнімдеріміз арқылы агралы ел ретінде өз орынымызды табуымыз керектігін айтады. Сондақтан Сапархан Кеңесбайұлынның арқалар жауапкершілігі аз емес.

2018040419563548247_20170709205814985_big.jpg

Биылғы жылды Жастар жылы деп белгілеген еді. Жастар жылына жастарды қолдау шараларарын, жастарды жұмыспен қамту мәселелерін осының алдында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев көтеріп, жастар арасындағы  жұмыссыздықты азайтатыны туралы айтып еді. Үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанда ҚР Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылып, бұл министрліктің тізігінін Дәурен Абаев мырзға қолға алды. Дархан Аманұлының азаматтық қоғам мен жастар саясатына, қандастар мәселесіне алға қойған жоспарларының алдағы уақытта, Дәурен Абаев мырза жағынан да жалғасын табады деген ойдамыз.

d2e3301a158c41398e4570dcc3654feb.jpg

Бұрынғы министрлер мен орын басқан орынбасарлардан құралған үкіметтің жаңа құрамы Президент айтқандай халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, экономиканы ынталандыру мен стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жөнінде нақты шаралар әзірлеп, елдегі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешіп, ел мен Елбасының үмітін ақтай ала ма деген сұраққа қал-қадырынше жауап іздеп көрдік. Қалғанын уақыт еншісіне қалдырайық. Бастысы жаңа Үкімет бүгіннен бастап қызметіне кірісе бастады. Минсирлердің алды жоспарларымен бөлісті. Экономистер мен сарапшылар да өз болжамдарын жасады. Тағы бір жаңа реформа жасамай, бар бағдарламаларды нақты жүзеге асыруы керектігі туралы айтты. Біз де жақсылықтан үміт күтіп үйренгенбіз. Реформаның емес, істің үкіметі болса деп тілейміз.

RZhiXCR5AV8.jpg

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН

 Jebeu.kz

 

 

 

 

 

 


Пікір жазу
  • Чжан Вэй: Тұрақтылық – адамзаттың ең негізгі құқығы
    Қабдеш Жұмаді­лов. Мен әр қашан шындық іздеп жүретін жазушымын