2019 жылдың 9 мамыр күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жоғарғы билік транзиттік жолмен ауысққаннан кейінгі кезектен тыс президент сайлауын 9 маусымға өткізетінін жариялаған еді. Содан бері елдегі демокаратиялық күштер, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар өз кандидаттарын ұсынды. Қоғамдық бірлестіктер мен партиялалар ұсынған кандидаттардың бірнешеуі тіркеліп үлгерді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік лауазымды Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырып бергеннен кейін осы жолғы сайлауға «Нұр Отан» партиясы кімді ұсынады деген сұрақ көптің назарында болды. Көптеген сарапшылар, саясаттанушылар қазіргі президентті ұсынады деген пікірлерін айтты. Айтса айтқандай, 23 сәуірде өткен «Нұр Отан» партиясының ХІХ сьезінде билік партиясы Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын ұсынды. 3 мамыр күні Тоқаев президенттке кандидат ретінде тіркелді және республикалық қоғамдық штабы құрылды.
Енді жақында кандидаттардың сайлау алды үгіт-нәсихат жұмыстары басталады. Қазақстан халқы өз таңдауын жасап, 9 маусымда жаңа президентін сайлайды. Бұл сайлауға қоғамда танымал, ұзақ жылдан бері мемлекеттің мүддесін қорғап, ұлттық мәселелерді көтеріп жүрген халық арасында зор белелге ие тұлғалар да қатысып отыр. Сарапшылар «Бұл Қазақстан Республикасы президентінің 6-шы сайлауы әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуынсыз өтеді. Осы тұрғыдан келсек отандық және шетелдік сарапшыларды алдағы сайлаудың өту барысы қызықтырып отыр» деген пікірлерін білдіруде. Шынында сайлау сарапшыларды ғана емес тұтас қазақ халқын қызықтырып отыр деуімізге болады.
Әрине, бұл кез өте жауапты сәттің бірі. Мұндай жағдайда елдің іші-сыртқындағы түрлі күштер де өз ықпалын жасап қалғысы да келеді. Сондықтан халықтың сабырлы да салмақты мінез танытып, өз таңдауын жасайтын, елдегі тыныштық пен орнықтылықты сақтауда елдің берекесін көрсетер жауапкершілігі зор кезең. Мұндайда әр азаматтың пікірі мен ұстанымы маңызды рол атқарары анық. Сол арқылы халқымыз демокартия талаптарына сай әділ де ашық бәсеке арқылы ел президентін таңдайды. Президентікке кандидат ретінде тіркелген әр үміткердің саясаттағы өз жолы, өз ұстанымы, өз орны бар. Соған сай халық та өз таңдауын жасайды.
Қазақстанның 28 жылдағы ең үлкен жетістіктерінің бірі алмағайып заманда елден ажырап қалған қазақтарды қара шаңыраққа шақырғаны. Осы уақыт аралғында елге 1 миллионнан астам қандасымыз оралып, ҚР азаматтығын алды. Елге оралған 1 миллион қазақ осында өсіп-өніп, қазақтың жан санын бір жарым миллионда екі миллионға арттырғаны белгілі. Оның 500 мыңын 18 жасқа толмағандар дегеннің өзінде бір миллион мен бір жарым миллион арасында сайлаушы қосылды деуге болады. Міне бұл шетте туып, ҚР азаматы болған, елге келіп өсіп-өнген қандастар сайлауда дауыс бергенде Қазақстанның бүгінгі жағдайы мен болашағы үшін ғана емес, шеттегі әлі елге келіп үлгермеген қазақтар үшін де шешім жасары анық. Өйткені, бұл сайлау шетелдегі олардың туыстарын да қызықтырып отыр, оларды да елдегі маңызды шешімдер ойландырады. Өйткені олардың бір аяғы осында. Олар өз ішінде Қазақстанның билік басына кім келетінін талқылайды, осындағы туыс туғандарына сәлемдерін жолдайды. Қазақ елінің болашағын өз болашақтары ретінде қарайды.
Ендеше қандастар көкейінде қашанда осы шешімге сай сұрақтар жүрері анық. «Ертең жаңа перзидент келгенде қазақ көшінің жағдай қалай болады?», «бұған дейін бұл кандидаттың қазақтың жаңа көшінде қандай ізі бар еді?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
Бұл үміт пен сенім арқалаған таңдау барлық кандидатты да айналып өтпес. Әсіресе 20 жылдан бергі ұлттық мәселелерде үнемі үн қатып келе жатқан саясаткер, қоғам қайраткері Әміржан Қосанов сияқты кандидаттардың да өткені мен бүгініне таңдау жасаған ағайындар, бұл сұрақтарына да оңай жауап табар. Ал Тәуелсіз мемлкеттің атқарушы билігінде болып үкіметті басқарған, заң шығаршуы құрлымда төраға болған, дипломатия саласында қызмет атқарған Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын қолдаушы қандастарымыздың да жауабы дайын болар.
Айтар болсақ, Қасым-Жомарт Кемелұлының «Егемен Қазақстан» және «Айқын» гезеттеріне берген сұхбатында «Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан саясаттандыруға болмайды. Шетелдегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да», - деген пікірін Маңғыстау обылысында сапары кезінде тағы қайталауы көптеген қандастардың көңіліне медет беріп, Қасым-Жомарт Кемелұлына үлкен үмітпен қарауына бір себеп болған еді.
Қасым-Жомарт Кемелұлының көші-қон мәселесінде ең елеулі еңбегінің бірі шетелден келетін қандастардың Қазақстанға тегін виза алу мүмкіндігін бергені. Ияғни, 2004 жылдың 4 сәуірінде "Шет елде тұратын ұлты қазақ адамдарға Қазақстанға келу үшін рәсімделетін виза тегін берілсін (консулдық алымдардан босатылсын)" деген қаулыға қол қойғаны еді. Ақын Алмас Ахметбек Тоқаевтың қабылдауында болып, аталмыш қаулыға қол қойдырғаны турасында әлеуметтік желіде жазған болатын. Міне осы қаулыдан кейін қаншама қандастарымызға атамекенге оралудың мүмкіндігі ашылды, әсіресе 2005-2010 жылдар аралығында шетелден оралып, еліміздің жоғарғы оқуы орндарында келіп, білім алып, елде қалып қалған жастар өте көп. Паспорттарын жасатып, өздері тұратын елдердегі Қазақстанның консулдықтарына барып, тегін виза алып елге қарай қолында қомақты қаражаты болмаса да асыққан жас отбасылар қаншама? Бұл кезең қазақ көшінің алтын дәуіріне айналған еді. Қазіргі кезде олар еліміздің түрлі саласында қызмет атқаруда, елге танымал белгілі жас мамандар мен ел экономикасына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге айналды. Оның бәрі алдағы сайлаудағы сайлаушылар.
Үш жылға айналды Қытайдағы қандастар қиындықтарға ұшырауда. Алдағы екі жылдағыдай болмаса да әлі де ызғардың беті толық қайтқан жоқ. Бұдан кейін де ол жақта ұлт мәселесі түбегейлі шешіліп кетбесі анық, тек ондағы қандастардың шығар жолы Қазақстан ғана. Қасым-Жомарт Кемелұлы қандастар мәселесі ушығып тұрған кезде ҚХР саяси кеңесінің мүшесі, ШҰАР саяси кеңесінің төрағасы Нұрлан Әбілмәжінмен парламент аралық кездесу өткізген болатын. Ол кездесуде әрине қандастар мәселесінен айналып өтпейді. Қасым-Жомарт Кемелұлы білікті дипломат болумен бірге өзі қытай тілін де жақсы білетіндіктен Қытайды және Қытайдағы қазақ мәселесін зерттей отырып, Қазақ-Қытай қарым-қатынасы негізінде қандастарымыздың мәселесін шешіп, елге оралуына мүмкіндік жасайды деп болжам жасаушылар да бар.
Қазақ басына түскен алмағайып заманның жастай куәсі болған, қуғын-сүргіннің құрбанына айналған әкенің естелігін көп естіп өскен Қасым-Жомарт Кемелұлы қалай айтсақ та шетелдегі қандастардың жағдайын шынайы сезініп, бір кісідей түсінетін тұлға. «Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз» деп білетін қазіргі президентіміздің ұзақ жылдық ҚР Сыртқы істер министрі болғаны, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғаны сол парызды орындауына кепілдік берердей. Дипломатия саласындағы тәжірибесі мен беделі кез-келген ел мен достық-дипломатиялық қарым-қатынас орната отырып, ел мүддесін, ұлт мүддесін толыққанды қорғай алатына дау туғызбас. Міне осы жақтарын ойлаған қандастарымыздың таңдауы Қасым-Жомарт Тоқаевқа түсер. Анығы 9 маусымдағы сайлаудың қортындысында белгілі болады.
Jebeu.kz