Үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік тілді дамытатынын, ол үрдістің тоқтамайтынын айтып жүр

Уақыты: 2019-06-05 Көрлімі: 4195 Сипаттама

Әлемде 7 миллиард халық өмір сүреді. Осыншама халық бір-бірімен мыңдаған тілдер арқылы...

53824247_1143828592444508_3612333225562603520_n.jpg

Әлемде 7 миллиард халық өмір сүреді. Осыншама халық бір-бірімен мыңдаған тілдер арқылы сөйлеседі. Алайда, "жоғалған ұлттар" секілді "жойылған тілдер" қатары да жыл санап көбейіп барады. Әлемде дәл осы уақытта 6000 тіл мен диалект бар екен. ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Коитиро Мацуура әр екі апта сайын бір тіл жойылатынын, "өлі тілдер" қатары жыл санап артып келе жатқанын айтып дабыл қаққалы да талай жыл болды. Ғалымның болжауынша, алдағы уақытта әлемде тек мыңнан кем тіл қалуы мүмкін. Ал одан арғы уақытта "тірі тілдер" қатары одан да азая түспек. Совет одағы кезінде талай тілдің жойылып, талай ұлттың қырғынға ұшырағаны мәлім. Біздің ана тіліміз де әупірімдеп "аман" қалды. Егер Тәуелсіздік алмағанда қазақ тілінің тағдыры не боларын бір Аллаға аян еді. Бірақ... 30 жылдың ішінде Мемлекеттік тілдің мәртебесіне ие болған қазақ тілінің даму потенциалын толықтай бір жүйеге түсіре алмағанымызды мойындауымыз керек. Қазақ мектептерінің көбеюі, университеттердегі қазақ топтарының санының еселеп артуы, қазақ балабақшаларының жыл санап молаюы... заңды да еді. Дейтұрғанмен, қазақ тілін кешенді дамытудың, ғылым мен білім, технология тіліне айналдырудың бірегей жоспары жоқ! 
Мен Президенттіктен үміткерлер мемлекеттік тілді дамытудың нақты әрі заманауи жоспар-жобасын ұсынғанын қалар едім. Бірақ көбі құрғақ сөзден арыға бара қоймады. Үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік тілді дамытатынын, ол үрдістің тоқтамайтынын айтып жүр. Сайлауалды бағдарламасынан да осы емеуірінді байқадық. Егер Президент болып сайланып жатса, ең алдымен Қазақ Тілінің болашағы үшін нақты жоспар құрғанын қалар едім. Құр сөзден, бітпейтін конференциядан, талқы-жиыннан шаршадық. Әкесі танымал қазақ жазушысы, өзі де полиглот саясаткердің қазақ тіліне жаны ашитынына күмәнім жоқ. Жастарға, оқушыларға қазақ тілін қалай үйрету керек екенін жіті зерттеу ләзім. Ең бастысы, өзінің тілін қор көретін кемсаналық психологиядан арылатын кез жетті. Ол үшін "сананы сауықтыру" жобасы қажет.



Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Назарбаев: Тұрақтылық болмаса, барлық жетістіктерімізден айырыламыз
    ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ: АБАЙ ТОЙЫ - ҰЛТ ҮШІН ҮЛКЕН РУХАНИ ЕСЕП