Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. –Абай
Адам мойнында әуелде адамдық борыш, құлдық борыш, азаматтық борыш болады. Адам дүниеге шыр етіп келгеннен ата-анасы, аға-әкпесі, мүғалімі, достары, айналасы, тележәшік т.б естігені, көргені, сезгені, түйгені бойынша адамдық жолды үйренеді.
Күндер зулап, айлар сырғып, жылдар жылыстап, үркек, қорқақ кезі кетіп, қара танып, батылданып, сезімдік танымнан ақылдық танымға өте бастайды. Ата-анасын, ұстазын, достарын, ұлтын, тілін, ділін силап құрметтейді, ұятты біледі. Адамдық борышын сезінеді. Адам тал бесіктен жер бесікке дейін өз бейімдігі бойынша таусылмайтын міндеттерін өтеуге бастайды. Топшысы жетіліп ұядан ұшып, қоғам атты үлкен теңізде өз ескегін еседі....Кемесінің ескегін жел шайқамауы үшін бірдеңе керек болады, ол құлдық борыш. Адам өзін бір тамшы лат сұйықтықтан ұйыған қанға айналдырып, өкпесін соқтырып, жүрегіне жан салған Жаратушысын танымаса, басқа бір нәрсеге құл болып кетеді. Не пұтқа, не сирға, не ақшаға, не әйелге, не билікке, сұлулыққа, не машинаға т.б.
Ақылы бар адам өзіне және жаратылу барысына бір сәт зер салса Жаратушысын тез таниды. Адам иманның алты шартына (Аллаға, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, тағдырға, ақырет күніне) толық сенгенде мұсылман болады. Қазақтың кемеңгері Абайдың ақылды адамға иман парыз, иманды жанға ғибадат парыз дегені еске түседі. Алла алдында құлдық парыздар өте көп. Соның ішінде 54 парыз ғылымхал кітаптарында айтылады. Ал бес парызбен шектелсек үлкен қателесеміз, алайда бес парыз исламның өзегі, негізгі шарты болмақ. Парыздан бөлек сүннет, нәпіл құлшылықтар жетіп артылады. Алайда күнәмен нәпіл құлшылық қатар келгенде күнәдан тиылу абзал болмақ. Адам өз жұмысын тындырымды істеп, бес намазын оқып, адал жолмен рыздық тапса, одан өткен үлкен құлшылық болмайды. Құлдық борыш Алла мен құл арасындағы өте жіңішке сыр болып, ешкімге мақтан етілмейді. Құлдық ол ешқашан тәркі дүние емес, керісінше елден бұрын тұрып еңбегін ерте бастайды. Білім алады.
Қасиетті Құранда қайта-қайта мадақталатын аз сөзді, көркем мінезді тақуалар түн жарымда сәждеде жатып көздері бал-бұл жанып, көкірек көзі ашылып, көңілі босайды, өзінің өте әлсіз екенін сезінеді. Сондықтан Алла олардың дәрежесін ең биік етті.
АНФАЛ сүресінің 29-aятындa: «Ей, мүміндер! Аллaдaн қорқыңдaр, Оғaн құлшылық жaсaңдaр, тaқуa болыңдaр, сондa Аллa сендерге ерекше қaбілет беріп, жaқсы мен жaмaнды, aқиқaт пен жaлғaнды aйырaтын қүш береді. Күнәлaрыңды кешіреді, сендерді жaрылқaйды. Аллa қaмқоршы, aсқaн жомaрт». (8:29)
ХУЖУРАТ сүресінің 13-aятындa: «Аллa бәрін көріп тұр. Аллa aлдындa ең aрдaқты болғaндaрың бұл дүниеде тaқуa болғaндaрың. Аллa шексіз білгір, бәрінен хaбaрдaр».(49:13)
Анығындa, сендердің рaббылaрың біреу ғaнa. Әкелерің де біреу, сендердің діндерің де біреу, пaйғaмбaрлaрың дa біреу. Арaб ұлты өзге ұлттaрдaн ерекше емес, бaсқaлaр дa Арaбтaрдaн қaдірлі емес. Ақ aдaм қaрa aдaмнaн қaстерлі емес, қaрa aдaмдaр дa қызыл aдaмнaн жaқсы емес. Олaрдың ең қaдірлісі – тaқуaлaрың. [Мұхaммед Мұстaфa (с.ғ.с.)]
Адам әрі тақуа, әрі ғалым, әрі бастық, әрі бай болса қандай керемет. Тақуалықты ұстанған өз ісінің маманы, міне солар ең сыйлы адам болмақ.
Құлдық парыздың шеңберін тарылтай, жақсы тсінген озық ойлы адам толық адам болады. Адамдық борышпен құлдық борыш бірін-бірі толықтырады. Қоғамда адам ретінде айналасына сіңімді болады. Сосын адам азаматтық қарызын өтейді. Жалпы, от басына, туыс-туғанына, отанына, ұлтына, адамзатқа өз шарапатын тигізе бастайды. Алғашы екеуі болмай соңғысы болмайды, болсада ол өзіне қайрсыз болады....Анығын Алла біледі. Жаратушысын танымай, ешкімде кемел адам бола алмайды. Аллаға иек артқанда ғана адам үлкен жетістікке жетеді. Біз адамдық санаға ие болып, құлдық борышымызды сезініп, азамат боламыз. Сонда ғана жақсы әке, адал жар, жақсы маман боламыз. Ойшыл ақын Қадір: «Адам болу борышың, азамат болу өз ісің» - деп жырлағандай шамамыз жетсе азаматтық парызды өтейміз. Қазақ тарихында адамдық, құлдық, азаматтық парыздарын толық орындаған тау тұлғалар жетіп артылады.
Адам дәрежесі туралы Алла Тағала Құранда былай бөледі: Ей, адамдар деп Алла Тағал жалпы адамзатқа ненің жақсы, ненің жаман екенін ескертеді. Ей, ақыл иелері деп ақылы бар адамдарға ойлануға, жан-жағына ақыл көзімен қарауға, аспанға зер салуға кеңес беріп, ойланған адамға көп сабақ бар дейді. Қисадағы хикіметке үңілдіреді, пайдалы нәрсеге ишара жасайды. Ей, иман еткендер деген қаратпа сөз арқылы өткен көп тарих пен келешек жайлардан хабар бере, күнәдан сақтандырады, жаман мінезден арылуға шақырады. Енді Ей, мұсылмандар деп тиымдар мен еске ұстайтын нәрсені айта отырып, ақыреттің егіні осы дүние екенін, тозаңдай жақсылық жасаң өзіңе, тозаңдай жамандық жасаң өзіңе деп еркіңе береді. Тағы бірде Ей, мүміндер деп толық мүміндіктің он шартын атап көрсетеді, оларды қуандрады. Ей, тақуалар деп оларға ешбір жанды сөзбен, іспен, қол-аяқпен зиян тигізбеуді айтып, адамдықтың биік шыңын нұсқайды. Ей, ғалымдар сендер Менен ең қатты қорқасыңдар, сендер жақсы білесіңдер ақ пен қараны деп хикмет сырларды солардың тілімен түсіндіреді, сондықтан да жәй адамдар Құранды толық түсіне алмауының сырыда осында жатса керек. Енді Ей, Алланың достары әулие құлдарым деп ақылға сыймас, ақыл көкжиегінен бик тұрған ғарыштық ілімнен сыр шертеді, Шексіздігін, Ұлылығын Алла Тағала көрсетеді, сондықттан да Құран қияметке дейін сыры толық ашылмайтын тылсым Қасиетті кітап.
Ей, пайғамбарларым деп пайғамбарларға тіл қатады. Оларды әр қауымға жіберді. Құранда аталған дәрежесі ең биік пайғмбарлар Нұх(а.с), Ибраһим(а.с), Муса(а.с), Иса(а.с), Мұхаммед(с.ғ.у)пайғамбарлар туралы бөлек сөз қозғайды. Адам ақылы жетпес үлкен хикмет сырлар айтылады. Пайғамбарлар Нәби және Расул деп бөлінеді. Расулға кітап не парақтар түскен. Нәбилер сол кітап не парақтар негізінде қауымдарын жамандықтан қайтарады.
Ал Құран пайғамбарымызға берілген ең үлкен мұғжиза «Мұхаммед (с.ғ.у) Біз сені бүкіл әлемге рахым етіп жібердік» (21 Әнбия-107)
«Сені жалпы адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп қана жібердік. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (34 Сәбә-28) Мұхаммед (с.ғ.у) адамзатпен жындарға пайғамбар етіп жіберілген. Кімнің Аллаға ең жақын екені осы жерден анық көрінеді.
Жартушыға ең жақын, он сегіз мың ғаламның мырзасы, екі дүние сардары, көзіміздің нұры, басымыздың тәжі, екі дүние сұлтаны, адамзаттың ең асылы Мұхаммед (с.ғ.у). Барлық нәрсенің анығын тек Алла білуші.
Jebeu.kz