Ғалымжан Мелдешов: Әліпби жеке адамның авторлығымен құрастырылмайды

Уақыты: 2020-01-31 Көрлімі: 984 Сипаттама

Бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты коми...

CAEFADFA-F511-45A4-BAB9-35B48CE681E8.jpeg

Бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов өз баяндамасында қазақ тілінің латын графикасына кезең-кезеңімен көшу барысы туралы айтты.


«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әліпбиді жетілдіру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында Министрлік жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы орайда қазір әлеуметтік желіде «министрлік келіп түскен 8 нұсқаның ішінен бірін таңдап алады екен» деген ақпарттың жалған екенін айта кетсем деймін. Шындығында біз келіп түскен 40-тан астам нұсқаны жан-жақты қарап, әр қайсысының ғылыми сараптамасын жасап, талқығы салып, мүмкіндігінше жауап бердік. ҚР Үкімет жанындағы Ұлттық комиссияға қарасты 4 жұмыс тобы бар. Әр топта белді деген ғалымдармен келісе отырып, ортақ нұсқаны әзірлеп ұсындық. Қазір оны халықаралық Unicode стандартына сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы 2019 жылдың ақпан айынан бастап желтоқсанның соңына дейін ғалымдар мен мамандар әліпби, оның емле ережелері мәселелерін талқылауға арналған 11 отырыс өткізілді. Осындай талқылаулар барысында әліпбидегі кейбір дыбыстардың таңбалануында жазылым мен оқылымда қолайсыздық тудыратын таңбалар бар екендігі анықталды. Қорыта келе, әліпби жеке адамның авторлығымен құрастырылмайды. Оны сала мамандары, филолог-ғалымдарымыз түзеп, ортақ шешімге келіп, ұсынатын болады», - деді ол. 

Дереккөз: Kitap-palatasy.kz

Пікір жазу
  • Кваме Ямгнане: Қазақстанда жоғарғы технологиялар мектебі ашылады
    2019-nCoV Коронавирустың ЖИТС-ке (AIDS) қаншалықты ұқсастығы бар, әлде SARS-тың мутанті ма?

    Ұқсас тақырыптар