31 қаңтар күні biorxiv.org сайтында 2019-nCoV вирусынының HIV-1 gp120 немесе HIV-1 Gag вирустары кейбір амин қышқылы қалдықтарының ұқсастығын анықтағанын. Және авторлар өздері анықтаған гликопротеидтерден (S) 4 байланысының 2019-nCoV-дан басқа коронавирустарда жоқ екендігін дәлелдегісі келген. Дегенмен мақалаға сараптама жасаған көптеген ғалымдар бұндай амин қышқылы қалдықтарының тек ЖИТС вирусында ғана емес барлық тірі ағызалардың геномдарында кездесетіндгін, бұл мақалада ешқандай, ғылыми негіз жоқтығын және ЖИТС пен коронавирустардың эволюциялық даму кезеңінде ұқсастықтар болуы мүмкін деген пікір алға тартады. Коронавирус тарағалы оның шығуы және таралуы туралы тарап жатқан ақпараттардан қазірше төмендегідей қорытынды шығаруға болады.
Елімізде де бұл вирус пен оның таралу жолдары туралы әңгіме көбейіп кетті. Халық көп ақпараттың қайсысына сенерін білмей жатыр, әсіресе, жұққан адамдар саны, коронавирустың пайда болу себебі т.б.
Сондықтан алдымен вирус деген не дегенге жауап бере кетейік. Вирустар қарапайым тілмен айтқанда тірі ағызалардың көптен қасиетінен тыс (тірі ағызаларда жасушалық құрылым, сыртқы ортамен зат және энергия алмаусы, тітіркендіргіштік және жауап қайтару т.б. қасиеттер болады).
Вирустар – жасушасыз құрылым. Көбі қарапайым РНҚ немесе ДНҚ (тұқым қуалайтын зат) және ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан тұрады. Ал күрделі құрылымды вирустарда май тәрізді заттар, көмірсулар, кейбір химиялық бейорганикалық молекулалар болады. Вирустардың басты қасиеті – олар тірі организмдер жасушасында өсіп, өнуге бейімделген. Яғни, жасушаға вирус кірген соң сол жасушаның барлық қызметін бұза отырып, қоректеніп, көбейеді. Соңында жасуша өледі. Солайша жалғасты келесі жасушаларға таралып отырады. Екінші бір қасиеті өте ұзақ уақыт ешқандай қоректік ортасыз тыныш жата береді. Қолайлы жағдай туған кезде бірден белсенді күйге еніп, жанданады да, тарала бастайды.
Вирустардың жер бетінде пайда болуын ғылымдар қазірше екі жолымен түсіндіреді. Біріншіден, олар жер бетінде қарапайым организмдерден бұрын пайда болған. Тек тұқым қауалайтын затпен нәруыздан құралған қарапайым құрылым. Бұл көзқарасқа кейбір ғалымдар келіспейді, оған вирсутар паразитті тіршілік ететіндіктен, алдымен паразит иесі болуы керек дей отырып, вирсутар негізнде паразитты организмдер болған, эволюциялық даму барысында өздеріне керексіз құрылымдарын, мысалға, органеллаларын (митохондрия, рибосома, эндоплазмалық тор, т.б.) жойып отырған. Сонымен бүгінгідей қарапайым құрылысқа ие болған деген екінші теорияны ұсынады.
Вирустардың жер бетінде пайда болуы туралы кең таралмаған үшінші теория бар. Ол – Панспермиялық теория, яғни бұл тіршілік иесі ғарыштан метеориттармен бірге келуі. Не десекте қазірге ғаламшарда вирустардың 800-ден астам түрі белгілі.
Енді, Коронавирус дегеніміз не?
Ғалымдар коронавирус б.з.д. 10000 жыл бұрын немесе одан ерте пайда болған болуы мүмкін деп жорамалдайды. Және осы вирусты 4 туысқа жіктейді. Бұлардың жер бетінде ең кең тараған кезін шамамен б.э.д 3300 жылдан б.э.д. 2400 жыл аралығы болуы мүмкін деген пікірде.
Барлық Коронавирустың эволюциясы мен таралуы жылы қанды құстар, жарғатанаттар, бактериялардың денесінде жүріп отырған. 1890 жылы OC43 деп аталатын ірі қара малдың коронавирусы анықталды. Ал 1950 жылдары анықталған адамзаттың NL63 коронавирусы және жарғанаттың MRCA коронавируснан 563–822 жыл бұрын бөлінген. 2003 жылы жаппай таралған SARS коронавирусы 1986 жылы жарғанаттың коронавирусынан бөлініп шыққан. SARS вирусының эволюциялық жолы жарғанатпен тікелей байланыста болған. Ол жарғанаттың Hipposideridae тұқымдасынан басталып, бірнше тұқымдасына одан жыртқыш сүтқоректілерге таралу арқылы соңында адамдарға таралған.
Коронавирустардың көпшілігі басқа вирустар сияқты - түшкіру, жөтелу, жұқтырған адамдармен байланыста болу немесе олар тұтынған күнделікті заттарға қол тигізу арқылы тарайды.
Қазір таралып жатқан 2019-nCoV вирусы MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы, 2012 жылы Сауд Арабиядан таралған) және SARS (Ауыр жедел респираторлық синдром, 2003 жылы Қытайдан бастап таралған) сияқты жақын түрлеріне (классификация бойынша барлығы Betacoronavirus туысына жатады) қарағанда өте төзімді штам болып отыр.
Вирус адамзат қоғамында тұрақты түрде таралатын болса оны эндемиялық дейді. Мысалы тауықтың жұқпалы ауруы мен адамзатта тұмау тудыратын вирустар көптеген елдерде кең таралған, бірақ бұл ауруларды вакцинациялау және ауру кезінде адамдарды үйде оқшау ұстау арқылы бақылауға болады.
Қазіргі туындап отырған тағы бір мәселе коронавирустың эндемикалық түрге айналып кету қаупі. Ондай жағдайда, тұмау сияқты, бұл вирустың таралуы кезінде вакцина жасалғанға дейін орасан өлімге алып келуі мүмкін. Себебі, бұл вирусты жұқтырған адамдарда басқа вирус жұққанда байқалатын айырмашылығы бар ешқандай белгілер байқалмай отырғандығы. Сол үшін жұқтырған науқасты дер кезінде анықтау қиын әрі вирустың қаншалықты жұқпалы екендігі қазірге белгісіз. Гонконг университетінің (University of Hong Kong) профессоры Маккей «Біз, бәлкім, бізбен ұзақ уақыт бірге болатын вирусқа тап болып отырмыз» - дейді.
Вирустың өзгеруі мүмкін бе?
Кейбір зерттеушілер Қытайда коронавирус таралған сайын патоген мутацияға ұшырап, ол кең тарала түседі немесе жастарда жұғымдалып, өлуі мүмкін деп алаңдайды. Қазіргі уақытта вирус негізінен қарт адамдарда, әсіресе диабет және жүрек аурулары бар науқастардың өліміне себеп болған. Өлгендердің арасында ең жасы 36 жастағы Ухань қаласының тұрғыны, бұл ер адамның бұрынғы денсаулық жағдайы белгісіз болған.
Дегенмен, Калифорниядағы Ла-Холья (La Jolla, California) қаласындағы Scripps Research компаниясының жұқпалы ауруларды зерттеуші Кристиан Андерсен вирустар үнемі өмір сүру циклінің бір бөлігі ретінде өзгеріп отырады, бірақ бұл мутациялар вирустың қоздырғышын тудырмайды немесе одан да ауыр ауру туғызбайды, яғни патогеннен алаңдауға негіз жоқ дейді. Вирус бір жануардан екінші түрге өтіп, жаңа коронавирус адамдарды жұқтыра бастаған жағдайда, жаңа тіршілік иесі өмір сүруін жақсарту үшін бейімделуден өтуі мүмкін, бірақ бұл сирек кездесетін жағдай. Көптеген мутациялар вирусқа зиянды немесе әсер етпейді дейді ол.
Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер жаңа коронавирустың штамдарынан генетикалық өзгерістерді бақылау үшін ондаған генетикалық тізбекті бөлді. «Вирустар басты қасиетін өзгертпейінше, мінез-құлықын (таралу жолын, тіршілік циклін) өзгертпейді, сондықтан біз үнемі немесе жүйелі түрде вирустың өзгеруін зерттеп отырумыз керек» дейді Маккей.
Жаңа вирус қанша адамды өлтіреді?
Вирустың өлім-жітім деңгейі туралы, яғни өлген адамдармен жұқтырған адамдар санын есептеу қиын, себебі санақтар жаңартылып отырады. Қазірге дейінгі 10 000-ға жуық жұқпаның 213-і қайтыс болса, жаңа коронавирустың өлім жилігі 2-3% құрайды. Бұл SARS-тан едәуір төмен, ол оны жұқтырған адамдардың шамамен 10% өлген. Жаңа коронавирустың өлім-жітімі мөлшері ол туралы нақты ғылыми зерттеулерден кейін тіпті де төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Ұлыбританияның Лидс университетінің вирусологы Марк Харрис.
Қазіргі уақытта вирусқа қарсы тиімді дәрілер жоқ. ЖИТС-тің екі препараты коронавирустардың көбеюіне көмектесетін ақуызды тежейтіндгіні анықталды. Сонымен бірге, ғалымдар осы бағытта басқа да дәрі-дәрмектерді анықтады және бірнеше халықаралық зерттеу ұйымдары вакцина жасау үстінде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс денсаулыққа жаһандық төтенше жағдай жариялаған кезде оның басты алаңдаушылығы денсаулық сақтау жүйесі әлсіз елдерге де вирустың таралуы мүмкіндігі болған.
Қытай секілді денсаулық сақтау жүйесі дамыған саналытын елді сарсаңға салған ауру, денсаулық сақтау жүйесі нашар елдерге таралса өлім-жітім саны артып, бірте-бірте эндемикалық түрге айналып кетуі мүмкін. Кей ғалымдар бұл аурудың өлім-жітім деңгейі SARS-тан төмен болғанымен 1918 жылы таралған испан тұмауы деп аталатын ауруға қарағанда жоғары деп бағалап отыр. Ол кезде жарты миллиардқа жуық адам жұқтырып 25%-дан астамы, яғни 100 миллионнан көп адам өлген болатын. Дегенмен, Сидней университетінің маманы Камрадт-Скотт, Қытай коронавирусы мұндай апокалиптикалық сценарийді бастай алмайды, өйткені оны әдетте жас, дені сау адамдар жұқтырмайды немесе олардың өлгені туралы ақпарат жоқ дейді.
Қорытындалай келгенде, biorxiv.org сайты жариялап отырған 2019-nCoV Коронавирустың ЖИТС-ке тек амин қышқылы қалдықтарындағы белгісіз ұқсастықтарға қатысты болып отыр. Және басқа ғалымдар ЖИТС емдеуге арналған екі препараттың коронавирустың көбеюіне көмектесетін ақуызды тежейтіндгі дәлелдеген. Дегенмен, бұл таралып жатқан вирус ЖИТС-ке ұқсас деген сөз емес. Керісінше, осы вирустың генетикалық тізбегін және басқа вирустық штамдарды салыстыру бұл вирустың SARS-CoV (79.5%) және коронавирустарға (96%) ұқсастықтарын көрсеткен. Бұл зерттеушілерді вирустың түпкі шығу тегі туралы жарғанаттардан деген теорияны ұсынуға негіз болған.
Жоғарыда келтірілгендей, SARS-CoV кезінде жарғанат түрлерінен сұтқоректі жабайы аңдарға сосын адамға жұққан деген көзқарас бар. Бұлай болған жағдайда қазіргі ауру ошағы саналатын Ухандағы теңіз өнімдері және жануарлар базарынан таралу мүмкін (кейбір ақпараттар ең алғаш 2019 жылы қараша айында белгілі болғандығын жазған).
Біз не істеуміз керек?
Осыған дейінгі үкіметтің шекара бекеттерінде, әуежайларда эпидемиялық бақылау орнатуы, 72 сағаттық транзиттық мерзімді күшінен қалдыруы, арнайы зертхана ұйымдастыруы, Қытайға рейстерді тоқтату шаралары әлбетте өте дұрыс қадам болды.
Бізге бәрінен бұрын ғылым көмектеседі. Соңғы жылдардағы вирустық аурулар биологиялық қарудың адамзаттың ендігі қаруы екендігін көрсетті.
Екіншіден, халық табиғи таза өнімдері тұтынуы тиіс, сырттан келетін ГМА (ГМО) өнімдеріне үкімет шектеу қою керек.
Үшіншіден, вирустар көбінесе жануарларда болады. Бізде ауыл шаруашылық саласында санитарлық жұмыстарды күшейтуіміз қажет.
Төртіншіден, тазалық денсаулықтың кепілі, ата салтымызда да, дінімізде де арам тағамдарға, жыртқыш жануарлар етін жеуге тыйым салынған. Былайша айтқанда ата-баларымыз тұтынған адал асты тұтынғанымыз және жеке гигиенамызға баса мән бергеніміз жөн.
Бесіншіден, қоғамдық ортада сақтық шараларын жасау. Әрі дұрыс және ашық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Әлібек Ыдырысұлы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биомедицина ғылыми зерттеу орталығы директоры, Президенттік жастар кадр резерві мүшесі.
Пайдаланылған дереккөз:
1. Fox, Dan (2020). "What you need to know about the Wuhan coronavirus". Nature. doi:10.1038/d41586-020-00209-y
2. Zhang, Y.-Z.; et al. "Wuhan seafood market pneumonia virus isolate Wuhan-Hu-1, complete genome".
3. GenBank. Bethesda, Maryland, United States: National Institutes of Health. Archived from the original on 21 January 2020.
4. World Health Organization (2020). Surveillance case definitions for human infection with novel coronavirus (nCoV): interim guidance v1, January 2020 (Report). World Health Organization. hdl:10665/330376. WHO/2019-nCoV/Surveillance/v2020.1.
5. Novel coronavirus (2019-nCoV), Wuhan, China". United States: Centers for Disease Control and Prevention (CDC). 10 January 2020.
6. Read, J. M., Bridgen, J. R. E., Cummings, D. A. T., Ho, A. & Jewell, C. P. Preprint at medRxiv https://doi.org/10.1101/2020.01.23.20018549 (2020).
7. Prashant Pradhan, Ashutosh, Kumar Pandey, Akhilesh Mishra, Tripathi, Uncanny similarity of unique inserts in the 2019-nCoV spike protein to HIV-1 gp120 and Gag doi: https://doi.org/10.1101/2020.01.30.927871
8. Zhou, Peng; Yang, Xing-Lou; Wang, Xian-Guang; Hu, Ben; Zhang, Lei; Zhang, Wei; Si, Hao-Rui (23 January 2020). "Discovery of a novel coronavirus associated with the recent pneumonia outbreak in humans and its potential bat origin". bioRxiv. doi:10.1101/2020.01.22.914952 – via www.biorxiv.org.
9. Jump up to:a b Sample CoVZC45 and CoVZXC21, see there for an interactive visualisationArchived 20 January 2020 at the Wayback Machine
10. Jump up to:a b Benvenuto, Domenico; Giovannetti, Marta; Ciccozzi, Alessandra; Spoto, Silvia; Angeletti, Silvia; Ciccozzi, Massimo (2020). "The 2019 new Coronavirus epidemic: evidence for virus evolution". bioRxiv: 2020.01.24.915157. doi:10.1101/2020.01.24.915157
11. "How does coronavirus spread?". NBC News. Archived from the original on 28 January 2020. Retrieved 29 January 2020.
12. "Transmission of Novel Coronavirus (2019-nCoV) | CDC". www.cdc.gov. 27 January 2020. Archived from the original on 28 January 2020.
13.Dyani Lewis 31 JANUARY 2020Coronavirus outbreak: what’s next? doi: 10.1038/d41586-020-00236-9
Jebeu.kz