29 ақпан Кореяда 909 кісінің коронавирус жұқтырғандығы анықталған-ды. Ал осыдан кейін бір аптаға жетпей жұқырушылардың саны бір есеге, онан кейінгі 4 күнде тағы бір есеге, бесінші күн осының жартысына азайған. Бұл ел осындай нәтижеге, Қытай сияқты адамдардың еркіндігін мүлде шектемей-ақ, Еуропа елдері сияқты экономикасына ауыр зардап келтірмей-ақ жетіп отыр. Әр елдің билігі мен мамандары да Кореяның тәжрибесіне елеңдеулі. Бажайласақ, Кореяның тәжрибесі қарапайым әм қолдануға қонарлық болып шықты.
Оның әуелгісі, індет ушықпай тұрып іске кіріскен. Қаңтардың ақыры алғашқы жұқтырушы байқала сала-ақ, келесі аптада үкімет шенеуніктері медфирмалардың өкілдерін жинап алады да, вирусты анықтайтын тестілеу топтамасы құралдарын молдап шығаруға тапсырыс берумен бірге, рухсатнамаларын жедел рәсімеп береді. Нәтижесінде күніне он мыңдаған топтама шығарыла бастайды. Қазір аталмыш топтамадан күніне100 мыңы өндіріледі, оны десең 17 мемлекетпен оны экспорттау жайында келісім жүріп жатыр. Коронавирус 5 күн мөлшерінде білінбей жүреді, онан ары қарай аздаған тұмаудың белгілерімен біліне бастайды, осылайша бір-екі апта өтіп кетуі мүмкін. Демек, науқас білінген кісілер бірнешеу болғанымен, оның артында белгісі байқалмаған жүздеген адам болуы, ал олардың артында мыңдаған ықтимал жұқтырушы тұруы мүмкін. “Індеттің осындай қасиеті дәстүрлі тыйым салу, ауашалау әдістерін жарақсыз етеді” дейді Корея медмин-нің вице-министрі Kim Gang-lip.
Екіншісі, неғұроым ертерек, жиі және қауыпсіз тестілеу өткізу. Бүгінде Кореяның тестілеуден өткен адам саны 300 мыңға жетіп, әлемнің әрқандай елінен көп болып отыр. Кісі басындық мөлшері АҚШ-ты 40 орайды. “Тестілеу аса-аса маңызды, ол вирусты неғұрлым ерте табуға, оның таралуын мейілінше азайтуға, жұқтырғандарды жедел емдеуге мүмкіндік береді.”--дейді Кореяның CIM минстрі Kang Kyung-wha BBC-ге берген сұхбатында--“біздегі кісі шығынының төмен болуының тетігі де осында.” Емханалар мен больницалардың жүктемелігін жеңілдету үшін елде 600 тестілеу орталығы ашылған, олар жұқтырушыларды жылдам анықтауға көмектесуде. Көшелерге көліктен түспей тестілеуден өтуге болады. Тoқтаусыз келіп тұратын көпшілік хабарламалар тұрғындарды өздерінде болмаса таныстарында күдікті жағдай жүз бергенде тез хабарлауын ескертіп тұрады. Мекеме ғимараттары, қонақүйлер мен ірі ғимараттарда қызуы көтерілген адамды анықтап беретін камера орнатылған.
Үшінші, күдіктіге еру, оқшаулау, бақылау механизмі. Тест нәтижесі оң белгі(positive) көрсеткенде, медқызметкерлері олардың әрекеттерін бақылауға алады, оның араласқан адамдарын бақылайды, тестілейді, тіпті оқшаулайды. Бұл медқызметкерлердің вирустың таралу торының жағдайын уақытылы меңгеруіне мүмкіндік береді. Корея мұрнағы MERS мезгілінде күдіктілерді еріп тексерудің құралдары мен әдістеріне ие болған болатын. Медқыметкерлер камера, тұтыну картасы, тіпті смартфон мен машинаның GPS мәліметтері арқылы да күдіктілердің жүріс-тұрысын бақылап отырады. Алайда, мұндай тәсіл осы жолы үлгермей қалды да, зор көлемде топтық хабарлама жіберу әдісіне жүгінілуде. Егер біреу вирус жұқтырса, сіздің телефоныңыз дызылдап ескерту белгісін береді. Смартфоныңызға сағат сайын немесе одан да жиі хабарламалар күдіктінің мінген көлігін, онан түскен уақыты мен мекенін, тіпті оның беттұмша таққан-тақпағанына дейін жеткізіп тұрады. Ал осыған байланысты зардаптанды деп күдіктелуші дереу тестілеу орталығына шақырылады. Оқшаулауға жіберілген адамның телефонына да қолданылмалы қосымшалар кіргізіліп беріледі, ол оқшаулау шартын бұзған кезде, аталған қосымша тиісті тектеу органдарына белгі береді де 2500$-лық айыппұл төлеуге пәрмен келеді. Жұқтырушыны ерте байқау мен емдеу, жеңілдерін арнайы емдеу орталықтарында ұстау больницаларды тұтастай ауыр науқастарға босатып беруге мұрсат береді. Сонысымен де, осы елдің вирустан өлім-жітімі 1%-пен әлемнің ең төмен көрсеикішін ұстап тұр.
Төртінші, бұқараның қолдауы. Медқызметкерлері мен анықтау тапаншаларымен бәріне төтеу мүмкін де емес еді. Сондықтан да әрқайсы тұрғынның қатысуы маңызды рөл ойнауда. Ел билігінің қорытқаны сол, халықтың түсінушілігі мен қолдауы бәрінен маңызды. Теле-радио, метро жарнамалары, смартфондардың түгелдей адамдарды беттұмша тағуға, аралық сақтауға үндеп, сол күнгі жұқтыру ақуалын мәлімдеп тұруы халықты бір соғыс жағдайындағыдай топтасуға шақырып, ортақ борыштарлыққа жинайды екен.
Көргендеріңіздей, Корея тәжрибесі күрделі де, қымбат та емес екен. Демек, оны көшіріп қолдану технологиялық немесе қаржылық тұсынан тым қолжетімді болатын түрі бар. Тек мына үш жағдай ескерілсе. Оның біріншісі - саяси ерік. Қаншама елдің үкіметтері вирус дағдарысты жағдайға жеткенше, қатаң тәртіп кіргізу керек пе, жоқ мәселесінде абыржып қалды. Екіншісі - бұқаралық сенім. Корея бұл жағынан бай мен кедей болып жіктелген және популизмнің батпағына бата бастаған мемлекеттерден оқ бойы озық тұрды. Үшіншісі - уақыт. Індет билеп кеткен елдер үшін Корея тәжрибесін енгізу тым кеш болып қалды ма екен?
«New-York Times» (24.03.2020) басылымының Қытайша нұсқасынан еркін стилмен ықшамдап аударған
Құрмет Қабылғазыұлы