Ақылбек Күрішбаев асыл тұқымды мал шаруашылығына қажетті негізгі қадамдарды айтты

Уақыты: 2021-03-04 Көрлімі: 887 Сипаттама

Мал шаруашылығында селекцияның заманауи әдістерін қолдану керек. Бұл туралы Сенаттың...

210304110311561a3760398i.jpg

Мал шаруашылығында селекцияның заманауи әдістерін қолдану керек. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде сенатор Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Соңғы жылдары «Етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында елімізге 153 мың асыл тұқымды мал басын жаппай әкелу жүзеге асырылды. Оны сатып алуға (мемлекеттік субсидияларды қоса алғанда) 500 млн АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалды.

Ғалымдардың пікірінше, бұрын елімізде болмаған, бізде тіркелмей жатқан Шмалленберг ауруы, инфекциялық ринотрахеит, вирустық диарея, моракселлез сияқты қауіпті экзотикалық жұқпалы аурулар сырттан әкелінді. Бұл мәселе отандық ветеринария жүйесінің қазіргі ауыр жағдайын одан сайын тығырыққа тіреді», - деп тоқталды сенатор.

Осы орайда А. Күрішбаев қоғамға осы импортталған малдың қаншасы бейімделе алғанын, жалпы жобаның алдына қойған мақсаттары қалай орындалғаны туралы кеңінен ақпарат берілуі керектігін атап өтті.

«Жалпы, біздің министрліктеріміз қоғамдық аудитті тарта отырып, дамыған елдердегі сияқты осындай қымбат жобаларға бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі туралы халық алдында есеп беруге үйрену керек. Асыл тұқымды малға келетін болсақ, қазір сол ауыл шаруашылығы жануарларының популяциясын сақтап қалу және жақсарту өте маңызды. Аграрлық саланың ардагерлері кеңестік кезеңде Қазақстанға Еуропадан жүздеген мың асыл тұқымды ірі қара малдың әкелінгенін және уақыт өте келе олар өздерінің асыл тұқымдық қасиеттерін жоғалтып, із-түссіз жойылып кеткенін жақсы біледі. Біз оларды күтіп-бағу үшін тиісті жағдай жасаумен ғана емес, ең бастысы, жүйелі селекциялық жұмысты қалыптастыруымыз керек. Ол үшін селекцияның заманауи әдістерін қолдану қажет», - деді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында инновациялық технологияларды, оның ішінде геномдық селекцияны енгізу мақсатында селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру ерекше маңызды. Себебі жануардың тек молекулалық-генетикалық талдауы оның асыл тұқымдық құндылығын алдын-ала болжауға мүмкіндік береді және селекцияның тиімділігін қамтамасыз етеді. Бүгінде барлық дамыған елдерде асыл тұқымды өнімді жақсарту қазіргі заманғы биотехнологиялық зерттеу әдістеріне, оның ішінде геномдық селекцияға негізделген.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.


Пікір жазу
  • Мәулен Әшімбаев: Ө. Жолдасбеков өмірінің соңына дейін халқына қалтқысыз қызмет етті
    Сатыбалды Нарымбетов: Хан Кенені экрандауға дайынмын...

    Ұқсас тақырыптар