ҚР президентінің Қазақстан халықына жолдауында елдің бүгінгі тыныс-тіршілігіне талдау жасалып, алдағы атқарылар шаруалардың бағыт-бағдары беріледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халықына жолдауларында қашанда өзекті мәселелер көтеріліп, нақты іске асып отыратын. Бұл үрдіс қазіргі президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезінде де жалғасын табуда.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы жолдауы 1 қыркүйек білім күнінде жарияланса, биыл да осы күні жарияланып отыр. Бұл сәйкестік пе, әлде білімге деген президенттің қолдауы ма? Соңғысы дұрыс деуімізге негіз бар, екі жылғы жолдауда да білім мен ғылымға ерекше назар бөліген. Білім сапасын арттыру, ұстаздардың жалақысын көтеру, ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша үкіметке нақты тапсырмалар берді. Өткен жылғы президенттің халыққа жолдауындағы тапсырмалар нақты орындалып жатыр. Мектепті айтпағанда, Жоғарғы оқу орындарында да мұғалімдердің жалақысы біршама өсті. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент тапсырмасы бойынша ЖОО ректорларына оқытушылардың жалақысын көтеру жөнінде тапсырма беріп, шектік жалақы көлемін беліледі. Осы тапсырмалардың орындалғанын дәл кеше президенттің бүгінгі жолдауының алдында көзімізді толық жеткіздік. Өзім қызмет ететін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бұйырғымен ҚазҰУ ұстаздарының жалақысы бекітіліп, ұстаздарға қуаныш сыйлады.
ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың шешімімен енді Қазақ ұлттық университетінде оқытушы – 200 000 теңге, аға оқытушы – 280 000 теңге, доцент – 330 000 теңге, профессор 500 000 теңге жалақы алады. Сонымен бірге ректор ғылымға да көңіл бөліп, Scopus деректер базасының халықаралық рейтингтік басылымдарында мақала жариялаған 234 ғалым 74,8 млн. қаржылай сыйақымен марапаттаған болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолғы жолдауында да мұғалімдерді қолдау саясаты жалғаса беретінін айтып, ғылымға қолдау көрсету туралы тапсырмалар берді.
«Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін 5 жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн. Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің әділдігі туралы мәселе де күн тәртібінен түспей тұр. Осыған орай, аппеляция институтын енгізу қажет деп санаймын. Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласы алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр», - деген президент ғалымдарымыздың ғылыми жобаларды қысқа уақытта жоспарламай, нақты нәтижеге қол жеткізуге қажетті уақыт мәселесін шешті және ғылыми кеңестердің адалдық мәселесін көтеру арқылы ғылымға келетін, ғылми жобаларын конкурстарға ұсынатын жас ғалымдарға үлкен үміт сыйлады.
Президент жолдауында Қазақстандағы цифрландыру үрдісіне де қолдаудың жалғасатынын айтты. Пандемия кезінде еліміздің цифрландыру жүйесінде, «Цифрлы Қазақстан» жобасының тиімділіктері мен кейбір кемшін тұстары анық білінді. Сол олқылықтарды, әсіресе елдімекендерді интернетпен қамту мәселесін барынша шешуге тырысты. Пандемия кезінде Эдектонды үкімет жүйесінің жұмысы барынша халықтың игілігіне қарай дами түсті. Қашықтан ЭЦҚ алу, биометрия бойынша тұлғаны тану жүйесі, мобильді электонды үкімет жүйесі іске қосылды. Сондай-ақ, короновирусқа байланысты адамдардың статусын анықтайтын «Ашық» қосымшасы дәл уағында жасалған ұтымды жоба болды.
Бұл жолғы жолдауында Мелмелекет басшысы отандық жоғары санатты IT мамандарды әзірлеу керектігін айтты.
«Цифрландыру туралы ұлттық жоба аясында кем дегенде 100 мың жоғары санатты IT маман әзірлеуіміз керек. Экспорттық және цифрлық сала бойынша тауар қызметі 2025 жылға қарай кем дегенде 500 млн АҚШ долларына жетуі тиіс. Мемлекеттік секторды цифрландыруда осы және өзге де міндеттерді қайта қарастыру қажет. Бұл жердегі басты мәселе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде интеграцияның жоқтығы. Бұл сұрақ шұғыл шешім мен күрделі өзгерісті талап етеді», - дейді ол.
Мелекеттік органдардың ақпараттық жүйесі арасындағы интеграция орнату өте маңызды, мемлекеттік мекеме ғана емес түрлі қызмет көрсету, ұлттық компаниялар, денсаулық сақтау саласы, білім беру салалары ақпараттық жүйелерінің арасында интеграцияның болғаны жөн. Мысалы әлі де қызметкердің еңбек кітапшасы қолымен толтырылады. Мысалы мен екі университетте істесем, онда еңбек кітапшамды біріншісінен алып, қосымша жұмыс істеген жеріме апарып қол қойдыруым керек. Егер осы еңбек кітапшасы Электронды үкімет жүйесіне қосылып, оқу орындарының ақпараттық жүйелерімен интеграцияланса онда цифрлы еңбек кітапшасына қол жеткізе аламыз. Ал жұмыс орына, мектепке, унинверситетке медициналық анықтама өткіземіз, оның орнынаа медициналық орталық пен жұмыс орнымыздың ақпараттық жүйесінде интеграция болса, онда бұл қағаз бастылықтан да құтылатын едік. Президенттің осы жолғы тапсырмасы орындалса осы сияқты көптеген қағазбастылықтан құтылатын боламыз.
100 мың жоғары санатты IT маман әзірлеу бізге берген президенттің тапсырмасы. «Экспорттық және цифрлық сала бойынша тауар қызметі 2025 жылға қарай кем дегенде 500 млн АҚШ долларына жетуі тиіс»,- деген президент жоспары орындалуы үшін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы айтқанлай, IT бағытында білім беруде өндіріс орындарын тарту керек. Дуалды білім беру жүйесі даму үшін оқу орындарымен бірге ІТ бағытындағы компанияларда көп болуы және президент жоспарын орындайтындай деңгейде дамуы қажет. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ІТ компанияларға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие берілетінін айтқан болатын. Ал президенттің жолдауында бұл бағдарлама 2022 жылға жалғасатынын айтты. Бұдан ІТ компаниялары өз жобаларын жетілдіру үшін қаржылық көмекке әлі де қол жеткізе алатын көруге болады. Міне бұдан президент жолдауында тапсырма да, шешу жолы да берілгенін көреміз.
Бұл президент жолдауының білім мен ғылым, ІТ саласының дамуына қозғаушы күш болар тұстары. Бұдан бөлек, жолдауда пандемиядан кейінгі экономикалық даму, денсаулық сақтау саласы, мемлекеттік тіл мәртебесі, саяи жаңғыру, адам құқықтары туралы президенттің көптеген бастамалары жарияланды. Алдағы уақытта осы бастамалардың жемісін көреміз деген сенімдемін.
Т. Құрметұлы
Jebeu.kz