Қарақалпақстанның (Өзбекстан) Мойнақ қаласында «Шайырлар аллеясы» салынды, деп ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлаймыз.
"Бас прокуратураның бастамасымен Мойнақ ауданының орталығында «Ақындар аллеясы» ұйымдастырылды. Осы аллеяда классикалық ақындарымыз Әлішер Навои, Ажинияз, Бердах, Күнхожа, сонымен қатар қазақ, түрікмен және орыс классикалық ақындары Абай, Махтумкули және Пушкиннің бюсттері тұрғызылды. Әр бюсттің жанында осы ақынның әйгілі шығармасынан үзінді орналасқан.
«Шайырлар саябағы» жастардың рухани және мәдени танымын кеңейтуге, көрші халықтар ақындарының да өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді", - делінген аталмыш порталда.