ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Аманұлының қабылдауында болдым. Президент тапсырмасымен құрылған "Отандастар" қорының басы-қасында болған, қандастар мәселесінің шешілуіне үнсіз атсалысып жүрген азаматпен емен-жарқын әңгімелестік. Қандастарымызды қолдау үшін құрылған қордың жұмысын жүйелі, әрі тиімді жүргізуге қатысты жоспар пысықталып, кезек күттірмей шешілуі тиіс мәселелер нақтыланды.
Елге оралған және шетелдегі қандастарымызға қатысты қордаланған мәселе шаш етектен. Ол түрлі себептермен құжаттарын рәсімдей алмай жүрген ағайынға жәрдемдесу, заңгер кеңесін беру, психологиялық көмек көрсету. Шетелдегі қазақтардың мәдени-рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шаралар атқару т.б. мәселелерді шешу.
Министрге белсенді азаматтардан түскен қалың ұсыныс-пікірді, ел аманатын жеткіздім. Дархан Аманұлы қандастарды қолдап, қорғау бағытындағы бұл жұмыстарды жандандырып, қоғамдық ұйымдар және елшіл азаматтармен бірлесе жұмыс атқаруды тапсырды.
Бұйырса, атқарылған шаралар туралы әлеуметтік желі арқылы есеп беріп отырамын.
Мәди Манатбектің фейзбук парақшасынан
Jebeu.kz