Барша қазақ халқына, алғыс айтамыз!

Уақыты: 2019-03-01 Көрлімі: 1632 Сипаттама

Бүгін 1 наурыз Қазақстан халықтарының Алғыс айту күні. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан ре...

849152_1464510412.jpg

Бүгін 1 наурыз Қазақстан халықтарының Алғыс айту күні. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған  болатын. Бұл қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігін көрген халықтардың қазақ халықына, қазақ еліне ризашылығын білдіретін күн.

Қазақ халқы сол бір қиын-қыстау сәттерде қазақ даласына қоныс аударған өзге ұлыстар мен ұлттарға құшағын жайып қарсы алғанымен, өздері де ашаршылық пен қуғын-сүргінге ұшырап көптеген қазақтың шеттен пана табуына тура келген. Сонымен бірге, соңғы бірнеше ғасырдағы қазақ даласындағы отаршылдық саясаттың кесірінен қазақтың ғасырлар бойы ата-қонысы болған жерлер мен ондағы жасаған қазақтар өзге елдердің құрамында қалып қойған.

Қазақ халқына сан ғасырлық арман болып азаттықтың таңы атып, қазақ елі Тәуелсіздігін жариялаған кезде елбастаған ел ағалары шеттегі қазақты  Атамекеніне шақырып, барша Қазақстан халқы құшақ жая қарсы алған. Содан бері қазақ көші жалғасын табуыда. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, шеттегі қазақтармен мәдени қарым-қатынастар орнатты. Дүниежүзі қазақтарының 5 құрылтайын өткізіп, әлемдегі бар қазақтың бір Отаны бар екенін әр жүрекке жеткізді.

Осылай алыстағы бір қазақ Отанына келіп қоныс теуіп, енді бірі келіп-кетіп ағайынның ықыласына бөленіп жүргенде көршіміз Қытайда жасап жатқан қазақтар соңғы үш жылда белгілі қысымдарға ұшырай бастады. Қандастарымызды жаппай саяси үйрену орталықтарына кіргізіп, қолдарындағы паспорттарын жинап алғандықтан көптеген отбасылар екі елде бөлініп қалды. Ағайын туыс бір-бірімен хат-хабар алалмай қалған жағдайға дейін барды. Қытайдан келетін қазақ көші тоқтады.

Дәл осы кезде барша қазақ халқы Қытайдағы қандастарына алаңдаушылық білдірді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Сыртқы істер министрлігіне қандастар мәселесіне бойынша тапсырма берді. ҚР Сыртқы істер министрінің Қытай тарапымен бірнеше реткі өткізген келіссөздері мен ҚР президентті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға сапарынан кейін ол жақтағы қандастардың жағдайы түзеле бастады. Қазіргі кезде көптеген қандастарымыз саяси үйренуден босады. Төлқұжаттарын қодарына алып, елге туысшылап келіп жатқандары да, бір жола көшіп келіп жатқандары да бар.

Осы ретте «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі Отанына оралған қандастардың өкілі ретінде, Атамекенге шақырып құшақ жайып қарсы алған барлық қазақ халқына, Қытайдағы қиындыққа ұшыраған қандастардың жағдайына алаңдаушылық білдірген қазақ қоғамына, қандастарымыздың сұраушысы бар екенін білдіре алған барша азаматтарға, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа, Қазақ Үкіметіне,  ҚР Сыртқы істер минситрлігіне алғысымызды білдіреміз!

Ғасырлар бойы ел аманатын арқалап, осы кең байтақ даламызды сыйға қалдырған ата-баба рухына тағзым етіп, бабалар арманын орындап, азаттық үшін күрескен барлық барша батырларымызға, Тәуелсіздікке жетіп Қазақ елінің көркейіп-гүлденуіне үлес қосып жатқан барша қандастарымызға да алғыс айтамыз. Ынтымақ пен беркені ұйтқы етіп, ортақ Отанымыздың болашағы үшін бір ниетте еңбек етейік.

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі


Пікір жазу
  • Өскеменде «Шетелдегі қазақтар» кітаптар сериясының көрмесі ашылды
    ЗАУЫТБЕК ТҰРЫСБЕКОВ: 1 МЛН ҚАНДАСЫМЫЗ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕМІЗ ДЕП ОТЫР

    Ұқсас тақырыптар