ЗАУЫТБЕК ТҰРЫСБЕКОВ: 1 МЛН ҚАНДАСЫМЫЗ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕМІЗ ДЕП ОТЫР

Уақыты: 2019-03-01 Көрлімі: 2021 Сипаттама

Шетелдегі 1 млн қазақ тарихи Отанына қайтуға ниет танытып отыр. Бұл туралы бүгін Ақпара...

vlcsnap-2018-11-14-13h55m36s069.png

Шетелдегі 1 млн қазақ тарихи Отанына қайтуға ниет танытып отыр. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков айтты, деп  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Шетте жүрген қазақтар 4-5 млн. деп жүрміз. Біз барлығын аралап шықтық. 1 млн адам елге келеміз деп отыр. Бір жобаны Сарыағаш ауданында, Ташкент төңірегінде жасамақпыз. Өзбек ағайындармен ақылдасып, келісіп жатырмыз. Сол жерден 400 гектар жер алып, Өзбекстан және басқа елдерден бастапқыда 35 жасқа дейінгі мамандығы бар жастарды әкеліп, жұмыс орнын құрып, ет, сүт өндіріп, оны Ташкентке жеткіземіз. Артық өнімді Еуропаға не Сібірге өткіземіз.

Қазақта «Елге ел қосылса - құт» деген сөз бар. Елбасының саясатының арқасында 27 жылда 1 млн бауырымыз елге оралып отыр. Олардың біразы үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген жағдайы бар. Шет мемлекетте жүрген қазақтардың көбі осы жағдайдың барлығын біледі. Сол себептен алдымен елге келген бауырларымыздың жағдайын жөндесек деген ниетпен біраз жұмыс жасап жатырмыз», - деді Зауытбек Тұрысбеков.

Сонымен қатар шетелдегі қазақтардың қазақ тілін сақтап қалуына қатысты пікірімен бөлісті.

«Біз еріктілерді дайындап, шетте өмір сүріп жатқан қазақ балаларының ана тілін 2 жасынан бойына сіңіруді көздеп отырмыз. Дегенмен ана тілін білу - қазақ болу емес. Оның намысы, ары болуы керек. Сол себептен қазақтың бойына соны сіңіру қажет. Сондықтан қысқа-нұсқа үш минуттық роликтер дайындап жатырмыз», - деді ол.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Барша қазақ халқына, алғыс айтамыз!
    Бейбіт Атамқұлов: Қытайда ұсталған қазақтардың 80 проценті босатылды