Оралман мәртебесінің уақыты өткен қандастарға 2019 жылдың соңына дейін жеңілдік берілді

Уақыты: 2019-03-20 Көрлімі: 1839 Сипаттама

Оралман мәртебесінің уақыты өткен қандастар 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеңілдетіл...

D180C10D-97D3-442E-97DD-DB74D11B20F8.jpeg

Қандастар уақыты өткен оралман мәртебесін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеңілдетілген тәртіппен ұзартуа алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан этникалық қазақтардың елге ерікті түрде оралуын ынталандыру саясатын жүргізеді.

1991 жылдан бастап 303 мың отбасы немесе 1 млн 40 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды және оралман мәртебесін алды, бұл ел халқының 6 пайызын құрайды. Осының арқасында көші-қонның теріс сальдосының деңгейін төмендетіп, демографиялық өсімге қол жеткізілді. Олардың көпшілігі қазақстандық азаматтықты алып, басқа азаматтармен теңдей еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді.

Қазақстанда этникалық репатрианттардың бейімделуі мен кірігуі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен, оралман мәртебесін алғандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар (қалған шетелдіктер Қазақстанда кемінде 5 жыл тұруы қажет).

Сонымен қатар, оралман мәртебесі оны алған күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады. Оралман мәртебесін ұзарту оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өтініш берген кезде жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу мақсаттары үшін ғана көзделеді.

Бірақ, бүгінгі таңда оралмандар ұсынылған уақыт ішінде жеңілдетілген тәртіппен қазақстандық азаматтығын алмаған, көрсетілген жағдайдың туындау себептеріне қарамастан, мұндай мүмкіндіктен айырылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне осы мәселені шешуге көмек көрсету бойынша көптеген өтініштер келіп түсуде.

Осыған байланысты, биыл 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оралмандар мәртебесін жеңілдетілген тәртіппен 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Осылайша, мәртебесі кешіктірілген оралмандар оны ұзарту және қазақстандық азаматтығын алу үшін ішкі істер органдарына құжаттарды оңайлатылған тәртіппен беру үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады.

Қазіргі кезде неше мыңдаған қандастарымыз оралман мәртебесінің өтіп кетуіне байланысты ҚР азаматтығын алалмай жүр. "Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігі бұл қандастардың мәселесін жиі көтеріп, қатысты министрліктерге шешудің жоларын ұсынды. Атап айтар болсақ, 2018 жылдың тамыз айында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрі Мәдина Әбілқасымоваға және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханға хат жолдаған болатын. 2018 жылдың тамыз айында Abai.kz ақпараттық порталымен бірге ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа және қатысты министрліктерге ашық хат жазған еді.  Сол сияқты өзге ұйымдар мен азаматтар да қандастардың осы бір өзекті мәселесін сауатты көтере білді. Соның нәтижесінде қандастарымызға бүгінгідей жеңілдік беріліп отыр. Осы орайда барша қандастарымызды осы жеңілдікке ие болуымен құттықтай отырып, берілген орайды тиімді пайдаланып, ҚР азаматтығына құжаттарын уағында өткізулерін үміт етеміз. 

1535527477668986.jpg

1535535021590378.jpeg

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Астанада «ОРАЛМАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
    Наурыз мерекесінде жастар мен көп балалы аналарға сыйлық жасалды