Қымбатты қандастар, қадірменді бауырлар шетте туып, шетте өстіңіздер, шет ел азаматысыздар. Дей тұрсада қаныңыз қазақ болғандықтан қазақ елінде болып жатқан жақсылы, жаманды жаңалықтарға құлақтарыңыз түрік, бәрін естіп-біліп отырсыздар. Соңғы кезде бүкіл әлемді жаулаған індет кезінде бір ауыздан елдің амандығын бізден кем тілеген жоқсыздар.
Наурыз айында ең біоінші өткізген онлайн наурызымыздан бастап, осы күнге дейін атқарып отырған онлайын іс-шарпларға бір кісідей атсалысып отырсыздар. Ия бұл күндер де өтер, өмір өз арнасына түсер, алдағы күндерден үмітіміз бен күтеріміз көп. Қазақ елі қашанда қандастарды қолдап, елге келем деушілерге есігін айқара ашады. Қандастарды қолдау бағдарламалары күшін жоймайды, дайындық курстары мен жоғарғы оқу орындары оқуын жалғастырады.
Осындай қысыл таяң кездерде алыстағы ағайындардың сабыр сақтап, түсінушілікпен қарап Қазақ еліне қолдау көрсетіп, тілеуін бірге тілеп отырғандарыңызға шексіз алғысымвзды білдіреміз. Бірлі-жарым адамдардың кері пікірлері ол жалпы қандастардың пікірі емес деп ойлаймын. Сіздерде өз пікірлеріңңзді, тілек ниеттеріңізді, ойларыңыз бен өтініштеріңізді жазбаша түрде осы топқа, немесе жекемізге жіберулеріңізге болады.
Құрметпен; Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Нұр-Сұлтан және Ақмола облысы филал басшысы
Хожамұрат Қарлығаш Бекпатшақызы.
27 05 2020 ж