26 қыркүйекте «Отандастар қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Аталмыш Меморандумның мақсаты этникалық қазақтарға, елімізге оралған қандастарға заңдық-құқықтық кеңестер беру мен түрлі құжаттық мәселелерінің шешуілуіне бірге атсалысу, қандастарды жергілікті ортаға бейімдеу мен кәсіпкерлікке бағыттау, мемлекетіміздің тиімді саясаттары мен ақпараттарын жеткізу, еліміздің көші-қон саясатына қолдау таныту.
Тараптар аталмыш Меморандум шеңберінде келесі ұсынылған бағыттар бойынша әріптестікті жүзеге асыруға ұмтылады:
- Тараптар арасында тікелей серіктестік қатынас орнату.
- Қоғамдық қабылдау бөлімшесін Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласынан ашу және жүргізу.
- Қандастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
- Қандастардың жергілікті ортаға бейімделуіне, кририлл (латын) әріптерін оқып-жазуға көмектесу.
- Қандастардың кәсіпкерлікпен айналысуы және кәсіпте табысқа жетуі үшін бизнес саласы бойынша біліктілігін арттыруға көмектесу.
- Шетелдегі қандастармен байланыс жасап, олармен мәдени қарым-қатынастар орнату. Шетелдегі этникалық қазақтардың еңбектерінің, Қазақстанда қайтадан баспадан шығуына атсалысу.
- Шетелдегі қазақ балаларының елімізге келіп білім алуына ақпараттық көмек беру, оқушыларды жаздық демалыстарында еліміздің демалыс орындарында лагерлер ұйымдастыру.
- Тараптар өзара ақпараттық қолдау. Шетелдегі ғылым мен білім саласында, әдебиет пен өнерде үлкен нәтижеге жеткен қазақтарды елімізге таныстыру.
- Қандастар көшін солтүстік өңірлерге бағыттауды нәсихаттау және ұйымдастыру.
Jebeu.kz