«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы шетелден келіп, білім алуға ниет білдірген әрі мемлекет бөлген 1 000 орындық грантқа сыймай қалған 238 өтініш берушінің мәселесін шешілуіне ықпал етті. Бұл туралы «Отандастар қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Шет елдерде тұратын қандастарымыздың Қазақстанда білім алуы жылдан жылға жүйеленіп келеді. Этникалық қазақ жастарының ЖОО-ға түсуі кезінде қазақ тілі мен Қазақстан тарихы сынағынан қиналмауы үшін аталған оқу орындарында оларға арналып дайындық бөлімдері ашылған. Отандастар қоры білім іздеп келген шет елдік қазақ жастарының жатақханамен қамтамасыз етілуіне сеп болды. Биыл дайындық курсына қабылдау емтиханы 13 қыркүйекте өтті және 25 қыркүйекте талапкерлер жинаған баллына қарай бөлінген 1000 орынға қабылданды. «Отандастар Қоры» КЕАҚ 1000 орынға сыймай қалған 238 өтініш берушінің жайы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне хат жолдап, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Үкімет отырысында осы мәселені көтерді. Мәселе оң шешімін тауып, 238 үміткер елде қалып, білімін тегін жалғастыруға мүмкіндік алды",- делінген хабарламада.
Бірнеше жылдан бері ҚР Білім және ғылым минсистрлігі шетелден келіп, еліміздің жоғарғы оқу орндарына түскісі келетін талапкерлерге арнайы грант бөліп, қазақ тілі мен Қазақстан тарихын үйрентіп, таңдау пәндері бойынша ҰБТ-ға дайындайды. Дүниежүзі қазақтарының 3 құрылтайынан кейін бұл гранттың саны арта түскен болатын. Өткен жылы мемлекет бөлген грантты толтыру қиынға соқса, биыл бөлінген гранn жетпеуде. Бұл да болса билығы жылы Қытайдан келген қазақ жастарының артуына байлансты болса керек.
Jebeu.kz