Бүгін шетелдегі қандастарды тарихи Отанына көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданған күн. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды.
«18.11.1991ж. Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 ж. бері Қазақстанға 1 млн. астам қазақ көшіп келді», - деп жазды Президент.
Jebeu.kz