Халықаралық Түркі академиясы Тоныкөк жылын жариялайды

Уақыты: 2020-04-24 Көрлімі: 811 Сипаттама

Биыл түркі әлемі тарихындағы дарынды мемлекет қайраткері Білге, Тоныкөк ескерткішінің...

200424120324413e.jpg

Биыл түркі әлемі тарихындағы дарынды мемлекет қайраткері Білге, Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтілетіні белгілі. Осыған орай бүгін Халықаралық Түркі академиясы «Тоныкөк жылының» ресми ашылуын жариялап, «Ұлы дала өркениеті: Тоныкөк мирасы және қазіргі түркі әлемі» атты халықаралық онлайн видеоконференция өткізеді.

Онлайн форматта өтетін конференцияға ЮНЕСКО, Түркі кеңесі, Тюрксой, ТүркПА ұйымдарының басшылығы мен өкілдері, түркі тілдес елдердің академия басшылары және АҚШ, Әзербайжан, Венгрия, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Түркия елдерінің танымал түрколог ғалымдары қатысады.

Алқалы жиын барысында Тоныкөк ескерткіші мәтінінің Халықаралық Түркі академиясы әзірлеген арнайы жинағы таныстырылады. Бірегей басылымға аталған ескерткіш мәтінінің әлемнің 12 тіліндегі аудармасы топтастырылып, ғылыми транскрипциясы қоса берілген.

Айта кету керек, өткен жылы Халықаралық Түркі академиясының бастамасымен және Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Моңғолия мемлекеттерінің ортақ ұсынысы негізінде 2020 жылы Тоныкөк жазба ескерткішінің 1300 жылдығын ЮНЕСКО аясында атап өтуге ресми шешім қабылданған еді.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

Пікір жазу
  • Этникалық қазақ студенттерге қолдау көрсетілді
    Сенат «қандас» атауын енгізетін заңды қабылдады