Зауытбек Қауысбекұлын туған күнімен құттықтаймыз

Уақыты: 2020-12-15 Көрлімі: 949 Сипаттама

Бүгін, 15 желтоқсан Дүниежүзі қазақтары қауымдасты Төрағасының бірінші Орынбасары, мем...

unnamed.png

Бүгін, 15 желтоқсан Дүниежүзі қазақтары қауымдасты Төрағасының бірінші Орынбасары, мемлекет қайраткері Зауытбек Тұрысбековтың туған күні. Осы орайда дүниежүзі қазақтарының сұраушысы болған қоғамдық ұйымның басшысы Зауытбек Қауысбекұлын туған күнімен құттықтап, ұзақ өмір, зор денсаулық тілейміз!

Зауытбек Қауысбекұлы, әр жылдары жоғары лауазымда қызмет атқыра отырып, қазақ елінің тұрақтылығы мен дамуына елеулі ұлес қосқан тұлға. Дүниежүзі қазақтарының 5 құрылтайында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әлем қазақтарының басын қосатын ұйымды сеніп тапсырды. Содан бері Дүниежүзіне тарыдай шашылған қазақтың иесі болған ұйымды сәтті басқарып келеді. Әр қазақ менің жалғызым деп шетелдегі қазақтың мәселесіне шын ықыласымен көңіл аударуда. Қауымдастыққа келгеннен бергі атқарған шаруаларын, шетелдегі қандастардың тағдырына деген алаңдаушылықтарын баспасөз құралдары арқылы үнемі қоғамға жеткізіп отыр. Алдағы уақытта бар қазақтың бір Отанында бас қосуына еселеп еңбек етеді деген сенімдеміз.

Жебеу Республикалық қоғамдық бірлестігі

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Әр қазақтың жағдайы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының назарында
    Қазақ ғалымы кванттық компьютерді жасауға арналған жаңа ультра-жұқа материал жасады

    Ұқсас тақырыптар