СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАР ҮШІН КЕҢЕС

Уақыты: 2021-04-19 Көрлімі: 3578 Сипаттама

СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАР ҮШІН КЕҢЕС...


    Өңіраралық қоныс аудару мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында» қарастырылған.


Негізгі мақсаты – жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, 


«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларды ерікті түрде қоныс аудару қандай бағыттар бойынша жүргізіледі?


«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларды ерікті түрде қоныс аудару мынадай бағыттар бойынша:


1) өңіраралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жұмысқа орналастыруға және/немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу бойынша міндеттемелермен жүзеге асырылады.


2) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына жүзеге асырылады.


Ерікті қоныс аударуға қандай өңірлердің тұрғындары қатыса алады?


Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-дан артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 адамнан асатын шығу өңірлері болып айқындалған.


Яғни жоғарыда аталған 5 (бес) облыстың және 3 (үш) қаланың тұрғындары Солтүстік, Орталық және Шығыс өңірлерге қоныс аудара алады.


Өңіраралық ерікті қоныс аудару кезінде басым құқықты пайдалана алады?


Өңіраралық ерікті қоныс аудару кезінде басым құқықты пайдаланушылар:


1) жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алты жас пен жиырма үш жас аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері, сондай-ақ «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберіндегі түлектер;


2) оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;


3) жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар.


«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар қатарындағы түлектер, сондай-ақ оралмандар шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысады және оқуды аяқтағаннан кейін оқу орны бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін өтінім береді.


Өңіраралық ерікті қоныс аудару кезінде кімдерге мемлекеттік көмек көрсетілмейді?


Шығу өңірлерінен қабылдау өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:


1) мемлекеттік қызметшілерге;


2) ҚР ҰК 01-2017 қызметтер сыныптауышының тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен жұмысшыларға;


3) жұмыс күшінің құрамына кірмейтін азаматтарға қолданылмайды.


Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдаудың бағыттары қандай?


Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:


1) көшуге материалдық көмек беруді;


2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;


3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер, сондай-ақ тұрғын үй сатып алу (құнын төлеп алу) және/немесе салу арқылы қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалдамалы тұрғын үй беруді;


4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;


5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберуді;


6) жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.


Қоныс аударушылардың көшуіне қандай материалдық көмек беріледі?


«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне сондай-ақ отбасылық жағдайына қарамастан жалғызбастыларға бір рет отыз бес АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек отағасына және әрбір отбасы мүшесіне беріледі.


Көшуге материалдық көмек «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.


Қоныс аударушыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге қандай материалдық көмек беріледі?


«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:


1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:


бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде;


отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде;


отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді;


2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:


бір адам үшін 15 АЕК мөлшерінде;


отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;


отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді.


Ерікті түрде қоныс аударғанда мемлекеттік қолдау шаралары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне бір рет көрсетіледі.


Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен оның жеке меншігіне тұрғын үй сатып алуы үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасыға бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.


Отбасына жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты немесе сатып алу-сату шарты болған кезде жүзеге асырылады.


Егер қабылдау өңірлерінде сатып алынатын тұрғын үйдің құны:


1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыда қалады;


2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.


Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс беруші кемінде бес «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыны жұмысқа орналастыратын болса, оған кемінде үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК мөлшерінде субсидия беріледі.


Жұмыс берушіге субсидия берілген кезде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыға көшуге және тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төленбейді.


Жұмыс берушілердің және ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуға қатысқысы келетін адамдардың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу, мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру, қаржыландыру және оны алу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.


Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қандай облыстар кіреді?


«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларды қабылдау өңірлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.


Қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер мыналар:


1. Солтүстік Қазақстан облысы;

2. Павлодар облысы;

3. Қостанай облысы;

4. Шығыс Қазақстан облысы;

5. Қарағанды облысы;

6. Ақмола облысы.


2020 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы қандай?


2020 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының облыстар арасында бөлінісі:


Солтүстік Қазақстан облысы – 1 465 адам;

Павлодар облысы – 2 025 адам;

Қостанай облысы – 500 адам;

Шығыс Қазақстан облысы – 460 адам;

Барлығы – 4 750 адам.


Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуға қатысқысы келетін адамдар қайда хабарласуы керек?


Халықты жұмыспен қамту орталығы, қатысушы және жұмыс беруші арасында үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда жұмыс берушінің жұмыскердің көшуі бойынша шығыстарды өтеуі, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беруі, жұмыскерге қызметтік тұрғын үй беру немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуі, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеуі, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне ақы төлеу шығыстарын толықтай немесе ішінара өтеуі бойынша шарттары көзделеді.


Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.


Халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.


Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру.


Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудару үшін қайда хабарласу керек?


Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарының тізімі:


№ Халықты жұмыспен қамту орталықтарының атауы Мекен-жайы Сенім телефоны Басшының телефоны Басшының Т.А.Ә.


1 «СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


150100, СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 42


8 (71533) 21-391

8 (71533) 21-391


Қиманов Синуш Дауленович


2 «СҚО Ақжар ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


150200, СҚО, Ақжар ауданы, Талшық, Целинный көшесі, 13


8 (71546) 2-21-10

8 (71546) 2-21-10


Жұрынтаев Бөгенбай Аралбайұлы


3 «СҚО Аққайың ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


150300, СҚО, Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, 9 мамыр көшесі, 67


8 (71532) 2-29-11

8 (71532) 2-29-11


Құрманбаев Қизат Ғазезұлы


4 «СҚО Есіл ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


150500, СҚО, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 20


8 (71543) 2-19-10

8 (71543) 2-19-10


Қозбаев Данияр Өмірсерікұлы


5 «СҚО Жамбыл ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


150600, СҚО, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Шайкин көшесі, 40


8 (71544) 2-11-77

8 (71544) 2-11-77


Дурнова Оксана Викторовна


6 «СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


150800, СҚО, М. Жұмабаевауданы, Булаев қаласы, Мир көшесі, 8


8 (71531) 2-14-59

8 (71531) 2-14-59


Кукла Нұржихан Сабырқызы


7 «СҚО Қызылжар ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


150700, СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 6а


8 (71538) 2-27-04

8 (71538) 2-27-04


Тикибаева Раушан Ерғалиқызы


8 «СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


150900, СҚО, Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, А. Құнанбаев көшесі, 10А


8 (71541) 2-21-81

8 (71541) 2-13-80


Могунова Данголе Антонасовна


9 СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


150400, СҚО, Ғ. Мүсіреповауданы, Новоишим ауылы, Ленин көшесі, 4Б


8 (71535) 21-5-58

8 (71535) 21-5-58


Темірғалиев Нұрлан Ибрагимұлы


10 «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


151000, СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы көшесі, 2


8 (71536) 2-33-47

8 (71536) 2-37-25

8 (71536) 2-36-85


Жәкенова Сәуле Дулатқызы


11 «СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


151100, СҚО, Тимирязев ауданы Тимирязев ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 1


8 (71537) 2-18-00

8 (71537) 2-18-90


Жарасбаев Нариман Алдабергенұлы


12 «СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


151200, СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 82


8 (71542) 2-15-38

8 (71542) 2-16-82


Мұсабаева Зәуреш Керебаевна


13 «СҚО Шал ақын ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


151300, СҚО, Шал ақынауданы, Сергеевка қаласы, Ыбыраев көшесі, 50


8 (71534) 7-90-11

8 (71534) 2-71-38


Жанжолов Жомарт Ғалымұлы


14 «СҚО Петропавл қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ


150008, СҚО, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 69А, 2 қабат


8 (7152) 53-16-15

8 (7152) 53-16-14


Пікір жазу
  • Ә. Ыбырайымұл: Этномәдени дәстүрлер – біздің ауызбіршілігімізді арттырады
    Серік АХМЕТОВ: Біз әр мемлекетте тұрып жатқан қандастарымызбен тығыз байланыс орнаттық