Анталья қаласының аудан Әкімнің қабылдауы

Уақыты: 2021-10-01 Көрлімі: 704 Сипаттама

Түркия елінің Анталья қаласында Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай ұйымдастырылған Кіші құрылтайдың ашылу салтанаты өтіп, жалғасы Ытанбұл қаласында өткен болатын....

b9ba1c12-b360-4ba8-8d6a-db2dfddb00ab.jpg

Түркия елінің Анталья қаласында Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай ұйымдастырылған Кіші құрылтайдың ашылу салтанаты өтіп, жалғасы Ытанбұл қаласында өткен болатын. Сол сапарда Анталья қаласындағы Түркі одағының басшысы Абдулаһ- бей мен  Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбековпен кездесу өткен болатын. Кездесу барысында Түркі одағының басшысы Абдуллаһ- бей мырза өз сөзінде  ” Егер мүмкіндіктеріңіз болса Анталья қаласының көрнекті жерінен қазақтың кигіз үйін қойсақ, өскелең ұрпаққа біздің түпкі бабаларымыз Түркілер осылай тұрған деп көрсетер едік, музей сияқты ұстар едік”- деген болатын.

Өз кезегінде Зауытбек мырза ойласайық, мүмкіндік болып жатса неге қоймасқа деп, арқаны кеңге салған еді. Осы ұсыныс Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Жамбыл облысындағы филиал басшысы Төлебаев Арқабек ағамыздың құлағына жетіп, екі кигіз үй Жамбыл облысы атынан қоямыз,- деп қолдай кетті. Сәтін салған бұл жоба қысқа уақытта кең көлемде қолдау тауып, екі айдың көлемінде Анталья төрінде жайқалып тұрмақшы. Кигіз үй мәселесі шешілген соң, тұратын орнын пысықтай кетейік,- деп Аблулаһ- мырзамен бүгін, яғни қыркүйектің  29 күні мен Қарлығаш Бекпатшақызы және Лятифа Мұқашқызы екеуіміз уәде еткесін, қойылатын  орнын пысықтай кетейік деп  қайта кездестік. Кездесуді ұйымдастырған Қазақ-Евразия одағы басшысы Ақмарал Габдиева болатын. Осы жолы да Ақмарал- ханым сөздерімізді  аударып, шәй іше отырып ойымыз ды жеткіздік. 

44eb8360-0d80-46cb-868c-21488d3db6dc.jpg

Сыртқа шығып бір кигіз үйдің орны осы жер,  бұл жер Түркі халықтарының саябағы, Федерацияның кеңсесі бар- деп өз жұмысының жанындағы жақсы бір жерді көрсетті. Саябақтың төрінде тұрады, тоғыз жолдың торабы,- деді. Ал енді менің машинаммен әкімге барамыз, отырыңыздар- деді. Біз өз түсінігіміз бойынша, онша көңіл бөлмей, көлікке отырдық. Зымыраған бойы теңіздің жағасында орналасқан керемет бір ғимаратқа алып келді. Бұл "Кония алти" ауданы әкімшілігі екен, теңіздің жағасында орналасқан ең бір көрнекті аудан. Негізі Анталья  қаласы бес ауданнан тұрады. Ішке кірдік, екінші қабатқа көтеріліп, ең үлкен ауданның әкімінің алдынан бірақ шықтық.  Алдымыздан шығып күтіп алған әкім мырза кабинетіне шақырды. Ат шаптырым, төрт бөліктен тұратын әкімнің әсем кабинеті, терезесі теңізге қараған, екінші жағынан асқақтаған көкпеңбек тау көрінеді.  Абдуллаһ - мырза бізді таныстырып, келген шаруамызды айтты.  Бізге дереу кофе алғызды. Әкім мұқият тыңдап алды да орнынан тұрып, терезенің алдына барып, бізге бір кигіз үйді орын мәселесі шешілгенше осы акиматтың территориясында, осы жерде тұрады,- деп үлкен мақтанышпен, ризашылығымен айтып көрсетті . Жерорта теңізінің жағасына орналасқан әкімдіктің аймағынан ойып тұрып орын бере салды. Осыншалықты жылдам шешім қабылдау, бізбен асықпай қырық минут сөйлесу, сөйлескенде де риясыз таза ниетте, еш менмендіксіз, шын ниетімен сөйлесуі нағыз өз Отанына, өз ұлтына адал қызмет ететін басшыға ғана тән қасиет. 

“Мен өз атымнан Қазақстан Республикасының Тәуелсізлігінің 30-жылдық мерей тойымен құттықтаймын, бұйыртса 70-жылдан соң біз көрмеспіз, біздің ұрпақтарымыз Қазақстанның 100-жылдық тойын тойлауды нәсіп етсін “- деді аудан басшысы . 

Біз өз Отанымызды шексіз сүйеміз, ал Түркі халқының, мына сіздердің Отан сүйгізшілдіктеріңіз өзгеше және ол жағдай барлық жерден көрініп тұрады- дедім мен ерекше құрметпен.

36db654b-3473-44c1-a897-6b1b1b572e83.jpg

Марқайып шықтық, шіркін, бізде де осындай жағдай орнаса екен, әкіміміз халыққа жақын болса екен, халықтың мұң-зарына құлақ түрсе екен, жоғарыға жалтақтамай шешім қабылдаса екен,- деген мың-сан ой көкейге келіп тұрды. Анталия қаласындағы Түркі одағының басшысы Абдуллаһ -бейге мың рақмет, үлкен басын кішірейтіп біздерді Әкіммен жолықтырған, біздің қазақ халқына және Қазақ еліне деген құрметіне. Осы  Конияалти ауданда жақсы жерден "Қазақ" саябағына орын беруіне өтініш жасап, екінші кигіз үйімізді сол жерге орналастырсақ  деген үлкен мақсатымызды жеткіздік, әкім мырза қолдау көрсететін ін айтты .  Кездесуіміз сапалы өтті деп қуанып шықтық.

Қарлығаш Хожамұрат

Пікір жазу
  • Шетелдегі қандастар қазақ халқына үндеу жариялады
    Биыл қанша қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды?

    Ұқсас тақырыптар