Биыл қанша қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды?

Уақыты: 2021-10-07 Көрлімі: 565 Сипаттама

Биыл 225 қандасымыз жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы Нұр-...

211007154436396a3846029i.jpg

Биыл 225 қандасымыз жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамбет айтты, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Жыл басынан бері қандастарға азаматтық беру мерзімі 2 есеге, 6 айдан 3 айға дейін қысқартылды. Шамамен 225 қандасымыз жеңілдетілген тәртіппен азаматтығын рәсімдеді. Реттелмейтін құқықтық мәртебемен анықталған 45 тұлға Қазақстан азаматы деп танылып, құжаттарын алды», - деді Арман Баймұхамбет.

Сонымен қатар ол елімізде төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеу мерзімі оңтайландырылғанын атап өтті.

«Жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу тетіктері де жетілдіріліп жатыр. Осы жылдың 9 айының ішінде 143 мың төлқұжат пен жеке куәлік рәсімделіп, берілді», - деді басқарма басшысы.


Пікір жазу
  • Анталья қаласының аудан Әкімнің қабылдауы
    Биыл 14 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

    Ұқсас тақырыптар