Қытай атынан Олимпиадаға қатысып жатқан 3 қазақ спортшының нәтижелері қандай

Уақыты: 2022-02-07 Көрлімі: 752 Сипаттама

Нақтырақ айтсақ, коньки спортынан - Ақнар Ардақ, шаңғы спортынан - Баян Жалын және Қадыс Беделхан сынға түсті....

220207145909274e.jpg

Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай атынан үш қандасымыз қатысуда, деп хабарлайды  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Нақтырақ айтсақ, коньки спортынан - Ақнар Ардақ, шаңғы спортынан - Баян Жалын және Қадыс Беделхан сынға түсті.

Конькиші Ақнар Ардақ - Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген. Бұған дейін 2019 жылғы Қытай біріншілігінің 5000 метрлік жарысында — «алтын», 3000 метрде — күміс медаль алған. Халықаралық жарыстарға да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданған. Ол осы Олимпиада ойындарында 3 қашықтықта сынға түседі. 5 ақпанда 3000 метрлікте сайысып, 17-орынға ие болды. Айта кетсек, бұл қашықтықта қазақстандық конькиші Надежда Морозова жарысты 13-орынмен аяқтаған болатын. Ақнар Ардақ алдағы күндері 1500 және 5000 метр қашықтықта тағы да мұзайдынға шығады.




Шаңғышы Баян Жалынқызы - Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағы, Жеменей ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қытай біріншіліктерінің жарыстарына қатысып, бірнеше мәрте жеңімпаз атанған. 2020 жылы Дрезденде (Германия) өткен Әлем кубогында 9-орын алған. Кейін Қытай ұлттық құрамасының мүшелігіне өткен. Ол Бейжің Олимпиадасында 15 шақырымдық скиатлон финалына қатысып, 46-орынға ие болды. Ал бұл сында еліміздің намысын қорғаған шаңғышыларымыз Ксения Шалыгина 48-ші, Ангелина Шурыга 49-шы, Валерия Тюленева 51-ші және Надежда Степашкина 58-ші орыннан көрінді.





Тағы бір шаңғышы қандасымыз Қадыс Беделхан Шыңжаң өлкесі, Санжы обылысында дүниеге келген. Қытай біріншілігінің жеңімпазы. 2017 жылдан бері Қытай ұлттық құрамасының үздік спортшыларының бірі саналады. Ол Бейжің Олимпидасында ерлер арасында өткен 30 шақырымдық скиатлон жарысында мәре сызығын 50-ші болып кесті. Ал Қазақстан атынан бұл сынға екі шаңғышы түскен болатын. Виталий Пухкалов төрт жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, 32-ші орынға тұрақтады. Ол жеңімпаздан 7 минут 35 секундқа қалып қойды. Екінші спортшымыз Евгений Величко жарысты аяқтай алған жоқ.

Еске салсақ, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қытай құрамасының есімдері жарияланды. Олардың қатарында 3 қазақ спортшысы бар.











Автор Күнсұлтан Отарбай


Пікір жазу
  • 2021 жылы қандастардың басым бөлігі қай елдерден келді
    ҚР Президенті: Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас, серіктес ел

    Ұқсас тақырыптар