“Қасиетті қазақ елі” V өнер фестивалының жеңімпаздары марапатталды

Уақыты: 2022-08-14 Көрлімі: 405 Сипаттама

Роза Бағланова атындағы “Вокал, Дәстүрлі ән салу” аталымы бойынша
І орын (300 000 теңге)- Нұршат Зейіпхан...

Снимок.JPG

Отандастар қоры ұйымдастырған халықаралық “Қасиетті қазақ елі” V өнер фестивалы 11-12 тамызда   Жамбыл облыстық әкімдігінің қолдауымен  Тараз қаласында өтті. Айтулы шара төрт номинация бойынша 8 елден келген, 35 қандастың қатысуымен өтті, деп қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Қатысушылар төрт номинация бойынша сынға түсіп,  Халықаралық өнер сайысының бас жүлдесін Ресейден келген қолөнерші Айнагүл Барамбаева (500 000 теңге және телевизор) иеленді.

Байқау жеңімпаздары:
І) Жамбыл атындағы “Терме мен Күй” номинациясы бойынша
І орынды (300 000 теңге) – термеші Жаңғар Мамбетназаров (Өзбекстан);
ІІ орын (200 000 теңге) – термеші Нұрсалиев Жанайдар (Ресей)
ІІІ орын (100 000 теңге) – күйші Байзуллаев Арман (Ресей)

ІІ) Роза Бағланова атындағы “Вокал, Дәстүрлі ән салу” аталымы бойынша
І орын (300 000 теңге)- Нұршат Зейіпхан, (Қытай)
ІІ орын (200 000 теңге)- Кдырова Инеш, (Украина)
ІІІ орын (100 000 теңге)- Рустам Русланов, (Қырғызстан)


ІІІ) Абай атындағы “Мүшәйра” аталымы бойынша
І орын (300 000 теңге) – Тілектес Ақылбекұлы, (Моңғолия)
ІІ орын (200 000 теңге)- Мырзатхан Танжира, (Моңғолия)
ІІІ орын (100 000 теңге) – Абдіқалиев Мейрамбек, (Өзбекстан)

ІV) “Қолөнер” аталымы бойынша
І орын (300 000 теңге) – Шалақ Қадифен, (Иран)
ІІ орын (200 000 теңге)- Ырыстанұлы Базар, (Түркия)
ІІІ орын (100 000 теңге) – Ханжарбай Сетерхан, (Моңғолия)

Одан бөлек Шерхан Мұртаза атындағы көрермен көзайымы онлайн дауыс беру бойынша термеші Дәурен Құралбек (Қытай елінен) сыйлыққа (400 000 теңге) ие болды.


Пікір жазу
  • Түркітілдес елдердің бірлескен анимациялық жобасын жасау ұсынылды
    Визаның хикаясы

    Ұқсас тақырыптар