Түркі мемлекеттеріне ортақ біртұтас әліпби жасалады

Уақыты: 2022-10-21 Көрлімі: 344 Сипаттама

Тіл бірлігі мен түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиге көшу процесін жеделдету мақсатын...

221021123038161e.jpg

Тіл бірлігі мен түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиге көшу процесін жеделдету мақсатында біртұтас әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның бірінші отырысы Қырғызстанда өтеді, деп  ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап хабарлаймыз.

Бірыңғай әліпби комиссиясын құру жөніндегі шешім Түркияның Бурса қаласында өткен тіл күнінің 90 жылдығына арналған «Түркі әлемінің жалпы әліпбиі бойынша семинарда» Түркі мемлекеттері үйымының қарауына ұсынылды.

Семинар түрік тілі қоғамының (TDK) басшысы Гюрер Гюльсевиннің төрағалығымен өтті.

Оған ТМҰ ақсақалдар кеңесінің басшысы, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым қатысты.

Комиссия құрамына түркі мемлекеттеріндегі тіл саясаты мәселесімен айналысатын әр ресми құрылымнан екі мүшеден кіреді.

Фото: Анадолы агенттігі


Пікір жазу
  • Қазақстан – Түркия: Білім саласындағы байланыс
    ТҮРKСОЙ аясында Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған конференция өтті

    Ұқсас тақырыптар