ЕЛГЕ ЕЛ ҚОСЫЛСА ҚҰТ

Уақыты: 2022-11-18 Көрлімі: 285 Сипаттама

Омарәлі ӘділбекұлыТәуелсіздіктен кейін елімізде отарсыздандыру үдерісі баяу жүрсе де...

Омарәлі Әділбекұлы

316039923_3326771290927094_5809843309691839057_n.jpg

Тәуелсіздіктен кейін елімізде отарсыздандыру үдерісі баяу жүрсе де ұлттың тұтастану үдерісі біршама жоспарлы,тыңғылықты жүрді. Соның нәтижесінде елімізге милионнан астам  қандастарымыз көшіп келіп еліміздің мәдениет,ғылым,білім,өнер саласында және сауда,еңбек нарығында кемдікті толтырып,кенеулі істер атқаруда. Бұл күнде жоспарланған,әкімшілік,қаржылық ресурстармен  қамтамасыз етілген көш керуені солтүстік пен шығыстағы алты облыс пен батыстағы бір облысқа бағытталса,өз қалауымен келіп ірі  қалалар мен құнарлы,өмір сүруге қолайлы өлкелерге қоныстанып жатқандардың да қарасы мол. Алда шетелдегі қандас кәсіпкерлер мен шығармашылық тұлғаларға арналған он жылдық виза тәртібі немесе "Қазақ картасы " жобасы іске қосылса Қазақ көші сапалық секіріске ие болар еді .

Осы отыз жылда еліміздің саяси,қоғамдық өмірінде айтақалсын жаңалықтар мен өзгерістер болды сонымен бірге ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен "елге ел қосылса құт " деген мақалдың куәсі болдық әрі жан-тәнімізбен сезіндік. Өзіміз жақсы білетін Қытай Қазақтарын тілге тиек етсек біраз нәрсенің байыбына барамыз. Бұл күнде "Қара жорға " биі бүкіл халықтық құбылысқа айналды ол бисіз қоғамдық шаралар,мерекелер,той-томалақ өтпейтін болды. Мархум сазгер Ермұрат Зейіпханның "Көктудың желбірегені " әні еліміздің бейресми әнұранына айналып кетті. Майраның әні,Шұғыланың биі,қарсыласын қапыда қалтыратын Қанаттың гүрзі жұдырығының   құдыреті исі Қазақтың жұрегіне жол тауып,бір-біріне жақындата түсті. Аштық,босқын,регрессиядан қалған сызатты,шекара,измдерден қалған жатсынуды ұмыттырды .

315959087_3326771324260424_8580559852848279792_n.jpg


Көш бастаған азаматтардың алды елге келіп аяғынан тұрған соң қоғамдық ұйымдар,қорлар құрып бизнестің әлеументтік  маңызы мен жауапкершілігін перзенттік парызымен ұштастыра білді әне соның айғағы болып Ақсуатта 2013 жылы мархум Асқар Жакулиннің жеке қаржысымен Жәкула болыстың асы дүркіреп өтті. "Елі ұмытса да,жері ұмытпаған ерлердің" басына және Қабанбай батырдың қубас атына арнаулы ескерткіш тұрғызылды. 2014 жылы Жарма ауданында қандас кәсіпкерлердің ұйымдасуымен Жәнібек батырдың,Байтайлақ батырдың басына зәулім ескерткіш тұрғызылып, Алты алашқа сауын айтып,ас берілді .Сол мезгілде құрылған "Қызай ана" қоры да ел игілігіне орай сауапты істер істеп келеді. Жыл сайын Алматы облысының Талғар ауданының Өстемір ауылында наурыз мерекесін тойлап ақындар мүшайрасын,спорттық шаралар ұйымдастырып отыр. Сол ауылдың бас көшесін асфальттап,жарықпен қамтамасыз етумен бірге жыл сайын озат оқитын қарапайым отбасыдан шыққан студеттер мен оқушыларға арнайы сиақы тағайындап келеді. Кітаптар шығарумен бірге тарихи тұлғаларға арналған құжаттық фильмдерді қаржыландырды. Жақында ғана Қытай мен елімізде сегіз жүз мыңнан астам ұрпақтары жасап жатқан әулие Қызай анаға арнап тұрғызылатын ескерткішке Қазақстан суретшілер одағымен бірлесіп конкурс жәриялан-ды. Конкурсқа Алматы,Астана,Шымкент,Түркістан сияқты қалалардан елуден астам жұмыс ұсынылып солардың ішінен мүсінші Бауыржан Жуасбековтың жобасы бас бәйгені жеңіп алды. Басқа мүсіншілерге де төрт категория бойынша еңбектері бағаланып ақшалай силық берілді. Қарашаның 11-і  күні қор төрағасы тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметқанұлы,қор атқарушы директоры Базарәлі Әріпұлы,қор құрылтайшысы ,болашақта ескерткіш қойылатын саябақтың иесі қоғам қайраткері Рақым Айыпұлы және мүсінші Бауыржан Жуасбеков мырзалар кеңсемізге келіп мүсін туралы,қордың атқарар жұмысы жәйында тұшымды ойларымен бөлісті. Көш көлікті болсын ,Ағайын !


Пікір жазу
  • Түркістанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған түркітанушылар конгресі өтті
    «Ұлттық бірегейлік - тәуелсіздіктің кепілі» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтеді

    Ұқсас тақырыптар