Екі елдің арасын жақындатқандатудағы қауымдастықтың ролы

Уақыты: 2022-12-03 Көрлімі: 708 Сипаттама

Арман мен асқақ рухтың тоғысқан жылдары......

Арман мен асқақ рухтың тоғысқан жылдары

       1990 жылы елге оралғаннан соң екі жылда, яғни 1992 жылы 28 қыркүйектен 4 қазан аралығында ДҚҚ-ның тұңғыш Құрылтай Алматы қаласында дүркіреп өтті, қарапайым қандастардың қатарында маған да бұл Құрылтайдың берері молынан болды. Себебі әлемнің 33 елінен 800 өкілдің келуі Қауымдастың тарихындағы «генис рекорды» болса, жиналыстың келген қандастардың көңіліне ұялатқан жылуы мен арманған толы асқақ руқтын да биігін паш еткен ерен жиналыс болды. Нәтижесінде аталған жылдың 2 қараша айында тіркеуіне «Дүниежұзі Қазақтар Қауымдастығы» деген куази мемлекеттік орган дүниеге келді. Сол жылынан бастап бұл ұйым «мәдетениет алмасу», «көрші елдің ішкі ісіне араласпау» екі принцептерді алдыға тартып, атамекенге оралған және ораламыз деген қандастардың құтты мекендеріне апарып қоныстандырып, табандарынан тұрып кетуіне бір кісілік үлесін қосқанын, сырттан оралған олар бүгінде Қауымдастықтың жақсы жағын өнеге етіп айтып жүр. Осы орайда аталған мекемеде аянбай қызметк еткен Султанәлі Базарбайұлы Балғабаев ағамыз бен осында отырған Ботагөз Уатқанқызын ерекше ілтіпатпен ауызға алғаным жөн болар. Олардың арғы беттен ат артып жеткен ағайындарға шаршамай жергілік адамдар үшін тым қарапайым бір сұрақты қайталап түсіндіріп жеткізе алмай қиналғанына сан мәрте куә болғаным бар. Осы азаматтар мен азаматшалардың қамқорлығымен қаншама ауылдастарымыз есін жинап елге қосылды десеңізші. Демек 2017 жылына дейін бұл Қауымдастық куази мемелкеттік мекеме ретінде толық қанды «Бейімделу» орталығына айналғанын көрдік.


1990 жылдарының басында өздеріңізге мәлім еліміздің ішкі жағдайы мен сыртқы елдерімен арадағы қатнастар тым шиеленсіп тұрған кезі еді: шығыстағы алып көршіміз жаңа қана егемендігін алған Қазақстанның геосаясидағы кележатқан жылдарында қандай бағыт ұстанады, өз еліндегі этносара күрделі жағдайдың ұшығып кетуіне себеп болмай ма? Немесе теріскейдегі алып державамыз билігі үндемесе де зияли қауымның кейбір өкілдері еліміз ішіндегі кеуделі топтардың астартың бірігуіне себеп бола ма деген еліміздің үкіметінде үрей қатты болғаны рас. Сондықтан да болар Қауымдастықтың жарлығына әуелі бұл ұйым саяси ұйым емес, ол саясатпен айналыспайды, тек «Елара мәдениеттің алмасуына» дәнекер болады дегені. «Мәдениет алмасудың көпірі» демекші Қауымдастық ҚХР мен Түркия тектес елдерге сансыз рет көрме ұйымдастырып, барған елдерінде қазақтардың ұлтық өнері мен рұхани байлықтарынң тұс-тұстарын таныстырумен айналысты. Ал, маған қадырған әсері әуелі оралықтын өз жанынан қаражат шығарып қандастардың әдеби, тарих және көркем өнер салаларынан қатысты 700 баспа табақ, 54 монографилардың баспадан шығуы болды. Ұзын сөздің қысқасы, Алматы Қаласына орналасқан ДҚҚ Қазақстан жеріне табаны тиген қандастардың соқпай кетпейтін, кеңес алмай тұра алмайтын жартылай қоғамды ұйымғанын көзіміз көріп, құлағымыз тыңдап оның әрбір басқан қадамына тақымымызды қысып отырдық.


Егемен елдің елеулі ерлері – қандастар

       Ал, қандастарымыз да құралақан келген жоқ. 2002-ші жылы араға 10 жыл тастап 2-ші реткі ДҚҚ құрылтайы ашылып қандастарға үкіметтің берілген көші-қонның квотасы 5000, 10000, 15000... отбасына жылдан жылға көбейіп, ақыры елге оралған қандастардың адам саны 1 миллионнан артыпты. Бәйтеректің жайылған тамырындай 1 миллионнан тараған үрім-бұтақтары бүгінде 1,5 миллион адамға жетіп асқаны анық. Адамның саны қалай тез өссе қандастардың қоғамдық салаларындағы атқаратын рөлі де соншалықты  ерен өсті, әл-ауғаты да соншалықты нығайды. Бұл жерде Қытайдан келген ағайындар озып көш алдына шықты. Күн шығыстағы көршіміздің тілін біліп,жақсы дәстүрі мен салтын бойына дарытқан қандастармыз сол елдің түрлі ірі  компанияларымен селбесе біліп қазақ еліне өнер кәсіптің түрлі салаларында кәсіптерін дөңгелетіп елімізге әрі салық әрі жұмыссыздықты азайту бағытында қомақты үйлес қосып келе жатыр. Бұл туралы сіздерге Нәбижан Мұқаметханұлының арнайы жазылған монографиясы «Халықаралық феномен: қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісі» (Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы: Қазақ ун-ті, 2021) монографиясын оқуды кеңес беремін. Бәрін айтта бірін айт, мен тарихшы болғанан соң аталған саладағы Қытайдан оралған зияыі қауымның осы елдің тарих саласындағы деректануда қосқан үлесін ерекше мақтанышпен ауызға алар едім. Сөзім нық болсын десеңіздер, осы жерде отан тарихшысы Бахыт Еженгханұлының ел тарихын, соның ішінде XVIII-XIX ғасыр Қазақ-Қытай қатынасын зерттеуде қосқан сүбелі үлесінінен  бір ғана мақаласын назарларыңызға бергім келеді (Бахыт Еженханұлы, «Абылай ханның цин патшалық ордасына жолдаған тұңғыш хаты және одан туылған тарихи мәселе». Известия НАН РК, Серия общественный науык, 2010, No 2). Тарихшылардың назарынан тыс қалған бұл мақаланың бізге берері зор. Себебі 1757 жылы «Абылай ханның Манчин патшасы Еженге жазған хаты» деп «жаһанды жаулап алған» нұсқасына сеніп, Абылай хан бастаған қазақ халқы «XVIII ғасырда Чиң үкіметіне бодаулыққа жығылып, Қытай билігін қабылдаған» деген тұжырымды барлық тарихшылар ертеде-ақ қортындысын шығарып тастаған.

       Алайда, отан тарихшысы Бахыт Еженханның тынымсыз ізденісінің арқасында бұл мәселеге қайта оралуға тұра келіп отыр, яғни хаттың манчу мен тото тіліндегі екі бірдей нұсқаларында Орта жүздің ханы сәлемін басқаша жеткізіпті.

       Қандастардың отанына не берді деген сұрақ еліміздің біліктілері арасында жиы қойылады. Мен айтар едім  олар көркем- өнер, тарих бен аударма саласында жаратылыс пәні мен медицина салаларында ереулі еңбектерінен көрінумен бірге рұхани саланың жаңғыруна үлкен себепкер болды. Адами қатынастың адамгершіліктің мызғымас қағидасын әкелді; өте-мөте еңбекқорлық рұқты әкелді; Қазақстан екінші отаны ретінде оны өздері келген елмен араны жалғауға зор үйлес қосып келеді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан өзара көмекке қол үшін беріп, берген уәдені айтқызбай орындау, қонақ жайлығы мен әрқашан ақжарқын ашық мінезбен алға жылжып, қыйыншылыққа төзімді болуы, басқаларға мейрілерін сыйауда Қытай қазақтар баяғыдағы өнегелі ұрпақтардан үйренгенін тастамай осы елге ала келген. Бұл жағында осы елге қоныс аударған қандастардың ішінде Қытай қазақтары арасында ерекше байқалады, яғни береке- бірліктері жарасқан тек қана алға деп қозғалып кележатқан қауым ретінде әлі де береі мол.


Геосаясаттың қыспағында қалған, көші-қоннан тыс қалған ДҚҚ

Қауымдастықтың жүріп өткен 30 жылын ой елегінен өткізіп, тархын көз алдымызға келтірсек, аталған ұйымның «Бейімделу орталығы» ретіндегі «Алтын дәуірі» 2002-2015 жылы арасында болыпты деп жатырсыздар, бұнымен толық келісемін. «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» кезінде Қауымдастықтың бас ғимаратында (Алматы қаласы Жібек жолы мен Уалиқанов к-шелерінің қиылысында) «Күлтөбеде күнде жиын күнде той» бейне бір той думаның орталығы еді. Бүгінде оның ремонті жүрмей, мұң  басқан құлазып тұрған келбетін көріп сырттан келген ағайындар «өткен күннен белгі жоқ екен» десіп, оған ат ізін салмайтын болд. Бұл рас! 2017 жылы кезектегі ДҚҚ 5-ші құрылтайы өткеннен соң Қауымдастықтың жанынан «Отандастар қоры» деген бір ұйым тағы пайда болып, Қауымдастықтың біраз функцияларын «жұлып алып алған», біздің «Бейімделу орталығының» тіршік тынысы тіпті де тарайып, әуелгі куази мемлекеттік органнан бүгінгі күні түймедей ғана елесі байқалады.  Бұған себептер іздеудің қажеті жоқ болар. Өздеріндей біліктілермен кеңесуімнің нәтижесі төмендегі үш жағадайды айтады.


  Біріншіден, әубаста 1992 жылы қараша айында Әділет министрлігінің тіркеуінен өткенде-ақ Дүниежүзі қазақ қауымдастығы өзіне қандастарды елге қайтарып, оларды Қазақстанның жер-жерлеріне таратып орналастыратын қоғамдық орган болмағандықтан, өзінің мойынына бұл зор міндетті алмаған. Ұйымның жарғысына көз салсақ, «ДҚҚ елара мәдениетің жалғайтын көпірілік рөл атқарып, көрші елдің ішкі ісіне араласпайды» деп тұрып, көші-қон ісінен ат-тоны алақашқанын біреу білсе біреуі білмеген. Бұл туралы сырттан енді ғана ат артып жеткен ағайындарға жеткіземіз деп тиындеп жалақы алатын Қауымдастың ғимаратында отырған отаншылдықтары күшті қайратты қызметкерлері уақыттарын түсіндірумен өткізген. Сол қайраткердің біреуі де бірегейі де осы отырған Ботагөз Уатқанқызы. Демек геосаясиға қарап ойысқан ДҚҚ бүл ұйымға жан-жақты қолдау көрсетудің орнына еліміздің айлығын барынша тонаған «ұлықтар» қаражаттан қысып, «Өз күнінді өзін көр, көре алмасан, жауып көр!» дегені білініп-ақ тұрды. Осы кезде ертеректе келіп, ауқаттанған «оралман ағайндар» аяқ астынан кеше өздеріне қол үшін берген Қауымдастықтың қаржы қайнары болғанын қайтесіз. Қазақ билігі сол кезде еліміздің көршілеріне, соның ішінде ҚХР мен Рессей үкіметтерінің қабағына қараса қарағандай-ақ болғанын сіздер менен де жақсы білесіздер: шығыста ҚХР енді ғана егемендігін алған Қазақстан Республикасы құлашты кеңінен тастап СУАР-дың қыл үстінде тұрған этникалық ара қатынасына кері ықпалын тигіземе жоқ па деген кумәнға толы ойларымен жақын бақыласа, теріскейдегі елдің Александар Солженицын бастаған кейбір саясаткерлері басымызға қара бұлтты үйіргенін есімізде. Осы себептен 1992 жылы желтоқсан айында Қаудыстық тұңғыш реткі форумын өткізіп, жиында Герольд Бельгер, Мырзатай Жолдасбеков т.б. қоғам қайраткерлеріне марапатау айтылып, медал берілгені.


  Екіншіден,  1992-2010 жылдар елге оралған ағайындар көбісі аяғынан тік тұрып, үкіметке қол жаюдың орнына аржақтағы туысқандарын өздері шақыртып, келгеннен соң да үкіметке аурпашылық салудың орнына жергіліктік жағдаятқа бейімделу, тіпті жұмыспен қамтамасыз етуге өздері кіріскендіктен Қауымдастықтың алғашқы рөлін солар бөліп алып кеткен жері бар.


  Үшіншден, ел ауызынан жиі естіп жүрміз: бұрынғы биліктің рушылдық идиядан туындаған салқындық көзқарасы өкіметтің көші -қонына қатты кері әсерін тигізген деген. Оған себеп еліміздің құрметті ақсақалы атанған кейбір ағаларымыздің сырттан келетін қандастарға сол елдерінде отыра берсін елге келмей-ақ қойсын деген уәжі  негіз болған көрінеді. Бұл да қызық сыртта отырған қандастарымыздың дені Орта жүз қазақтарынан құралады екен. Қытай жерінде азырақ албан тайпасына қараған рулар бар демесеңіз. Алайда бұл тұжырым рас болса да, уақыт өтті оны артқа тастап, біз енді Жаңа Қазақстанға бет алдық. Сол жағын көбірік айтуға тиісітіміз деп ойлаймын.

  Геосаяси жағдайды ауызға алғанда бүгінгі күні көрші елдерде ұшығып тұрған елара қатынастың жаңаша ауқыммен  көріп отырып, біз жақында қайта саланған президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевға сенім артып, бір жағадан бас, бір женнен қол шығаруды үнемі есте сақтаукымыз керек. қандастардың ықыласы қатты ауып, сенім артып отырғанын өзім жақсы байқап отырмын. Тоқаев мырзаны ауызға алғанда маған ол ағамыз әуелі ғылымның жанашыр болғаны жанымға жылу ұялатады. Бір мысал, осы елге Қытай тарихшысы Су Бейхайдың «Қазақ халқының тұтас тарихын» қазақ тіліне аударуға ең алғашқы адам ретінде елдің назарына ілінген. Сол кезде әлі Қазақстан сыртқы істер министрі болған кезінде отан тарихшысы Тұрсынхан Зәкенұлына хат жазып, аударуға кеңес бергенін бәрімізге белгілі. Одан бері Білім министрлігі мен Ғылым министрлігі өз алдына екі мекеме болып бөлінгені  және Ғылым министрлігіне қаражаттың құйылып жатқанынанда бей хабар емеспіз.


Қортынды

  Бұл қысқаша жасалған баямдаманың қортынды ретінде айтарым қысқа да нұсқа: Қауымдастықтың ертеңіне көз жіберсек, ағайындарды үміт оты әлі өшпеді. Керсінше ол бүгінгі Қазақстаның жағдаятына ойысып өзін жаңа қырынынан көрсете алады деп сенеміз. Атап айтқанда осы жерде отырған Омарәлі Әділбекұлы арқылы осы ұйымның басшыларына жеткізгім келетіні жақында Қазақстан үкіметінің бекітуімен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан жасалған «Ашық Қазақстан 500+» атты көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітіліп шықты. Бұның біз үшін екі маңызды бағыттары: біріншіден «Қазақстанды өңірлік білім беру хабына айналдыруды көздейтін білім беру иммиграциясы». «Бұл бағыттағы жұмыс жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын күшейтуге және білім беру сапасын арттыруға арналған». Екіншіден, «азаматтарды еңбек күші жетпейтін өңірлерге көшіп баруын ынталандыру да тұжырымдаманың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл ретте көшіп барғандарды баспанамен, әлеуметтік инфрақұрылыммен және жұмыспен қамтамасыз ету алдын-ала пысықталады».

  Бұл әліде толықтыруды талап ететін «бағдарлама» екенін мына қатарларынан оқып білуге болады, «Ол үшін 100 үздік оқытушы мен сұранысқа ие технологиялар бойынша ғалымдарды Қазақстанға тарту ұсынылады»  (Abai.kz). Қош көрдік дейік! Алайда бұны тек жақсы ниетте жасалған мемлекеттік үлкен миханизм ретінде қараймын. Әлі «көш жүре дүзеліп» тармақтық атрибуттарын толтыруды қажет етеді. Сөзім құрғақ болмасын бір мысал, Жақында АҚШ-тан сол жаққа ертеректе кетіп қалған бір қандасымға бұл жағымды хабар тез жетіпті, ол айтады «Жігер сен біліп берсен, менің әріптесім екеуіміз жақында бір өнімді АҚШ-тың Патенттік басқару бюросынан өткізейік деп жатырмыз. Осыны андағы жерге әкелсек, я, визаны ғой 10 жылға аламыз дейік, ары қарай Қазақ елінде өндірсек бұл жерде тіркелген паттентік ұқықты Қазақ үкіметі мойындай ма, салықты бастапқы кезеннен ақ төлей береміз, бізге жеңілдіктер керегі жоқ, тек Астанаға жақын жерде 5 гектар жер берсе. Оның құжатын қанша уақытта алуға болады...» тағысын-тағы. Мен де сенің сұрағыңа жауап жоқ дедім. Себебі мен өзімде осы «бағдарламаның санға толы, мысалы «500+» немесе «100 үздік оқытушы мен сұранысқа ие технологиялар бойынша ғалымдарды Қазақстанға тартудағы» 100 деген санды қайсы негізде алып отыр және сырттан келетін қандастарға үкіметтің берер төлем ақысы көлемі қандай, оның кім береді және қанша уақытқа беріледі... Сөзімнің соңында әлгі АҚШ-та жасап жатқан қандасымызға былай деп қана жауап қайырғандай болдым, қазірше бұл «Бағдарлама» тек 10 жылға берілетін «Ғылыми-педагогикалық виза» немесе «Ата жолы» картасын енгізумен шектеліп тұрған көрінеді.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, Үкіметіміз белін шешіп  кіріскен екен, ол осында отырған Омарәлі Әділбекұлындай ұзақ жыл көші-қон ісімен айналысып, кәсіпті де бірге дөңгелеткен білімді азамдардың ақыл-кеңесін ауадай қажет етеді. «Қалауын тауып қарды жандырып» .

Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет! Призедентіміз Тоқаев мырзаның басшлығында сыртқы миграцияда «санынан сапаға» қарай көшіп, шығысымыз бен теріскейдегі көршілермізбен арадағы көпірді ары қарай жалғастыра берейік!


 

Жігер Жанәбіл

New Vision орталығы, Алматы қаласы

Пікір жазу
  • ҚАУЫМДАСТЫҚ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН
    Санкциялар ЕАЭО елдерінің экономикасына қысым көрсетіп жатқанын мойындау керек - Тоқаев

    Ұқсас тақырыптар