Түркі мемлекеттерінің сауда динамикасы 25 млрд долларға өседі

Уақыты: 2022-12-21 Көрлімі: 718 Сипаттама

Орталық Азия медиа форумының екінші күнінің панельдік сессиясы басталдыФорум алаңынд...

Орталық Азия медиа форумының екінші күнінің панельдік сессиясы басталды

El.kz

Форум алаңында Түркі мемлекеттер ұйымының сарапшылары "Халықаралық ұйымдар – ынтымақтастық көпірі» тақырыбында пікір алмасты. Сауда өнімдері мен экономикалық әлеуетті жоғарылату бойынша бағдарламалармен таныстырды, деп  El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Эксперттер халықаралық ұйымдармен біріге отыра салааралық деңгейдің тұрақтылығын сақтау керектілігін алға тартты. Геосаяси жағдай кезеңінде туындаған қиындықтар алдағы уақытта қайталанбас үшін жекешелену арқылы жаңа бағыт құру қажет екендігін жеткізді.

«Алдағы бес жылдықта тілі мен діні ұқсас бес мемлекеттің ынтымақтастығын барлық сала бойынша әлеуетін жоғарылататын боламыз. «20-40»» бағдарламасы аясында энергетика, экономика және көлік мәселесі бойынша үлкен прогреске қол жеткіземіз. Ресей мен Украина арасында болған қақтығыс та бізге үлкен сабақ болды. Тілі мен діні бір елдердің жекешеленуі қажеттілігі туындады. Қазіргі кезде экономиканы көбейту 700 млнды құрап отыр» - деді Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев.

Сонымен қатар, ТрансКаспий дәлізін кеңейту жобасы қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

«Транспорт мәселесі кең ауқымда шешімін тауып жатыр. ТрансКаспий арқылы Батыс елдеріне тауарларды жеткізу оңайға соқпақ. Аталмыш дәліз арқылы Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Түркменстан елдеріне арнайы логистика құрылатын болады» - деді Кубанычбек Омуралиев.

Сөз соңында жекеменшік және мемлекеттік баспасөз өкілдерімен бірлесе отыра жаңа бағытта жұмыс істеу керектігін айтты. Сонымен қатар медианың ортақ платформасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен бірлесіп жүзеге асырылатынан атап өтті.

Снимок.JPG

Сондай-ақ Халықаралық түркі мәдениеті және мирасы қорының басшысы Гюнай Эфендиева бұл форум Түркі халықтарын бір-біріне жақындастыратындығын атап өтті.

«Біз Түркі халықтар арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды нығайтып, қарым-қатынас пен бейбітшілікті тұрақты дамытамыз. Орталық Азия – Түріктің жалпы әдебиетінің орталығы болып табылады. Мәдени құндылықтар қалдырған ғаооымдар осы жерде өмір сүрген. Әл-Фараби, Абай Құнанбаев және тағы басқа тұлғалар белгілі. Олар осы жерде өз туындыларын жасады. Көптеген халықтың өкілдері бар. Сол уақытта қиыншылықтарға төзе білді. Қазіргі уақытта біз өз әлеуетімізді дамыту үшін және ынтымақтастық аясында бірлесіп жұмыс жасауға жұмсаудамыз», - деді ол.

Сондай-ақ, спикер бұл бағытта халықаралық ұйымдардың да рөлін атап өтті.

«Біз мәдени байланыстарды дамыта отырып, Түрік әдебиетінің біріңғай жұмысын жандандырып, әлемге Түрік мәдениетін таныстыру басты мақсатымыз. Рухани құндылық үлкен байлық болып табылады. Бірінші кезекте өзіміздің құндылықтарды әспеттеп, ұрпаққа қалдыруымыз қажет.», - деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Орталық Азия медиа форумының екінші күні.

Фото: El.kz


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Орталық Азия медиа форумының қатысушыларымен кездесті
    Әлаулайым аяқталса, қалаулайым басталады

    Ұқсас тақырыптар