Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.
«Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға баратыны хабарланды.
Екінші топ құрамында 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептер бар.
Сондай-ақ қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанғаны хабарланды.
Фото: ҚазАқпарат