Кеше "Abai.kz" ақпараттық порталының редакциясына Қытайдан Қазақстанға оқуға келген бір топ студент хабарласты. Барлығының арыз-арманының ауаны бір. Ықтиярхатпен ҚР азаматтығына құжат тапсырғандар. Құжат тапсырғандарының алды 7-8 айдан асса да, әлі шықпаған екен.
Олар Қазақстаның Жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер. Кейбірі дайындық курсында білім алып жатыр екен. Олар Қытайдағы саяси сүргіннің салдарынан, ол жаққа қайтудан бас тартқан. Алматыға жиылыпты. Оларды жазғы демалыс кезінде баспанамен қамтуға үлкен көмегін тигізген "Атажұрт жастары" еріктілер бірлестігінің азаматтары көрінеді. Өздері солай дейді.
Арыз-арманын айтып, араша сұраған жастардың әңгімесін біз де тыңдадық. Сөйтсек, алғаш келгенде араға түскен делдалдарға алданып қалған екен. Олай дейтініміз, кеше Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданының көші-қон полициясына құжат тапсырған 5 студентті ертіп, Есікке бардық. Ондағы аудандық көші-қон полициясына жолықтық. Студенттердің құжаттары неліктен кешігіп жатқанын сұрадық. Электронды базадан тексердік. Сөйтсек, 5 студенттің бірі құжат тапсырғанына 1 ай уақыт болғандықтан, оның құжаттары компьютер базасынан шыққан жоқ. Ал тағы бір студенттің құжаты базадан көрінді. Азаматтығы енді аз уақытта қолына тиетін болды. Бұл екі студент ҚР Азаматтығын алу үшін өтініш берген екен.
Ал өкінішке орай, тағы 3 студенттің құжаттары базаға тіркелмеген. Ал олардың алды құжат тапсырғанына 7 ай, кейінгісі 5 айдан асқан. Бұл студенттер Қазақстанда жүріп-тұруға рұқсат беретін ықтиярхат алмаққа құжат тапсырған. Кейін сұрастыра келсек, бұл 3 студент құжаттарын делдалдарға тапсырыпты. Ал әлгі делдалдар телефон тұтқасын көтерген жоқ.
Біз жоғарыдағы 5 студенттен бөлек "құжат жасап беремін" деген алаяқтарға алданып қалған бірқатар студенттің тізіміз түзіп шықтық. Олар міне:
Мәдениет Талап
ҚХР Іле, Нылқы ауданында туған
Өскемен қаласы, С.Аманжолов атындағы ШҚО Мемлекеттік университеті
Ықтиярхатқа құжат тапсырғанына 8 ай болған
Делдалы - Абай Серік
Айсұлу Тұрсынбай
ҚХР ШҰАР, Тоғызтарау ауданында туған
Алматы қаласы, Қыздар педогогикалық университеті
ҚР Азаматтығына құжат тапсырғанына 3 ай болған
Нұркелді Ылғар
Шыңжаң, Құлжа тумасы
ҚазҰУ
Оралман куәлікке тапсырғанына 4 ай болған
Шелек көші-қоны
Сақай Жайдар
Құлжа қаласы, Мұңғылкүре тумасы
ҚазҰУ, дайындық курсы
Ықтиярхатқа құжат тапсырғанына 5 ай болған
Делдалы Гүлнұр Тәлім
Жолболды Сәйдіқапар
Құлжа қаласы, Күнес ауданы тумасы
Атырау Мемлекеттік университеті
Ықтиярхатқа тапсырғанына 6 ай болған
Шелек көші-қоны
Мақпал Зәйтқан
Құлжа, Күнес ауданы тумасы
Қызылорда қаласы, Қорқыт ата атындағы Мемлекеттік университет студенті
Ықтиярхатқа құжат тапсырғанына 7 ай болған
Делдалы - Абай Серіктің туысы Жеңісбек Шалқар
Ертай Еділ
Шыңжаң, Күнес тумасы
Шымкеттегі М.Әуезов атындағы Мемлекеттік университет
Ықтиярхатқа тапсырғанына 7 ай болды
Делдалы - Абай Серік
Елшат Тұрсынғали
ҚХР, ШҰАР, Іле, Нылқы ауданы тумасы
Тараздағы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті
ҚР Азаматтығына құжат тапсырғанына 8 ай болды
Делдалы - Абай Серік
Жоғарыда аты аталған студенттердің дені делдардарға алданып қалғандарын айтып отыр.
Әзірге аты-жөні белгілі бірлі-жарым делдардар мыналар:
Абай Серік, Жеңісбек Шалқар, Айдын делдал: Бұл азаматтар жайлы толық мәліметті алдағы уақытта жариялайтын боламыз.
Абай Серік
Құжат тапсыруға көмектескені үшін 65 мың теңге алып отырған
Жеңісбек Шалқар
Құжат тапсыруға көмектескені үшін 65 мың теңге алып отырған
Айдын делдал
Құжат тапсыруға көмектескені үшін 65 мың теңге алып отырған.
Алдағы уақытта бұл тізім толыға түседі. Ал әзірге бізге хабарласқан азаматтарға полицияға арыз беріп, делдалдық қызмет көрсеткен азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға кеңес бердік.
Кәмиша Есмұхамбетқызы, заңгер:
- Заңгерлік қызмет көрсету үшін немесе құжаттарды рәсімдеу бойынша салық комитетіне заңды тұлға ретінде тіркелмей, делдалдық қызмет көрсетуі заңсыз әрі алаяқтық болып есептеледі.
Бұл ҚР 190 бабының 1 тармағына сәйкес жауапқа тартылады. Сенім хат негізінде құжаттармен айналсып, өз қызметі арқылы табыс тауып отырған адамдардың әрекеті де заңға қайшы.
Олар салық төлеуден жалтарып заңсыз пайдаға кенеліп отырғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылыққа кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Жалпы бізге шағымданып келетін қандастарымыз, көш-қон полиция маңайында нотариус, аудармашы конторалар кез келген мәселеге араласа алатынын, қаражат беріп мәселені оңтайлы шешуге болатынын айтып отыр. Осы тұрғыда полиция қызметкерлеріне пара ұсынудың өзіне қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын естеріңе сала кеткім келеді.
Яғни тіпті делдалдарға мәселесін шешу үшін ақша бергенің өзі заңсыз әрекет дегім келеді.
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Дереккөз: Abai.kz
Jebeu.kz