ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановқа хат

Уақыты: 2018-09-28 Көрлімі: 1918 Сипаттама

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мырзаға Құрметті Қайрат Құдайбергенұлы!«...

07E677FE-6F7E-4819-9E8C-5E365FE3C638_cx9_cy8_cw76_w1023_r1_s.jpg

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мырзаға

 

Құрметті Қайрат Құдайбергенұлы!

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 2009 жылы құрылғанан бері қандастар мәселесін көтеріп келеді. Бұған дейін де өздеріңізге бірнеше хат жазғанбыз. Біздің хат қоржынымыға ҚР азаматы Дүйсенбек Ерденбек деген азаматтың хаты келіп түсті. Хатта бұл азаматтың әкесінің Қытайға барып, қайта келе алмай жатқаны жазылған. Қаттың толық нұсқасы төменде көрсетілген. Осы хатты назарға ала отырып, Дүйсенбек Ерденбектің әкесі Дүйсенбек Зақибекұлының мәселесін қарастырып, өз отбасына қауышуы үшін тиісті шараларды қолдануларыңызды өтінеміз.

Дүйсенбек Ерденбектің хатының толық нұсқасы:

Мен Дүйсенбек Еренбек Қазақстан азаматымын (ЖСН: 940720350115, жеке куәлік №: 037449588). 20.07.1994 жылы ҚХР-да туғанмын. 2006 жылы маусым айында көшіп келіп, 2008 жылы 29 наурызда ҚР азаматтығын алғанбыз. Әкем Зақибек Дүйсенбек (ҚР азаматы 05.04. 1969 жылы Қытайда туған, ЖСН: 690405350654, жеке куәлік №: 037291750) 2017 жылдың 24 наурызында Қытайға кеткеннен бері бір жарым жыл болды. Содан бері елге қайтып орала алмады. Қытайға кетудегі себебі әкесі Зақибек 30 жылдан артық су саласында бухгалтер болып істеп, кейін ауыл басшысы болып қызмет істеген. Сол кезде су саласындағы орына менің әкем Дүйсенбек жұмысқа тұрған. Кейін осы мекеменің басшысы әкемді еш себепсіз қызметінен алып тастаған. Сондан әкем Дөрбілжін ауданына 3 жыл арызданып, соңында арызын тастап 2016 жылы Қазақстанға келіп алған. Былтыр су саласындағы бухгалтері Дөрбілжін ауданында кездесіп «сені таба алмай жүр едім, енді Қытайдың заңы жақсарды. Қазақстандағы азаматтығыңнан шығып келсең, 4 000 юан зейнетақы аласың» депті. Сол бойынша әкем алданып, Қытайға кеткен.

Қытайға барған соң айтқан зейнетақысын да бермеген, ол жақта басқа туыста жоқ, кері қайта да алмай далада қалып қойған. Қазір денсаулығы күннен күнге нашарлап барады. Біз ақша беріп, емделуіне көмектесіп тұрмыз. Бірақ, әкемнің жағдайы өте нашар. Сондықтан Қазақстанның Қытайдағы елшілігі арқылы әкемнің құжаттарын қайта қалпына келтіріп, елге қайтуына мүмкіндік берулеріңізді ҚР азаматы шешем Домалай Мәденгүл (10.07.1970 жылы Қытайда туған, ЖСН: 7007710499031) мен інім Мейрамбек Дүйсенбекұлының атынан (26.11. 2003 жылы Қытайда туған) сұраймын. Қазіргі әкемнің қолданып жүрген телефон нөмірі: 18599316767.

Дүйсенбек Ерденбек

11.09.2018

 

«Жебеу» Республикалық қоғамдық

 бірлестігінің төрағасы                                                  Омарәлі Әділбекұлы

Дүйсенбек 1.jpg

Дүйсенбек 2.jpg27123825-c40d-4bf6-8af7-06472ff879d4.jpg

6132c1cc-6d62-4f96-aae2-c985fcc7e403.jpgdb6c9254-e333-42d8-888d-559d21dab0bb.jpg5969c7d5-8c9d-45a0-8e76-86077619572f.jpg

2e177880-1690-4563-a7dd-06ea51d9f708.jpg

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведумен кездесті
    Дархан Кәлетаев: Азаматтық қоғамды дамыту жүйесіне тың серпіліс жасауымыз керек