Алматы қалалық Қоғамдық кеңесітің төрағасы Рахман Алшанов мырзаға хат

Уақыты: 2019-04-09 Көрлімі: 260 Сипаттама

Алматы қалалық Қоғамдық кеңесітің төрағасы Рахман Алшанов мырзаға Тәуелсіздіктен бер...

Алматы қалалық Қоғамдық кеңесітің төрағасы Рахман Алшанов мырзаға7F968F44-17D0-4845-8DD8-379B78BC908A.jpeg

 

Тәуелсіздіктен бері елімізге шетелден миллионнан астам қандасымыз оралып Қазақстан азаматы болды. Тұғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР үкіметінің қамқорлығында ҚР Көші-қон туралы заңы жылдан жылға кемелденіп, ҚР азаматтығын алу тәртібі жеңілдеп келеді. Бірақ әлі де қандастарымыз ҚР азаматтығын алу барысында түрлі кедергілерге ұшырап отыр. Осы мәселелердің шешілуіне түрткі болу үшін Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің жанынан «Тарихи Отанына оралған қандастарымыз мәселесі мен миграциялық саясат» туралы жұмыс тобы құрылды. Осы орайда сізге және аталмыш жұмыс тобының назарына қандастарымыздың басындағы төмендегідей өзекті мәселерді жеткізіп, тезірек шешілуіне ықпал етулеріңізді сұраймыз:

1.        Үш жылдан бері Қытайдағы қандастарымыз түрлі қысымға тап болып, көптеген ҚР ықтиярхатымен жүрген қандастарымыз Қытайға барып уағында қайтып келе алмады. Енді қандастарымыз елге келіп ҚР азаматтығына құжат тапсырайын десе, жергілікті көші-қон полициялары ҚР Көші-қон заңының 49 бабы бойынша «Қазақстан аумағында 183 күннен артық болмағандықтан ықтиярхат күшін жойған» деп өтініштерін қабылдамауда. Осыған орай Қытайдағы жағдайды ескерере отырып, осы азаматтар үшін ҚР Көші-қон заңының 49 бабына мораторий жайлауды;

2.        Оралман мәртебесінің уақытының өтуіне байланысты ҚР азаматтығына құжат тапсыра алмаған Қытайдан келген бір бөлім қандастардың ҚХР паспорттарының уақыты өтіп кеткен. Қазірге дейін Қытай консулына 100-ге тарта пасортының уақыты өткен қандастардың өтініншін кіргіздік. Олардың тек бір бөлімінің ғана паспорттары жасалып қолына тиді. Қытай елшілігі мен Алматыдағы Қытайдың консулдығы бұл адамдардың Қытайдағы бұрынғы жұмыс орындарын анықтама сұрайды. Сонымен бірге бұл паспортының уақыты өтіп кеткендер ата-анасы Қытайда тұратын, мұнда туыстарының қолында оқитын оқушылар, олардың паспорттарын жасамай Қытайдағы ата-анасынан облыс орталығынан алынған сенім хат сұрап отыр. Қытайдағы қазіргі жағдайда бұл сенімхатты алуға көптеген адамдардың мүмкіндігі жоқ. Осыны ескере отырып, ҚХР паспорттарының уақыты өтіп кеткен қандастардың паспортын қайта жасатуға ҚР Сыртқы істер министрлігінің араласуына, тіпті болмаған жағдайда осы паспортсыз жүрген азаматтарды «азаматтығы жоқ тұлға» ретінде танып, ҚР азаматтығына қабылдауға ықпал етулеріңізді;

3.        2016 жылға дейін қандастарымыз азаматтық алған кезде бұрынғы елдің паспортын ҚР Көші-қон полициясына  тапсыратын, Көші-қон полициясы қандастарымыз бұрынғы азаматы болған елдің уәкілетті органдарына өздері жіберетін еді. Қазір қандастарымыз бұрынғы паспорттарын сол елдердің консулдықтарына апарып тапсырады. Респбуликаның әр түкпіріндегі қандастар бұрынғы елдің азаматтығынан шығу үшін сол елдің Елшілігі мен консулдығын іздеуіне тура келеді. Бұл да қандастарымызға үлкен қолайсыздық тудыруда. Сондықтан қандастарымыздың бұрынғы елдің азаматтығынан шығуды жеке азаматтардың өзіне жүктемей,  мемлекет аралық келісім арқылы шешкен дұрыс болар еді;

4.        Шетелден келіп еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер университеттің жатақханасына тіркеліп, ҚР азаматтығына құжат тапсыратын, ол үшін оқу орыны басшысының қолдау хаты керек болатын. Бұл кезінде ҚР Көші-қон заңына кірген. Бірақ, соңғы жылдары оқу орындары студенттерге қолдау хат бермеуде. Сондықтан студенттердің жатақханаға тіркеліп, ҚР азаматтығына өтуі үшін оқу орынына қолдау хат беруін заңға қайта кіргізуді;

5.        ҚХР-нан келген, ҚР азаматтығын алған қандастарға бұрын Қытай Консулдығы ешқандай шақыртусыз топтық және жеке виза ашатын. Үш жылдан бері Қытайда туған ҚР азаматтары үшін топтық визаны тоқтатып, жеке визаны тек  Қытайдағы тіке туысқандарынан туыстық қатынасын анықтайтын анықтама алдыру арқылы ғана ашады. Бұл анықтама  (шақыру) облыс орталығының растауынан өтетіндіктен көптеген қандастарымызға алу мүмкіндігі жоқ.  Сонымен бірге көптеген көшіп келген қандастардың Қытайда тіке туыстары қалмаған. Сол себепті бизнес және іскерлік мақсатта барғысы келетін, Қытайда туған ҚР азаматтары виза алалмауда.  Сондықтан ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытай тарапымен келіссөздер жүргізіп, ҚР азаматтарын Қытайда туған және Қазақстанда туған деп бөлмей, бәріне бір тәртіп қолданып, Қытайда туған ҚР азаматтарына Қытайға бару үшін топтық, жеке, электронды виза алуына мұрындық болуын сұраймыз.


«Жебеу» Республикалық қоғамдық

бірлестігінің төрағасы                                       Омарәлі Әділбек

 


Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • Шетелдегі табысты қандастар Наурызды тарихи Отанында өткізді
    Тағы да 1 миллион қазақ тарихи Отанына оралғысы келеді