Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады

Уақыты: 2019-07-19 Көрлімі: 344 Сипаттама

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Акорда» резиденциясында кәсіпқой рингтағы еліміздің мықты...

B543CCAD-C024-4661-9690-46999AE3D0B6.jpeg

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Акорда» резиденциясында кәсіпқой рингтағы еліміздің мықты боксшыларының бірі Қанат Исламды қабылдады, бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі xабарлады.

Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды.

Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді. 

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ БІР ЖЫЛДА 236 МЫҢ АДАМҒА ӨСТІ
    ТОҚАЕВ БРАКОНЬЕРЛЕРДІҢ ҚОЛЫНАН ҚАЗА ТАПҚАН АЗАМАТТЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ