Қанат Ислам: Қарсыласым тәжірибелі әрі әккі боксшы

Уақыты: 2019-10-03 Көрлімі: 227 Сипаттама

26 қазан күні Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында Қанат Исламның қатысу...

41664293abebd0974573fe8c6bc4c39b.jpg

26 қазан күні Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында Қанат Исламның қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Осыған орай бүгін Алматыда Qazaq Promotions компаниясы алдағы жекпе-жекке арналған баспасөз мәжілісін ұйымдастырды.

Жарыс аясында 10 жекпе-жек өткізіледі, негізгі жекпе-жекте WBO Inter-Continental тұжырымының белбеуі сарапқа салынады. Бокс додасының басты жекпе-жегінде жерлесіміз Қанат Ислам америкалық Уолтер Каутондоквамен кездеседі. Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта WBO International чемпион атағы сарапқа салынады. Бүгінгі күні Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 9-орында тұр.

Жиын барысында Қанат Ислам жұдырықтасуға жоғары деңгейде дайындалып жатқанын айтып өтті.

«Әр жекпе-жек кезінде 12 раундтық ұрыс үшін дайындалып шығамыз. Бұл бокс, соңғы секундтқа дейін босаңсуға болмайды. Бір соққы кездесудің тағдырын шешіп кетуі мүмкін. Қарсыласым Уолтердің бокс мәнерінде әккілік бар әрі тәжірибелі. Қарсыласына көбірек жұмыс істетіп, өзі соңына қарай соғады. Яғни көп нәрседен өткені көрініп тұр. Өте сақ болу керек, қалай болатынын ринг шешеді. Дегенмен өзіміздің де айла-тәсілдеріміз бар. 12 раунд бойы қанша уақыт бар, сол аралықта алға қойған тактикаларымызды қолданатын боламыз», - деді боксшы.

IMG_20191003_112402.jpg

Сонымен қатар, ол журанлистердің «Бірінші раундта накоут бола ма?» деген сұрағына да жауап берді.

«Бірінші раундта накоут болады деп ойламаймын. Олай болады деп ешкім алдын ала болжай алмайды. Әуесқой бокста екі рет бірінші раундта накоутқа жіберіппін және өткен жекпе-жекте де солай болды. Кейде сондай жағдай болып қалады, әйтпесе бірінші раундта сұлатып түсірем деп еш ойламайсың», - деді ол.

Әділет МҰСАХАЕВ
Фото: автордан

Дереккөз: Baq.kz

Пікір жазу
  • Берік Әбдіғалиұлы. Қазақ миссиясы
    Абайдың тілін қашан аламыз?