Нәбижан Мұқаметханұлы ҚР ғылымның дамуына үлес қосқаны үшін медалымен марапатталды

Уақыты: 2019-11-22 Көрлімі: 755 Сипаттама

2019 жыл18 қарша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Білім және ғылым министрінің берген Қазақстан Республикасының ғылымның дамуына үлес қосқаны үшін медалын тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқамет...

1557224461402362.jpg

2019 жыл18 қарша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Білім және ғылым министрінің берген Қазақстан Республикасының ғылымның дамуына үлес қосқаны үшін медалын тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлына табыс етті. Осы орайда тарих және қытайтану ғылымдарына өлшеусіз ұлес қосып келе жатқан ғалым Нәбижан Мұхаметханұлын марапатымен құттықтап, ғылым жолында қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілейміз!

Тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметханұлы   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытайтану кафедрасының профессоры және 2012 жылдан университетет жанындағы «Қазіргі заман Қытайды зерттеу орталығының» директоры болып қызмет атқарады. 2014-2017 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факуьтеті қытайтану кафедрасының меңгерушісі болған. Оған дейін Абылай хан атындағы мемлекеттік Әлем тілдері университетінде жапон тілі мұғалымы, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жетекші ғылыми қызметкер, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің тарих факультеті шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасында доцент, профессор және кафедра меңгерушсі, Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факуьтеті халықаралық қатынастар және элемдік экономика кафедрасында профессор болып қызмет атқарған.

afc0c6ec-37b5-48de-ba52-755615693b5f.jpg

Нәбижан Мұхаметханұлы 1977 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы Сунь Ятсень атындағы мемлекеттік университеттің  Тарих факультетін тарих мамандығы бойынша бітіріп,  ҚХР Іле Қазақ автономиялы облыстық комитеттің үгіт-насихат бөлімінде қызмет жолын бастап, Қытай Шыңжаң Қоғамдық ғылымдар академиясы Ұлттар зерттеу институты директорының ғылымға жауапты орынбасары және жетекші ғылыми қызметкер қатарлы қызметтерде болды. 


d3221e1e-9a8c-4202-8b2e-2e8f7ec92519 (1).jpg

Нәбижан Мұхаметханұлы Қытайдың ескі жазба деректері негізінде қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің этногенезін, ХҮІІІ ғасырдан қазірге дейінгі Қазақ (Қазақстан) - Қытй қарым-қатынастарын, Қытайдың сыртқы саясаты және халықаралық қатынастарын зерттеу бағытында 380-нен астам ғылыми-танымдық еңбектері жарияланған. Оннан астам кітабы жарық көрген.

2009 жылы ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы, 2019 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.

Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • Тоқаев: Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты
    Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президенті Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді