Бейжіңде өзге ұлт студенттері арасында қазақ тілінен байқау өтті

Уақыты: 2019-07-28 Көрлімі: 99 Сипаттама

Бейжің қаласындағы Орталық ұлттар университетінде, Қытайдың жоғары оқу орындарында оқ...

5B0F402C-626F-4A36-9A3D-23CA5E405BDE.jpeg

Бейжің қаласындағы Орталық ұлттар университетінде, Қытайдың жоғары оқу орындарында оқып жатқан өзге ұлт студенттері арасында қазақ тілінен республикалық байқау өтті, деп   kazakh.people.com.cn сайтын xабарлады.

AD669F06-09B4-4142-A81B-6C18E8824574.jpeg

«Қытайда қазіргі күні өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс артып келеді. Сондықтан да Қытайдың Орталық ұлттар университеті, Шыңжаң университеті, Іле педагогикалық университеті секілді танымалы білім ордаларында өзге ұлт студенттеріне арналған қазақ тілін үйрететін сыныптар ашылған. Міне осы оқу орындарының студенттерінің білім деңгейін сынауға арналған, 2019 жылғы республикалық қазақ тілі байқауын Бейжіңдегі Орталық ұлттар университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультеті ұйымдастырған. Бұл аталған жарықса Бейжің шетел тілі университеті, Шыңжан университеті, Іле педагогикалық университеті және Орталық ұлттар университетінің 26 студенті қатысты»,- деп жазады People Daily.

91E85EF2-0F70-4957-BFD4-BB4953780034.jpeg

Аталған ақпарат көзінің жазуынша, қатысушылардың деңгейін әр қырынан сынаған байқау бірнеше кезеңге бөлінген. Олар жазбаша, ауызша сынақ тапсырып, қытай, қазақ тілдерінде ауызекі аударма жасау, берілген қазақша мәтінді жатық оқып, мазмұндап беру, жаңылтпаш айту, мақал-мәтелдерді аудару, берілген тақырып аясында мақала жазу түрлері бойынша сынақтардан өткен.

6C4898A1-D1B1-4EB9-B322-2A8737B3623B.jpeg


«... Осылайша, екі күнге жалғасқан іс-шара соңғы мәресіне жетіп, қазылар алқасы қазақтың тілін жақсы меңгеріп, шын жүйрік екендігін дәлелдеген жеңімпаздарды анықтады. Байқаудың бас жүлдесін Шыңжаң университетінің студенті Уаң Зыли мен Іле педагогикалық университетінің студенті Фың Лили қанжығалады», - деп жазады қытайлық БАҚ.

Дереккөз: ҚазАқпарат


Пікір жазу
  • ҚР Үкіметінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді
    Ербол Нұрбаев: Көлсайда туризм мәдениеті қарқынды дамып жатыр

    Ұқсас тақырыптар