Ербол Нұрбаев: Көлсайда туризм мәдениеті қарқынды дамып жатыр

Уақыты: 2019-07-31 Көрлімі: 517 Сипаттама

Алматы мен Талдықорғанның журналистері 27-28 тамызда «Солтүстік Тянь-Шанның інжу-маржан...

IMG_6298.JPG

Алматы мен Талдықорғанның журналистері 27-28 тамызда «Солтүстік Тянь-Шанның інжу-маржаны» деп аталатын Көлсай мен Қайыңды көлінде демалып қайтты. Алматы облысы Кеген ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Байқайыпұлы мен Саты ауылы әкімдігінің бас маманы Мәлік Ыдырысов бастаған ел ағалары 2 күн бойы журналистерге жол бастап, Көлсай мен Қайыңдының көркем тәбиғатын көрсетіп, Саты ауылының тарихынан сыр шертіп,  қазіргі тыныс-тіршілігін таныстырды.

IMG_6309.JPG

Туризм саласы еліміздің басты табыс көзіне айналуына мүмкіндік бар. Балқаш пен Алакөлдей көлі, Арал мен Каспидей теңізі, Алатау, Алтай,  Көкшесі, Түркістан мен Маңғыстауы бар Алтай мен Атыраудың арасындағы қазақ жерінің көркем табиғаты мен тарихи жәдігерлері еліміздің іші-сыртынан келер саяхатшыларға таптырмас демалыс орны. Шетелдік туристердің елімізге ағылуы ел экономикасы мен жергілікті тұрғындардың күнкөріс деңгейін көтерудің бір жолы. Соңғы жылдары туризм саласына мемлекет жағынан қолдау  көрсетіліп, халық та туризм мәдениетін жетілдіріп келеді. Бұл реткі Кеген ауданы әкімшілігі ұйымдастырған пресс-тур да туризм саласын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дәріптеуді мақсат етті.

IMG_6518.JPG

Көлсай мен Қайыңды көлдері Алматы обылысы Кеген ауданы Саты ауылында орналасқан. Көлсай көлдері Көлсай өзені жалғап жатын үш көлден тұрады. Бірінші көл теңіз дейңгейінен 1818 метр, екінші Көлсай 2252 метір, үшініші Көлсай 2850 метр биіктікте орналасқан. Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан. Екі таудың арасында орналасқан Саты ауылының жері мен көл маңайы қарағай, қайың, арша, шетен, долана, итмұрын сияқты ағаштар, қарағат таңқұруай, бүлдірген қатарлы жемістерге толы.

IMG_6460.JPG


Саты ауылы әкімдігің бас маманы Мәлік Ыдырысовтың айтуынша Көлсай мен Қайыңды көлдеріне жыл сайын 30 да 40 мың қонақ келеді екен. Жылдан-жылға шетелдерден келетін қонақтар көбеюде. Қонақтардың Көлсайға кіру ақысы Республикалық бюджетке түссе, келген қонақтарыға қызмет көрсету арқылы ауыл тұрғындары табыс көзін ажыратып отырғанын айтты. Ауыл тұрғындары жазда қонақтарға жол бастап, атқа мінгізіп көлге жеткізуден, үйлерін қонақ үй ретінде жалдау мен құрт-майы мен қымызын сатып, тамақтарын дайындауға дейін қызмет көрсетіп, нәпақасын ажыратды. Сатылықтар жеке үйлерінде екі уақыттық тамағы мен адам басына 7-10 мың теңге аралығында қонақ қабылдаса, кигіз үйлерден адам басына 5-6 мың теңгеден орын алуға болады.

IMG_6474.JPG

Екі күн бойы Көлсай мен Қайыңдыны аралаған журналистер Алматы қаласында тұратын, балалық шағы Саты ауылында өткен Ербол Вәлиханұлы Нұрбаевтың  Сатыдағы этно-ауылынан аттанды. Оншақты киіз үйден тұратын қонақ үйге келіп жатқан қонақтардың қатары көп болды. Келген қонақтарға Ербол Вәлиханының қызметкерлері қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қызмет көрсетуде. Жаз сайын бала-шағасымен Алматыдан келіп, қонақтарға қызмет көрсетіп жүркен кәсіпкермен  сұхбаттастық. Бұған дейін түрлі салада жұмыс жасаған кәсіпкер 2017 жылдан бері осы бизнеске келгенін айтты.

d018d9ae-57bb-45c6-bfa9-fbccd0928128.jpg

«Мен Нарынқол ауданы Сарбастау ауылнан боламын. Әкемнің қызметіне байланысты Саты ауылына көшіп келіп, балалық шағым Көлсай мен Қайыңдының көркем табиғатын тамашалаумен өтті. Мамандығым бойынша инженермін. 1988 жыл қазіргі Сәтбаев университетін бітіргенмін. Оқу бітіргеннен бері құрылспен де, кәсіпкерлікпен де айналыстым. Түрлі салада қызмет атқаруыдағы жинаған тәжірибеме сүйене отырып, осы кәсіпті бастадым. 2017 жылы этно-ауыл бизнесін ұйымдастырып, жұмыс бастағанбыз. Дамытып бір жүйеге келтіргенімізше 2019-да болды. Негізгі жұмыс биыл басталды деп санаймын. Өзім Алматы қаласында тұрамын. Демалыс уақыты басталғанда бала-шағамызбен келіп, туристерді қабылдаймыз. Киіз үйлеріміздің бағасы қолжетімді, жуынатын, тазарлық бөлмелері, интернет бар. Сонымен бірге қонақтарға ағылшын тілінде жергілікті жағдайларды түсіндіріп айтып береміз. Көлсай мен Қайыңдыға жете алмай жатса, ауылдан көлік іздеп көмектесеміз. Ауылға келетін қонақтарымыз өте көп. Оның бәрін орналастыру жағында қиындықтар бар. Ауылдағы қонақ қабылдайтын кейбір үйлердің шарт-жағдайы толық емес. Сондықтан болашақта шағын қонақ үй салсам деген жоспарым бар», - деді ол.  

be3cf596-b6cf-4162-a186-0928f482399e.jpg

 Ербол Валиханұлы өзі жобалаған 4 терезе қойып, шырақ орнатқан заман талабына сай 110 м²  ақбоз үйін таныстырып өтті.

 «Осыдан 15 жыл бұрын Францияның бір ресторанын видеодан көргенмін. Сыртынан қарағанда іші жарқырып, шамдары көздің жауын алатын. Сондай тамаша көрністі көрген соң, ішінен шырағы жанғанда барлығы көрініп тұратын, жап-жарық осындай бір киіз үй қойсам деп армандадым. Сол ойды өзіммен 10 жылдай алып жүріп, ақыры 2017 жылы осы жобаны жасап арманыма жеткем. Өзім инженер болған соң жобасын өз қолыммен сызып, Ақжарда тұратын Русылан деген жақсы дәнегерлеуші інімізбен ақылдаса отырып осы үйді жасап шықтық. Алдымен үйді құрып алып, 4 жағынан 4 терезені орналастырдық.  Үйдің диаметрі 12, биіктігі 6 метр. 12 кереге, 5.7 метрлік 120 уықтан тұрады. Керегелердің басына Қытайдан келген қандастар патент алып жасаған ұлттық нақыштағы шырақтарды орнаттық. Келген адам қайда келгенін білсін, көрсін деп есікке де қазақтың қошқар мүйіз ою-өрнектерін салып, ортасына шаңырақ салдық»,-  деді Ербол Валиханұлы.

32d1cc01-a538-4549-afdb-95557c9950c7.jpg

Кәсіпкер ауылда туризм мәдениетінін қарқынды қалыптасып келе жатқанын да айтып өтті.  

«Ауыл халқының туризм мәдениеті күннен-күнге өсіп келеді. Ауылдастар ағылшынша үйреніп, балаларын оқытып жатыр. Қонақтардың барлық жағдайын жасап беруге тырысады. Болашақта туризмге жақсы көңіл бөлінеді деген үмітпен жан-жақтан білімді, тәжірибелі кәсіпкерлер келіп, бизнесін жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде несие алып кәсібімізді кеңейтейік десек, мақсатты несиеге қаладан кепілге жылжымайтын мүлік сұрайды. Ауылдағы үйлерімізді кепілге алмайды. Сол біраз кедергі болып тұрғаны болмаса, несие  алып туристерге жағдай жасаймын деген адамдардың саны артуда. Салатын қонақ үйлерді банктер кепілге алып, несие беретін болса көп адам қонақ үй салар еді. Үкімет жағынан туризмге жақсы көңіл бөлінсе, Көлсай сияқты жерлеріміз барда, дамып Эмираттан кем болмайтын түріміз бар. Өйткені біраз жағдай жасалса, өзіміз еңбекқор халықпыз ғой, осы саланы барынша жандандырып, Қазақстанды дамытуға үлес қосар едік», - деді.

c3662093-bb56-420f-95ec-9cd5a2cfb418.jpg

Шетелдік қонақтар Көлсай мен Қайыңдының тәбиғатымен ғана емес қазақы өмірмен де етене танысып қайтақысы келеді. Олар үшін желіге құлын байлап, бие сауып, саба пісіп қымыз дайындау мен құрт алып, май шайқау барысы да қызық. Этно-қонақ үйдің жанында бие байлап, сиыр сауу  барысын қонақтарға көрсетесіздер ме деген сұрағымызға, Ербол Валиханұлы қаржы болса қонақтар үшін барлығын жасағысы келетінін айтып өтті.

a14c98c8-6a22-4c61-ad09-43d909c0f1b9.jpg

«Шетелдік туристер этно-ауылға қызығады. Көп нәрсе көргілері келеді. Шамамыздың келгенінше барымызды көрсетеміз. Олар қазақтың әндерін жақсы көреді. Салт-дәстүрімізді, ұлттық тамақтарымыздың қалай жасалатынын және тарихын сұрайды. Бір ай бұрын Ресейдің Авто плюс деген арнасына сұхбат беріп, ұлттық тамағымыз қуырдақты жасап көрсеткем. Қонақтарға салт-дәстүрімізді көрсететін ұлттық киімдерімізді киіп көрсетеміз. Осы айтқандарыңыздың бәрін көрсету үшін қаржы керек. Қаржының тапшылығынан осылардың бір бөлімін көрсете алмай отырмыз. Қаржы болса бие де байлаймыз, саба-саба қымызды да ашытамыз. Ауылымызда алтын мен күмістен түрлі әшекейлер жасайтын өнерлері бар, қолдары қысқа зергер жігіттер бар. Соларға мақсатты несие барілсе шетелдік туристерді қызықтыратын ұлттық әшекейлерімізді жасауға болар еді», деп мемлекеттен қаржылық жеңілдіктер керектігін айтты.

a67257ef-94cd-43e3-96ba-4346d6caf722.jpg

Көлсай мен Қайыңдыға барушлар үшін ең басты мәселенің бірі ұялалы байланыс пен интернеттің қолжетімсіздігі мен Қайыңдының жолы. Кеген ауаны әкімдігінің өкілдері Қайыңдының жолы жақында жасалатын айтты. Саты ауылында тек ұялы байланыс операторларынан Beeline және Activ ғана бар. Ауылда "Қазақтелеком" провайдері арқылы интернетке қосылу мүмкіндігі бар. Бірақ осының бәрінің сигнал тарату жылдамдығы өте баяу. Бұл мәселені шешсе деген тілегін Ербол мырза да айтып өтті.

«Бізге демалып келетін көптеген адамдар байланыссыз қалып жатыр. Саты ауылының болашағы зор болғандықтан талшықты-оптикалық байланыс желісі мен Tele 2, Altel провайдерлерін әкеліп қою керек»,- деді кәсіпкер.

4a1300a7-ef90-4459-bae7-aa712b84867d.jpg

Еліміздегі демалыс орындарының қызмет көрсетуі сын көтермейді деген пікірлер де көп айтылады. Меніңше, қазақ кәсіпкерлерінің туризм саласына деген көзқарастары өзгерген, қонақтарға барлық шарт-жағдайды жасауға ниетті, тек қаржы қол байлап тұрғандарын айтады. Мемлекеттен қолдау болып, қаржылық мәселелр шешіп берсе, демалыс орындарының инфрақұрлымы жақсара түсер еді. Ербол Валиханұлы сияқты кәсіпкерлер қызмет көрсету сапасын жоғарлатқан сайын келер туристердің қарасы артары анық.  Мемлекет пен отандық ірі кәсіпкерлер туризм саласында көптеп қаржы салар болса, салған инвестициясы өздеріне еселеп қайтарына Көлсай сапарында көзіміз жетті.

IMG_6297.JPG

IMG_6264.JPG

29c64936-166a-4e2d-bdef-bcda78fd147a.jpg

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Бейжіңде өзге ұлт студенттері арасында қазақ тілінен байқау өтті
    Қазақстанда ең төмен күнкөріс деңгейі шілдеде 29 618 теңгені құрады