Тарихшы Әлімғазы Дәлетханның 75 жылдық мерейтойы өтті

Уақыты: 2018-09-14 Көрлімі: 3756 Сипаттама

Кеше, 2018 жылдың 13 қыркүйегінде белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш. Уәлиха...

Кеше, 2018 жылдың 13 қыркүйегінде белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты,  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Дәулетхан Әлімғазының 75 жылдық мерей тойына орай «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

IMG_4430.JPG

Конференцияны Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты  және Халықаралық Түркі академиясы бірігіп Алматыдағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткізді. Шәлекенов Уахит, Мәмбет Койгелді, Нәбижан Мұхаметхан, Талас Омарбек, Берекет Кәрібаев, Дархан Қыдырәлі қатарлы тарихшы ғалымдар мен жазушы Қабдеш Жұмаділов бастаған зиялы қауым өкілдері және жас тарихшылар, студенттер конференйияға қатысып, Әлімғазы Дәуелтханның ғылымға қосқан үлесі мен күрескерлік өмір жолынан сыр шертті. Әлімғазы Дәлетханұлының 1969 жылғы Қытайдан шекара бұзып өткеннен бүгінгі дейін өмір жолын таныстырып, ғалымның тек тарихшы ғана емес, ақиғаттың жаршысы болған журналист, ақын, жазушы, әдеби сыншы, композиторлық қасиеттері де бар екені айтылды.

IMG_4428.JPG

Конференцияның модераторы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология  иниститутының директоры конференцияның ашық деп жариялап алғашқы баяндаманы жасады. Сондай-ақ иниститут кеңесінің шешімімен Әлімғазы Дәулетханұлына Тарих және этнология  иниститутының құрметті профессоры атағын бергенін жариялады. Ол сөзінде «1945 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Тарих және этнология  иниститутының ең бірінші құрметті профессоры атағын табыс етуге рухсат етіңіз. 2014 жылдан бастап магистраттар мен докторанттарды дайындалып жатырмыз. Биыл 7 докторант, 10 магистрант алдық. Оның бәрі Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлестіп атқарып жатырмыз. Енді осындай атақ беруге біздің иниституттың құқы бар.  Бұл 75 жылдығыңызға ұжымның сыйы, құтты болсын», деп енді жыл сайын бір магистрант, бір докторантқа жетекші болып, ғылымдағы шәкірттеріңізді тәрбиелеңіз деді.  

IMG_4439.JPG

Бұдан кейін Ұлттық ғылым академиясының вице президенті Мақсат Қалимолдаев акедемияның құрмет грамотасын табыс етіп, президентті Мұрат Жұрыновтың құттықтау хатын оқып берді.

 IMG_4445.JPG

Халықаралық Түркі академиясы мен «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Дархан Қыдырәлі «бүгінгі конференцияның Халықаралық Түркі академиясы үшін де маңызы зор. Сондықтан да осы конференцияны қолдаушылардың бірі болдық. Халықаралық Түркі академиясы 4 мемлекет басшысының қол қоюымен құрылған. Әрі акедемиялық құрылм, әрі халықаралық дипломатиялық құрлым. Бүгінгі жинның тақырыбы да ерекше. Рухани жаңғыру және Түркі әлемі тарихының мәселелері. Шын мәніде Әлімғазы ағамыз Рухани жаңғыруды 60 жылдарда-ақ бастап жүрген тұлға. Рухани жаңғыруда айтылған ұлттық кодты іздеушілердің, тарихи сананы жаңғыртушылардың бірі. Жалпы өмірбаянында айтылғандай Әлімғазы ағамыздың тағдыры берісі қазақтың тарихы, арысы көне түркінің тарихына ұқсайды. Шекараның арғы жағында қалған, қауышқан, азаттық алған, қиындықты жеңген біздің тағдырымыз Әлімғазы ағаның тағдырынан да көрніс табады. Әлімғазы ағаның әдебиетшілігі, жазушылығы, өнердегі орны, ғалымдығы, тарихшылығы туралы өте көп айтуға болады. Мен енді ағамыздың түркі әлеміне қосқан үлесіне тоқталғым келеді. Әлімғазы аға үлкен күрескер. Бір қызығы ағамыз тарихқа 50-ден асқанға келіпті. Кеш келсе де тарихқа үлкен жаңалықпен келді. Біз ғұнның кім екенін білмей жүргенде, қазақты ғұнымен қауыштырған, таныстырған тұлға. Түркияның атақты тарихшысы  Бахаддин Өгелдің  «Ұлы Хун империясының тарихы»  атты екі  томдық монографиясын қазақ тіліне аударып шығарған. Біз осы кітапты қайта баспадан шығардық. Қазір соны осында шүйінші ретінде алып келіп отырмын. Сонымен бірге Түркияны да бізге алғаш таныстырған кісі. Түркияға алғаш барып баспасөз бетінде ғана таныстырып қоймай, екі елдің арасына дәнекер болып жүрген тұлғаның бірі. Түркеш хандығы туралы зерттеулері де қазақ тарихына қосқан үлкен еңбегі. «Түркеш қағанаты (саясаи және мәдени тарихын зерттеу» деген кітабін да шығарып әкеліп отырмыз. Оның сыртында түркі мәдениетіне де елеулі еңбектер сіңірді. Түркі әлемінің ортақ газетінде, оқу орнында жұмыс жасады. Сондықтан Түркі әлемініе, түркі халықтарына ерен еңбегін сіңіріп жүрген тұлға ретінде бағалаймыз» деп шапан жауып, өте сирек берілетін Халықаралық Түркі акедемиясының  арнайы Күміс медеалымен марапаттады.

IMG_4489.JPG

ҚР халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов «Әлімғазының студенттік кезеңі Қытайдағы «Мәдениет зор төңкерісімен» түспа түс келді де, сондағы қазақтың мүддесін қорғайтын белсенді, алғабасар студент жастардың басында болды. Қытайдың өз бидайын өзіне қуырып, өз саясатын өзіне қолданып қазақтың мүддесін қорғауға ұмтылған. Осыдан кейін бұлардың артына шам алып түсті. Қытай үкіметі қысым жасады. 1969 жыды басына қатер төнген бір топ жігіт имеприяның шекарасын бұзып өтті. Шекара бұзып өткеннің қандай екенін мен жақсы білемін. Шекара бұзып өтуінің өзі бойындағы ерлік, болашағына сенгендік, Атажұртқа деген ерекше махаббат қой деп ойлаймын. Шекара бұзғаннан кейін 1,2  жылдай Көкшетауда мырза қамақта болды. Мал бақты, қара жұмыс істеді. Ол түкте емес, Кеңес үкіметінің онысына рақмет, қайтарып тастамай қабылдады. 1962 жылдары 100 мыңдаған қашып өткен қазақты қабылдады. Сол көшті бастап келгендер бар,  ұйымдастырғандар бар. Бірақ әлі сол көшті зерттеген адам жоқ. Тарихшыларымыз жоқ емес көп, бірақ соның бірде бірі көшті зерттемеді. Шетте жүрген қазақ отанға қалай ұмтылды, қалай жетті дегенді зерттеген тарихшыны әлі көрген жоқпын. Бұны осындағы отырған тарихшылар үшін әдеиі айтып отырмын. Ал 1969 жылы өткендердің көбін танимын. Әсіресе үш адам менің назарымда болды. Біреуі Әлімғазы, бірі Жәркен Бөдеш,  енді бірі Айтан Нүсіпхан үшеуі болды. Келгенсоң үшеуі үш түрлі жолға түсті. Әлімғазы ғылымға, Айтан саясатқа, Жәркен Әдебиетке кетті. Әлімғазы ғылымның әр саласынан көрінді. Орта жолда түрік тілін үйреніп, түрік мәдениетіне, түрік әдебиетіне ат ізін салған сегіз қырлы бір сырлы азаматтың біреуі. Көркем шығармалары бар, өлеңдері бар, прозасы бар, әдеби сыны бар, әндері бар. Жер сағынған, ел сағынған Іле туралы. Сайрам көл туралы бір әні бар еді. Жағда Бабалықтың тірі кезінде бәріміз қормен орындаушы едік. «Жағаңда атпен шауып, шіркін-ай, пай-пай-пай шаң шығарып өтер ме едім?» деген арман сол әнде ғана қалды. Енді осының бәрі неден? Әрине, Әлімғазының еңбекқорлығынан, бойындағы талантынан. Ал осының бәрі қайдан келді дегенде ол тарих үшін, әдебиет үшін көлденең көк атты емес. Атасы Шылбы деген кісі болды. Шылбы бүкіл Іле өңіріне аты мәлім өзі діни ғұлама, сол өлкенің бүіл адамдарын сәждеге жыққан, иманға ұйытқан аданың бірі. Өзі ақын. Әсет Құлжаға барғанда екеуі жолыға алмай қалады. Бірақ екеуі жазысқан хаттар бар. Оқыған шығарсыздар? Керемет, екеуі де бір жағы шариғат, бір жағы ақиқат кезектесіп отырады. Тең түсіп отырады. Шылбы сондай адам еді. Әсетті көралмай арманда қалған кісі. Шылбының өзі Таңжарыққа ұстаз болған кісі. Бір Күнестен, бір қызай елінің ішінен шыққан адамдар. Шылбы ұлы ұстаз. Ол кісінің мұраларымен бұл жақта әлі толық танысқан жоқпыз, ол жақтағы қазақ әлі толық зерттелмеді. Бүгін міне Шылбы мен оның баласы Дәулетхан екеуінің шығармасын қосып Әлімғазы бір кітап шығарған екенсің. Соныңа рақмет! Атаңның, әкеңнің аруағын бір аунатып түсірген екенсің. Дәулетханды мен өзім көрдім, 80 жылдары Әлімғазыны іздеп келді. Дәлетханмен сол кезде әңгіме сұхбатта боған кісімін. Жаңғы кітаптағы алғы сөзде  жазғанның бәрі рас. Ағартушы, үлкен мектептерді ұйымдастырған, мектепте сабақ берген. Ақындығы мен айтыскерлігі де бар екен. Міне Әлімғазының бұл қасиеттері атасынан, әкесінен дарыған. Қалың қызайдың қанынан келе жатқан дарын. Іле де миллионға жуық қызай жатыр. Бір Күнес ауданның өзінде 150 мың қазақ бар. Қызайдың ең бір шоғырлы жері осы Күнес ауданы. Бүгінгі күнге дейін қызайлар да зеррелген жоқ. Қызайдың көші, олар қайдан келді? Іле өңіріне қалай қоныстанды? Біздің тарихшылар оны да зерртеу керек. Тарбағатайдан Ілеге қалай келді? Осының бәрі қызық әңгімелер, зерттелуі керек. Шылбы Бұраталада туған депті. Күнеске, Ілеге жетпей Тарбағатайдан асып, Барлықты бауырлап, Бұраталаны басып онан кейін Ілеге жеткен. Сонда Шылбы ақсақал көшіп баражатқана Бұраталада туған екен. Осының бәрі үлкен әңгіме. Осыдан кейін Әлімғазының ақын болмасқа, тарихшы болмасқа лажы қалмаған ғой. Көкшетаудан кейін Оңтүстіктің бір ауданына апарып, сол ауданнан шыға алмайтындай қылып тастаған ғой. Куәліктің өзін 15 жылдан кейін алыпты. Соның бәріне қарамастан асфальтты  тесіп шықты. Бүгін міне еңбегің бағланып жатыр. Еңбектің бағаланғаны жақсы. Әлімғазы, 75 жасың құтты болсын. Кешегі етектен тартқан, тұсау салған жылдардың есесін қайтар», деп арыдан тоғап, шеттен келген қандастың қазірде оңайлықпен құжат алалмайтындығын да айтып өтті.   

IMG_4455.JPG

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығың өкілі Серік Ахметов: «Дүниежүзі қазақ қауымдастығында істеген еңбектерін айтпас бұрын, телеарна саласындағы қызметін атап кетейін. 1980 жылдары Қазақ теле арнасының қоғамдық-саяси редакциясын басқаратынмын. 1989 жылы Әлімғазы аға Қазақ теле арнасына тілші болып келді. Сол кездегі жағдайға қарамай 90 жылдардың басында бұл кісі Шымкент облысының бір ауданының басшысының былқтарын ашып хабар жасап келді. Хабар эфирге бармай қалды. Содан айтыс тартыс болды. Ол әкім төрағаға шыққан. Сондай кезде қаймықпай, басын имей, бір жылдан кейін өзі арыз жазып теле арнадан кетіп қалды. Маған сонда оңашада мен бұлай өтірік сөйлеп жүре алмаймын дедеді», деп әділеттілктен аттай алмайтын қасиеттері мен қайсарлығын еске алып, бір кездері Дүнижүзі қазақтары қауымдастығында кеңесші болып қызмет атқарғанын айтып, Қауымдастықтың алтын медалын тағып, шапанын жапты.

IMG_4460.JPG

 Ары қарай Шәлекенов Уахит, Мәмбет Койгелді, Талас Омарбек, Берекет Кәрібаев қатарлы тарихшылар Әлімғазы Дәлетханның тарих ғылымына қосқан үлесін айтып, шапан жапты. Сонымен бірге тарихшылар бүгінгі қазақ тарихы ғылымының мәселелерін де сөз етті. Тарихшы Талас Омарбек «Әлекеңнің тарихшылығын айтқанда тарихшы және әдебиетші екенін айтқан жөн. Үшінші тағы бір саласы бар. Ол аударма саласы. Тарихшы, аудармашы, әдебиетші болып шығады. Тарих ғылымына қосқан ең үлкен еңбегі Түркеш қағанатының бүге-шігесін анықтап бергені. Түркеш қағаты Әлекеңге дейін қазақтың мемлекеті болған жоқ. Әлекеңнің еңбегінің нәтижесінде Түркеш қағанатың ежелгі қазақтың ата-бабаларының мемлекеті болып шықты. Бұл Әлекеңнің тариқ ғылымына қосқан өлшеусіз еңбегі. Әлекеңні, түркі және түркеш қағаты туралы еңбектері қазақтың ежелгі заман тарихын 40,50 жылдық алға шығарды. Өйткені Әлекең қытай және түркі тілдеін жақсы білетіндіктен түркі және қытай жазаларын қолданды» дей келе қолдан тарих жасамақ болғандарға қарсы үлкен тойтарыс бергенін де айтып өтті.

IMG_4466.JPG


Талас Омарбек айтқан қытай ақыны Ли Байды қазақ жасамақшы болғандарға Әлімғазы Дәулетханұлы қалай тойтарыс бергені туралы Нәбижан Мұхаметханұлының «Ұстанымы берік, рухым мықты ғалым» деген мақаласында жазылған.  Талас Омарбектің бұл пікірлерін тарихшы Берекет Кәрібаев та ара қарй жалғастырып, «Әлімғазы Дәулетханнұлың осы еңбектері бүгінгі күндегі батырлық» деп бағалайтындығын жеткізді.

IMG_4474.JPG

Тарихшы, алаштанушы Мәмбет Қойгелді «Әлекең тарихқа әдебиет арқылы келді. Тарихшылардың көбінің сөзі құрқақтау келеді. Жазғаны құрғақтау, сезім жоқ, жұтаң болады. Әдебиетке жан бітіретін сезім. Сезім болуы керек. Сезім бар жерде ұстаным да болады. Ақын, жазушыда интиуция болады. Осы жағынан айтқан Әлекеңнің артықшылығы тарихқа әдебиет арқылы келуі. Әлекеңде ақындық бар, жазушылық бар, тарихшылық бар. Осы қасиеттері Әлекеңдінің ұлтына деген қатынасын қалыптастырды ғой деп ойлаймын. Әлекеңнің бір ерекшелігі рухын, тәулесіздігін сақтап қалған, еркін сөйлейтін, еркін ойлы азамат», деп қазақ руханиятында өз орны бар тұлға екенін айтып, мерейтойымен құттықтады.

IMG_4506.JPG

Тарихшы Шәлекенов Уахит, әдебиетші, баспагер Әлімғазы Дәулетханұлының кітаптарының редакторы Әбдісаттар Оспанов қатарлы ағалары ғылымдағы еңбегін тілге тиек етіп, баталарын берді. Замандас, дос, інілерін Әлімғазы Дәулетханның тұлғалық, достық, азаматтық болмысы туралы айтып, ғалымдының мерей тойына қуттықтауларын айтты. Кеште арнай мерейтойдың дастарханы жайлып, онда да Әлімғазы Дәулетханұлы туралы жылы лебіздер айтылды.

IMG_4494.JPG

Конференцияда Әлімғазы Дәулетханұлының атасы Шылбы Көбекұлы мен әкесі Дәулетхан Шылбыұлының шығармашылығына арналған «Зар заманның шерлі шежіресі» және «Ли Бәй қазақ емес!», «Өмірімнің арқауы – ел мен ерлер тарихы» қатарлы 5 кітабының тұсауы кесіліп, оқырмандарына жол тартты. Бұл кітаптар конференцияда және кеші қонағасы дастарханында қонақтарға таратылды.

IMG_4486.JPG

Әлімғазы Дәулетханов 1943 жылдың 15 қыркүйегінде ҚХР ШҰАР-ның Іле Қазақ автоном облысына қарасты Күнес ауданының Түрген ауылында мұғалім отбасында дүниеге келді.

1952-1962 жж. аудан орталығы Бестөбедегі 10 жылдық мектепті бітірген.

1961-1966 жж. Үрімжі қаласындағы Шынжаң университетінің Қытай тілі-әдебиеті факультетінің студенті.

1966-1968 жж. Қытайда жүрген «Мәдениет төңкерісі» барысында саяси қудалауға ұшырады. Соңынан «Көтерілісші екінші штаб» деген бұқаралық ұйым жұмысына белсене араласып, оның басшыларының бірі болды.

IMG_4436.JPG

1967 ж. мамыр-маусым айларында «Көтерілісші екінші штабтың» 9 адамдық арнайы делегациясы құрамында Бейжиңде болып, Шынжаңдағы шағын ұлттар мүддесінің төмендетіліп отырғанына байланысты мемлекет басшылармен өткізілген кездесулерге қатысады. Осы кездесуде ШҰАР (СУАР) парткомитетінің І хатшысы Уаң Ынмаудың Ұлы хандық шовинизмін әшкерелейтін материалдарды орталық билікке тапсырады.

IMG_4510.JPG

1968 ж. қыркүйегінде бүкіл Қытайдың «Зиялыларды еңбекпен қайта тәрбиелеу» дейтін саяси науқаны барысында Бұратала Моңғол автономды облысына қарасты Арасан ауданына жер аударылып, оның Аққой фермасының 10-бөлімшесінде жылқышы болып істейді.

1969 ж. 2 сәуірінде бір топ жолдастарымен бірге Қазақстан шекара бекетіне қашып келеді.

IMG_4448.JPG

1970-1972 жж. Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының «Золотая Нива» совхозына жер аударылды. Осы ауданның «Қазанқап» бөлімшесінде қойшының көмекшісі, тракторшы және әр түрлі қара жұмыстарға жегіліп, бір совхоз көлемінен шығуға болмайтын паспорттық режимде өмір сүреді.

1972 ж. қаңтарында өкімет орындарының арнайы рұқсаты бойынша Шымкент қаласына қоныс аударады.

IMG_4479.JPG

1972-1976 жж. Шымкент қаласындағы М.О. Әуезов атындағы Педагогикалық институттың «Қазақ тілі-әдебиеті» факультетінде оқып, оны «қазақ тілі-әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша ойдағыдай бітіреді.

1976-1989 жж. «Лицо безгражданство» шарты бойынша сол тұстағы Бөген ауданы (қазіргі Ордабасы ауданындағы) №146 СКТУ-да (СПТУ) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

IMG_4438.JPG

1978 ж. «Жалын» баспасынан «Сырымды айтам» атты повестер жинағы жарық көреді.

1986 ж. азаматтық төлқұжат алады.

1989 ж. соңында Алматыға қоныс аударады.

IMG_4477.JPG

1989-1992 жж. Қазақ теле-радио комитетіне қарасты «Алатау» каналында тележурналист.

1992 ж. Түркия елінде үш айлық тіл курсында оқыды.

1993-1994 жж. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында» бас маман.

IMG_4471.JPG

1993 ж. «Жұлдыз» журналының №2 санында «Тұтқын жолаушы» атты әңгімесі жарияланады.

1994 ж. «Жұлдыз» журналының №5-6 санында «Мағжан және қазақ поэзиясы» атты көлемді зерттеу мақаласы жарияланды.

1994-1997 жж. Халықаралық «Zaman-Қазақстан» газетінде аудармашы әрі журналист.

IMG_4496.JPG

1997 ж. қаңтарынан бүгінге дейін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Ежелгі заман және Қазақстанмен іргелес елдер тарихы бөлімінде» кіші ғылыми қызметкер одан аға ғылыми қызметкер, бүгінгі күні жетекші ғылыми қызметкер болып істеп келеді.

2002 ж. 6 қаңтарда «Түркеш қағанаты» (саяси және мәдени тарихын зерттеу 692-766 жылдар) атты күрделі тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

IMG_4507.JPG

2004-2007 жж. Уақытша келісім шартпен А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Туркология ғылыми-зерттеу орталығында жұмыс істеді. 

2005 ж. «Бауыржантану ғылыми зерттеу орталығына» (Тараз қаласында) шақырылып Б. Момышұлының 30 томдық еңбегін дайындау тобында қызмет етті.

2006 ж. «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы» атты ұжымдық кітапта автор ретінде қатысады.

IMG_4508.JPG

      

      Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • ҰСТАНЫМЫ БЕРІК, РУХЫ МЫҚТЫ ҒАЛЫМ
    Ысқақов Әрхам Кәкітайұлы: АБАЙДЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ