Қазаққа қазақтан басқа ешкімнің де жаны ашып жарылқамайды

Уақыты: 2019-06-01 Көрлімі: 1808 Сипаттама

Туадан біткен қасиет, тума талант иесі деп жатамыз. Мұxаммед пайғамбарымыз xадисінде: "А...

pr.jpg

Туадан біткен қасиет, тума талант иесі деп жатамыз. Мұxаммед пайғамбарымыз xадисінде: "Адамның тағдыры ананың құрсағында жатқанда-ақ маңдайына жазылады"- десе, Абай Құнанбайұлы данамыз: "Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады"- депті.  "Уақыт ешкіммен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды" дегендей, сонда адам баласы  өмірде қалай қалыптасады? 

Біреулер дана-болып, біреулер дара-данышпандық қасиетпен өмірге келеді. Біреулер ақылман-абзал қасиеттімен дүниеге келсе, біреулер ақылға кемшін, ақылгөй болып келеді. Біреулер өнерлі-өнерпаз қасиетпен келсе, біреулер өнегесін өресіздікке жеңдіре келеді. Біреулер дарабоз, дарынды-талантты болып келсе, біреулер даңғой-даурықпалау келеді, Біреулер ибалы-инабатты болып келсе, біреулер тік мінез-тентектеу келеді. Біреулер көрегенді-көпшіл болып келсе, біреулер көрсоқыр-кекшіл болып келеді. Біреулер парасатты-сабырлы, салиқалы болып келсе, біреулер қызуқанды-қызғаншақ болып келеді. Біреулер отбасым-отаным үшін деп келсе, біреулер өз басым-ошақ қасым деп келеді. Біреулер ұлылыққа құштар ұлағаттылық қасиетпен дүние есігін ашса, біреулер құлқының қамында құлдыққа бейім келеді. Біреулер ұлт жанды болып келсе, біреулер керісінше бөгде ұлыстың жолында келеді. Біреулер мейірімі төгіліп келсе, біреулер тәкаппар кертартпа болып келеді. 

Салыстыра берсең сан жетпейтін теңеулер. Деседе біздің мұсылмандық шариғатымызда, қазақи табиғатымызда бірінші айтқанымды өмірде қалай қалыптастырудың сан-алуан жолдарын санаңызға сіңіре дәріптеген. Екінші қарсы айтқандарымның да өмірде жолын кесіп өзіңізге дарытпаудың құдіретін насиxаттаған xадис, уағыздар жетіп артылады. 

Адам болып анаңыздың құрсағына түскен кезден бастап қорегіңізбен ала бастаған, туа сала анаңның ақсүтімен бойыңа дари бастаған, тілігіңіз шыға анаңның  тілімен тілің шыққан, шақалақ-сәбилік шақтарың анаңның құшағында қалыптасқан сәттердің бәріде тәлім-тәрбиенің бастауы, тағдырыңның басты бағанасы. Міне ата-бабаларымыз текті жерден келін алсақ деп тілеген ақ тілеуі дүниеге келер ұрпағының қамы болса керек. Орайы келгенде айта кетсек, басқа ұлт-ұлыспен некелескенде сол келін мұсылман дінін қабылдап болмағанда ана-тілімізді ардақтап келмесе қазақи қасиет, салт-дәстүрімізге өзіндік бір өзгерістер өзгенің өнегесімен еніп кете береді. Бұл да өмір шындығы. 

Қазаққа-қазақтан басқа ешкімнің де жаны ашып жарылқамайды. Бұл да өмірдің өңбеніңнен өткізіп тариxыңа таңбалап жазған ащы шындығы. 

Таңқалатыным: мың өліп мың тірілген қазақтың ұрпағымыз деп ұрандатқанда алдымызға жан салмаймыз! Ал, өз-өзімізге яғни қазағымызға ұлағатты туған ұл-қыздарымызды мінеп-сынауға келгенде тағыда ешкімнен қалыспаймыз. Ел ішіне етене жақын араласып әңгімелерін тыңдай қалсаң: -бүгінгі қоғамға, орныққан жүйеге деген наразылықтары соншама кез келген билік өкілі, шенеунік деп айтатын қызметкерлердің барлығына жуығы адам емес жемқорлар, елін-жерін сатқандар өздері кредит-қарызға батып өмір сүріп жатқандар. Сонда деймін-ау ғалымдардың есебі бойынша миллиардтан астам xалық жүз миллионнан астам мал бүгінгі таңда жер қойнауына еркін сыйып адамдары бақуатты өмір  сүру мүмкіндігі бар елде өмір сүріп жатқан жоқпыз ба? Әліде адам болып дүниеге келіп пенде болып өскендегі алған тәлім-іліміміз қызғаншақтыққа бой ұсынып өз-өзімізді тани алмай жүрміз бе?! Әліде кедергі жасайтын келеңсіздіктерге жол бастай беретін жасырын құдірет иелері болғаны ма?! Қазақты-қазаққа қайрап салып берекесін алып бейбіт өмірін көре алмай іріткі салудың жолын тапқан иниституттар болғаны ма?! Билік өкілдері неге xалықпен етене жақын қоян-қолтық араласып, дау-дамай, келеңсіздіктердің алдын алып xалықты бақуаттылыққа бастап бай болудың бастапқы жолдарын баршасына түсіндіріп, өсекті өзегінен өшіріп өркен ниетін көрсетуге қауқарсыз. Жоғарыда салыстырмалы түрде айтқан екінші уәждеріміз пенделердің санасына бүгінгі қоғамда неліктен мықтап сіңісіп кеткен? Ұлттық идеологиямыз қайда? Ұлылығымыз-ұлттық идеологимыздың құрбаны болып бара ма? Сұрақ көп? Кім жауап береді. Ел ішінде желдей ескен жел сөз көп. Жететін жері шет елді шулатып Қазақты дәрменсіз ету ме? Өз елін, Өз Отанын шет елдік БАҚ  арқылы шулатып жүргендердің көкей кесті көксегендері не? Отанын сынап-мінеп опасыздық жасайтындардың өз отбасын қалай алып жүргенін зерделеп xалыққа паш ететін құзырлы орындар жоқ па? Қазаққа сын айтқандарға қарсы тұратын қазақтарды кім қандай құдыретпен, оның қандай қасиетін, құдыретін пайдаланып қазаққа қарсы қойып отыр?

Оян-қазақ, ойлан-қазақ! Қазақ елі де сенікі, Қазақтың жері де сенікі, жер асты-үсті байлығы қазақтың ұрпағына ғана Алланың берген несібесі. Өз заманында дүниеге келген ұрпақ өзіне тиесілі бөлшегін ғана қажетіне жаратып шектен шықпағаны абзал. Әркімнің Алла берген несібесі өзіне бұйырсын. Білімді бол - ілімді бол, елің үшін кемел бол, кемеңгер бол, сатылма -сатқындыққа барма, сарқылмайтын қазына байлық жоқ. Біреудің несібесіне қол салма, құлқынның құлы болма. Қандастарыңа қамқор бол. Сонда ғана Алланың назарында боласың. Алла деген ағайын аман болсын!   

 

Құрметбек Сансызбайұлы, саясаттанушы.         

 

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Н. Назарбаев: Сайлауға қатысуға, ең лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын
    Назарбаев: Тұрақтылық болмаса, барлық жетістіктерімізден айырыламыз