Ақтоты Райымқұлова: Жаңа қоғам мен жаңа адамды қалыптастыру идеясы да Абайдан басталады

Уақыты: 2020-01-21 Көрлімі: 106 Сипаттама

Ұлы Абай шығармаларының өзегінде елдің қамы, қуанышы мен қайғысы, келешегі, арман-мұрат...

200121153412384e.jpg

Ұлы Абай шығармаларының өзегінде елдің қамы, қуанышы мен қайғысы, келешегі, арман-мұраты тұр.

Бұл туралы Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шарада ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы «Абай – мемлекет ісінің мүдделесі» деп атап өткендей, ұлы ойшыл бірлігі жарасқан ел болу идеясының жақтаушысы бола білді. Ол ұлтымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, әділетті қоғам құру идеясын алға тартты. Бүгінгі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы дәл осы ұстаныммен сабақтас. Ұлы Абай шығармаларының өзегінде елдің қамы, қуанышы мен қайғысы, келешегі, арман-мұраты тұр. Жаңа қоғам мен жаңа адамды қалыптастыру идеясы да Абайдан басталады«, - деді ол.

Министрдің айтуынша, Абай елдің үнемі алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болып, халқымызды жаңа өмірге бейім болуға шақырды.

«Хакім Абайдың тіл үйренуді және жаңа кәсіп игеруді ерекше дәріптегенін жақсы білеміз. Ұлы ақын: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» дейді. Бұл – Абай даналығының тағы бір жарқын дәлелі. Ол бүкіл қазақ жұртын еңбекке баулыды. Абай саналы ғұмырында ұлтжандылықтың, елдікті қадірлеудің озық үлгісін көрсетті«, - деді Мәдениет министрі.

Ақтоты Райымқұлова ұлы ғұламаның мұрасы және өнегелі өмірі – шынайы отаншылдықтың мектебі екендігін баса айтты.

»Ұрпақ тәрбиесінде әрдайым Абайдың ұлтына сіңірген еңбегін дәріптеуіміз қажет. Кемеңгер ойшыл елдің дамуын тежейтін теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды. Әсіресе, мақтан мен масылдық психологиядан арылып, адал еңбек етуге үндеді. Ұлы ойшылдың ғибратты сөздері тәуелсіз Қазақстанның жаңа серпінмен дамуы үшін қажет. Сондықтан, бұл мерейтойдың танымдық және тағылымдық мән-маңызы аса зор«, - деді ол.


Автор Марлан Жиембай


Пікір жазу
  • Ар ілімі һәм арылу
    ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: ҒЫЛЫМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСҚЫМ КЕЛЕДІ