Астанада «ОРАЛМАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Уақыты: 2019-03-07 Көрлімі: 1053 Сипаттама

6 ақпанда «Отандастар» Қоры мен ДҚҚ ұйымдастыруымен «ОРАЛМАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақыры...

f2c078e8-f1ab-4b45-8468-9cde5164f942.jpg

6 ақпанда «Отандастар» Қоры мен ДҚҚ ұйымдастыруымен «ОРАЛМАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қоғамдық талқыға құзырлы органдардың жауапты мамандары, әр елден келген қандастарымыз, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты. Шараға "Отандастар" қорының вице-президенті Мәди Манатбек төрағалық етті.

c07edcbd-92f9-4e3b-8206-3e98b064ec5a.jpg

Қандастарымызға қатысты түйткіл мәселелерді ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті, ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның шекара қызметі,  «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігі, ДҚҚ және «Отандастар» қоры өкілдері талқылады.

654ec7ed-3cc2-4d3d-9a24-a87073f2cbe6.jpg

Жиналыста қандастардың оралман куәлігін алуы, тұрақты тіркеуге тұруы, олардың ортаға бейімделуі, жеке кәсіппен айналысуы барысында туындайтын қиындықтарын, сондай-ақ кедендік баж салығы, зейнетақы, ықтияр хатқа байланысты бірқатар өзекті мәселелерді қамтыды. Аталмыш сауал-сұрақтар құзырлы орган өкілдеріне тікелей қойып, тиісті жауаптар алды.


Жиналыс соңында осы сияқты қандастар басындағы түрлі мәселелерді шешу үшін бүгінгі құрам бойынша арнайы комисся құрып, бірге жұмыс жасауға уағдаласты.

Суреттер "Отандастар" қорының фейзбуктегі парақшасынан алынды

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қытай Сайрагүл Сауытбайды қайтаруды сұрап отырған жоқ
    Оралман мәртебесінің уақыты өткен қандастарға 2019 жылдың соңына дейін жеңілдік берілді