Еліміздің Атымтай жомарты

admin2 2018-02-27 279 ℃ Қысқаша

Есім-сойы елге мәлім кәсіпкерлер жайлы сөз еткенде, ойымызға тез келе қоятыны - осы кісі...

73060d2f1a9d663e414f3dea41806ed2-small.jpg

Есім-сойы елге мәлім кәсіпкерлер жайлы сөз еткенде, ойымызға тез келе қоятыны - осы кісі. Асыра айтқанымыз емес. Батыр есімін иемденген жігіт ағасы өткен жолы «Алтын қалам» жүлдесіне лайық деп танылды. «Ең үздік меценаттығы» тағы бар. Солай болуы керек шығар, негізі. Себебін түсіндірейік (рет-ретімен).

Бокс немесе күрес десе делебесі қоза жөнелетін Оспанов мырза, балалар мен жасөспірімдерді спортқа тартуға бұрыннан ақ атсалысып келеді. Қазақ жастарының руxы биік, намысы жоғары болса екен деген тілегі ғой. Салауатты өмір салтын насихаттауға да жаны құмар. Табиғатынан. Осы уақытқа дейiн бірнеше спорт клубтары мен бокс пен спорт секцияларын ашқаны тағы рас. Есіңізде болса, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызбайбай деген қаршадай қыздың отбасына су жаңа үй салып беріп, батыр қарындастың отбасын бір, жанкүйер жұртты екі қуантқан-ды. Былтыр Ресейде өткен ережесіз жекпе-жек турниріндегі төрешелердің "бармақ басты, көз қыстылығы" кесірінен қолындағы жүлдесінен айырылған Арман Оспанов деген баһадүрге де көп көмегін тигізді. Қазақ атын әлемге әйгілеген батыр боксшы деп бағалап, Исламның Қанатын демеп жүргенін біреу білсе, біреу білмес. Одан бөлек, Бауыржан Кеңесбекұлы жыл сайын жомарттық пен қайырымдылық үлгісін паш етіп, соғыс-еңбек ардагерлеріне, көпбалалы және әлеуметік жағдайы нашар отбасыларға қаржылай жәрдем беруде. Он жылдан бері сақ қорғаны археологиялық қазба зерттеу жұмыстарына тұрақты көмек жасап келеді. Мұны біліп пе едіңіз?

e7452d37-a99f-47be-83b8-95ca7b87f37b.jpeg

Өткен жолы Президентпен кездесіп, арман-тілегін ақтарып алған Жақсылық Үшкемпіров жайлы сөз еткен едік. Сонда, жақсылығы мол ағамыздың аузынан «5000 кәсіпкер 5000 ауылды гүлдендірсе» деген тілек-сөз айтылған-ды. Баукең өзі туған ауылдың ажарын кіргізіп, ауыз толтырып айтарлық жұмыс жасаған азамат.

Бәкеңнің Жыланды жұртшылығына жасаған жақсылығын айтқанда ауыл тұрғындары қырғыз"манасшысындай" шабыттана жөнеледі. Рас, жақсының жақсылығын айту керек қой. Мектеп те ашқан. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде тереңдете оқытатын аймақтық лицей. Сөйтіп, ол мектеп-лицейге 800 томнан тұратын кітап пен оның электронды нұсқасын сыйлапты. Мектепті толық жөндеуден өткізу үшін өз қалтасынан 100 миллион теңге берген. Cол мектептің жанынан оқытушыларға арнап үй салып беріпті. Қаладан немесе басқа аймақтардан келіп оқитын балалар үшін салған жатақханасы тағы бар.

Ауылда Халыққа қызмет көрсету орталығы істейді. Бұған мұрындық болған да Баукең. Оған қоса мешіт пен спорт кешендерін іске қосып берді. Иә, өз ауылына өгіз қара күшін жұмсаса да Баукеңнің жасаған жақсы істерін айтып тауысу оңайға соқпас. Жыланды жұртының жабыла мақтайтындай жөні бар ғой.

Кейіпкеріміздің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне де көрсетіп жатқан көмегі аз емес. 11 жылдан бері «Дарабоз» дейтін Халықаралық бәйге өтіп келеді. Балалар жазушылар арасындағы бұл бәйгенің қаржылық қолдаушысы осы кісі. «Дарабоз» жүлдегерлері қаржылай сыйлық алып қана қоймай, олардың еңбектері жинаққа енеді.

16a05421-37ee-4939-91eb-deac65f985c6.JPEG

Бауыржан Кеңесбекұлының «Алтын қаламды» алар тұста аз-кем сұхбат берген еді. Сонда: «Қазір Тұрсын Жұртбай ағамыз бен Сұлтан-Хан Аққұл ағамыздың Алашорда жайлы еңбектерін оқып жатырмын. Сұлтан-Хан ағамыздың көптомдығын сатып алып, барлық туған-туыстарыма таратып бердім. Олар да оқысын»,- деді. Кітапқа деген қамқорлығы мен әдебиетті үнемі қолдап жүргені үшін Баукең «Алтын қалам» жүлдесіне әбден лайық, рас. Меценаттық, қайырымдылық деген дүние қазақта ертеден бар. Мысалы, 1914 жылы «Айқап» журналында Есенқұл Мамановтың «Романға бәйге тігемін» деп ашық хат жариялауынан қазақтың әдебиет өнеріне деген қамқорлығын аңғаруға болады. Жәңгір ханның халықты ағарту ісіне қосқан үлесі, Құнанбай қажының 1824 жылы салдырған мешіті жас қауымның білім алуына зор ықпал жасаған. 

Қазіргі заман меценаттарының ішінде де мақтанышпен айта алатын есімдер баршылық. Соның бірі де бірегейі – Бауыржан Оспанов. Жаныңда жүр жақсы адам.

P1tvMB_K_400x400.jpeg

     Серік Абас-шах

     Дереккөз: Facebook.com

Латынға көшу: Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
"Сөздік" жәйін сөз еткенде

Ұқсас тақырыптар