Латынға көшу: Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

admin2 2018-02-23 61 ℃ Қысқаша

2012 жылы қазақ жазуын латын әліпбиіне ауыстыру туралы Үкіметке депутаттық сауал жолдад...

28059235_127768818046238_8743405542088150803_n.jpg

2012 жылы қазақ жазуын латын әліпбиіне ауыстыру туралы Үкіметке депутаттық сауал жолдадым. Сауалға әріптесім И.Адырбеков қолын қойып, қолдау білдірді. Өйткені, сол жылы Әзербайжанда іс-сапарда болғанымда әзербайжан ұлтының тек экономикалық, саяси жағынан ғана емес, рухани- саналық, тілдік жағынан толық азат болғанына куә болған едім. Оның бастауы орыс әліпбиінен бас тартып, латынға көшуден басталған екен.

Елінде 11 телеарнаның барлығы дерлік әзербайжан тілінде хабар таратады. Орыс тіліндегі газеттер өте аз. Орта мектептерде орыс тілінің сабақтарын қысқартып, орнына ағылшын тілін көбейткен. Жастардың барлығы дерлік орыс тілін білмейді, керісінше, ағылшын тілінде жақсы сөйлейді. Ұлттық рухы мықты, отаншылдығы айқын көрінеді. Оларға қызыға да, қызғана да елге аттандым. Кейін маған кейбір қайраткер ағаларым «Мұратжан, латын әліпбиіне өту әлі ерте, орыс ағайындар бізді түсінбейді ғой», деген еді. Мен оларға: «Біз тәуелсіз ел емеспіз бе, бұл біздің өзіміз шешетін ішкі шаруамыз ғой» деп жауап бердім. Арада бес жыл өткеннен кейін солардың бірі «латынға біз баяғыда өтуіміз керек еді», деп сайрап тұрғанда не айтарымды білмей, жағамды ұстадым. Екіжүзділік пен жағымпаздықтан, даңғойлық пен бөспеліктен, табынушылық пен жалтақтықтан қазақ ұлты қашан құтылады екен?.. Ай қайдам? Бұл "қасиеттер" тұрганда мың өліп, мың тірілген ұлтымыз құлдық санадан, тілдік тәуелсіздіктен құтылуы мүмкін емес секілді.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

Парламент Сенатының депутаты

Дереккөз: Facebook.com


Кешіре білу – жан саулығы
Еліміздің Атымтай жомарты