Елдос Орда: Қытаймен арадағы сауда-бизнес қазақтың қолына өтуі тиіс

admin2 2018-06-08 0 ℃ Қысқаша

Қытай орталық азия мен Түркия базарына ендеп кіруі үшін Шыңжаңдағы ұйғыр бауырларымыз...

11904731_550319895131602_8359791144503386006_n.jpg

Қытай орталық азия мен Түркия базарына ендеп кіруі үшін Шыңжаңдағы ұйғыр бауырларымыздың орта және шығын бизнесіне миллиондап қаржы ажыратты. Соның арқасында 1991-жылдан бастап Ұйғыр бизнесмендері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай дүр ете түсті. Оған бір жағы қытайдағы әлеуметтік, экономикалық жаңа реформалар бап болды. Қысқа уақыт ішінде Ұйғыр бауырларымыздың орта және шығын бизнесі қарыштап дамып шағын монополданған ұлттық компаниялар бой көтере бастады. Қытай сыртқы экономика мен сауда-бизнесте Ұйғыр бауырларымызды алдыға сап қойып перде артында өздері тұрып алыс-жақын көрші елдердің базар нарығына Ұйғыр кәсіпкерлері арқылы монополия саясатын жүргізе бастаған еді. 

Таяу бір екі жылдан бері Шыңжаңдағы саяси тұрақсыздыққа байланысты, қытайдың бұл стратегиялық саясаты уақытша тоқырап туралап қалды. Ұйғыр бизнесмен, кәсіпкерлерінің десі басылып, өңірдегі сауда шеңберіндегі орны төмендеп тіпті ең төменгі көрсеткішке дейін жетті. Сонымен, Өңірдегі бизнестің орны үңірейіп өгейсіп тұр, қайтпек керек:

Бірінші, Қытаймен арадағы сауда-бизнес орны сәл босап қаңғырап тұрғанда, оны ел боп жұмылып Қазақтың жаңа бизнесмендерінің монополдауына жағдай жарату керек. Болмаса қытай басқа тактикаға көшеді;

Екіншісі, Қытай Ұйғыр бауырларымыздың орта және шығын бизнестерін қайта жандандырып Қазақстанға астыртын "сауда соғысын" ашса Қазақ бизресмендері бәсекеге өте қабылетті болуы керек. Өңірдегі бизнес алпауыты Қазақтың қолына өтуі тиіс;

Үшіншісі, Қазақ бизнесмендері екі ел арасында басым түссе, қазақтың бизнес тілі Шыңжаңда маңызды тілге айналуы мүмкін. Мысалы, қытайдағы университеттерде "бизнес қазақ тілі" пәндері ашылуы мүмкін (бұрын "бизнес орыс тілі" мамандығы болды). Бұл жағдай Шыңжаң қазақтарының өзін ұлт ретінде сезінуіне үлкен рухани күш болар еді және Шыңжаңдағы қазақтардың орта және шағын бизнесмендері Қазақстанға иек артып миллиярд қытай базарына шығудың жаңа үлгілері мен форматтарын тапқан болар еді. Бұл тіпті, Қазақстанға үлкен мүмкіндік!

Қортынды, қытай мен Қазақстан арасындағы үңірейіп тұрған бостықты Қазақ бизнесмендері монополдап алуы керек. Ол үшін ұлы реформалар жасалуы тиіс, кеш қалсақ ешнәрседен үміт күтудің қажеті жоқ.

Елдос орданың фейзбуктегі парақшасынан алынды.

Jebeu.kz


ШЫҰ Бас хатшысы: Астана ШЫҰ-ның жаңарған локомотивінің даңғыл жолын бастап берді
Кері қайту