Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев қытай халқын «көкетем» мерекесімен құттықтады.
Шахрат Нұрышев Қазақстан мен Қытай дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері барлық саладағы байланыстың тереңдеп, екі елдің сан ғасырдан бергі дәстүрлі достық қарым -қатынасының нығайып жан -жақты стратегиялық серіктестік орнатқанын атап өткен. Сонымен бірге Елші Қытай елінің гүлденіп, одан әрі дамуын, Жаңа жылда әр отбасына табыс, денсаулық бақыт тілейтінін айтқан.
Бас елші Шахрат Нұрышев құттықтауында «2017 жыл екі ел қарым-қатынасының даму тарихындағы ерекше жылға айналды. Мамыр айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға ресми сапармен келді және Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты. Ал маусым айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен барып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен EXPO-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты»,-деп өткен жылғы екі елдің қарым қатынасына тоқтала кеткен Елшінің құттықтауы бүгін қытайдың «Халық газеті» сайтында жарияланды.
Jebeu.kz