Қытайдың қатысты министрлері мен мекемелеріне Қазақстандық делегация қойған сұрактар

Уақыты: 2018-08-22 Көрлімі: 7632 Сипаттама

13-19 тамыз аралығында ҚХР Сыртқы істер министрлігі, ҚХР-ның Қазақстандағы Елшілігі мен А...

9b0bad1a-5138-4390-aa26-e6389e46eb09.jpg

13-19 тамыз аралығында ҚХР Сыртқы істер министрлігі, ҚХР-ның Қазақстандағы Елшілігі мен Алматыдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен ҚР жазушылар одағы, Дүниежүзі қазақтары  қауымдастығы және басқа да қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен зиялы қауым өкілдерінен құралған делегация Қытайдағы түрлі қысымға ұшыраған қандастарымыздың мәселесі бойынша ҚХР-на іс-сапармен барды.

6cb5a50c-65fa-4fb4-b6c9-1d82e4f78346.jpg

Сапар барысында Қытайдың Бейжің, Ухан, Үрімші, Құлжа қалаларында болып, қандастарымыз ұшырап отырған қысысмға байланысты қатысты орындардың басшылармен пікір алмасып, бар жағдайды ашық және бүкпесіз, нақты дәелдермен жеткізді. Қысымға ұшыраған азаматтардың хаттары мен тізімдіктерін тиісті орындарға өткізді. Қандастар мәселесі бойынша Бейжің мен Үрімжі қаласында ҚХР-ның бірнеше министрлігі мен ондаған мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді.

 ҚХР-на барып қайтқан делегация жұмысымен 24 тамыз күні сағат 12:00-де «Қазақстан Баспасөз клубында» сапардың қортындысы бойынша өтетін баспасөз-конференциясында толық танысасыздар. Төменде делегация мүшелерінің ҚХР-ның қатысты орындарына кіргізген хаттары мен қойған сұрақтарының бір-екеуін назарларыңызға ұсынамыз.

51c83f1d-2daf-4e26-a282-ea92f04defe4.jpg

Делегация тарапынан Қытайдағы қатысты министрліктер мен мекемелерге қойылған сұрактар

 

1.Бөлініп-жарылған отбасылар мәселесі.

Отбасы мүшелерінің біреуі немесе бірнешеуі ҚР азаматы, қалғандары ҚХР азаматы болған отбасылардың ҚХР азаматтығындағылары ҚХР-на барған соң бірден «Саяси үйрену орталықтарына»  жөнелтіліп, немесе паспорты жиналып алынып қайтып келе алмай, бір отбасының екіге жарылу мәселесі. Ал «саяси үйрену орталықтарына» жібертілудің себеп-сылтаулары қырық түрлі: Қол телефонында діни мазмұндағы мәліметтердің болуы; шет елдерде болған кезінде сол елдің әлеуметтік желісінен пайдалану; Араб елдеріне немесе Туркияда Сапарда болуы; Қазақстандық жұлдыздарға лайк басу; Қытайдағы тиісті мекемелерге айтпай Қазақстанның ықтиярхатын алу; «саяси үйрену орталықтарында» қамалған туысқандарының қамалу себебін сұрастыру; т.с.с. Оның үстіне әрқайсы аймақ, аудан, әр ауылдағы мекемелердің саясаты, шаралары  әр қалай. Осыдан барып бейберекетсіздік пен әлеуметтік үрей қалыптасуда. Осы жерде сұрақ туындайды: Бұл орталықтардың құрылу мақсаты не, қандай функциясы бар, әлеуметтік тәртіпті реттеуде қандай рөл ойнап отыр, саяси үйренудің мерзімі қанша? Қазір осындай орталықтарда жасы жетпістен асқан сырқат ата да, Қазақстанда кәмелетке толмаған неше баласы қалған жас ана да «тәрбиеленіп» жатыр, кейбірінің жатқан уақытына тіпті бір жылдан асып кеткен. Керісінше, ата-анасы Қытайға барып, қайтып келе алмай өздері Қазақстанда таныс-туыстарды паналап күн көріп жатқан балалар жүздеп саналады. Қазір Қазақстан қоғамы осы бөлініп-жарылған отбасылар мәселесіне ерекше назар аударуда. Интернет заманында қол жетімді технологияның көмегімен аталмыш жағдайлардан хабарлы болып қана қоймай жалпы беттік сенімді стратегиялық әріптес елдің осындай тірліктеріне түсінбей дал. Екінші жағынан қоғамда таралып жатқан неше түрлі қауесеттер олардың қалай пайым жасауына мұрсат бермеуде. Ниеті басқа жекелер мен ұйымдардың өсек аянды қарша бұратып Қазақстанмен Қытай арасында от көсеуге құлшынып жатқаны тағы бар. Біздер Қытайдың қоғамды тыныштандыру саясатына құрметпен қараймыз, керек болса қолдау білдіреміз. Сонымен бірге жергілікті үкіметтің аса солшыл да жөнсіз әрекеттері, Қазақ-Қытай қарым-қатынасының шиеленісуін қалайтын мысық тілеулі ішкі-сыртқы күштердің отқа май тамызуына, өсек-аян таратуына сылтау бола ма деп алаңдаймыз.

2.Зейнетақының тоқтатылу мәселесі.

Қытайда көп жылдар қызмет істеп жасы жетіп зейнетке шыққан, немесе ШҰАР үкіметінің тиісті қаулылары негізінде денсаулығына байланысты зейнетке шыққан кісілер Қазақстан азаматтығын қабылдағаннан кейін, олардың зейнетақысы бұрыңғы өздері қызмет жасаған мекемелері тарапынан жоқ сылтаулармен тоқтатылып, олардың өмір бақи бейнетінің зейнетін көру мүмкіндігінен айырып тастауда. Жуықтан бері ішінара жерлер мен мекемелер зейнеткерлерге зейнетақысынан бас тарту өтінішін жазған жағдайда паспортын қайтарып беру және шет елге шығуына рұқсат беру мүмкіндігі берілетіндігі дегенді шығарыпты. Біздің ШҰАР аумағында осы мәселеге қатысты бір тұтас заңды норманын немесе саясаттың жоқтығын, барлық мәселе жергілікті басшылардың заңдық санасы, білім деңгейі, орталық үкіметтің пәрменін қалай түсінуіне байланысты ғана шешіліп жатқанына көзіміз жетті. Бейберекетсіздіктің қайнар көзі осында жатыр. Біз аталған зейнетақының оның иелерінің ұзақ жылдар бойы Қытайдың социалистік құрылысына қосқан үлесінің қаржымысы деп білеміз. Оның үстіне Қытайда да ол кісілердің заңды мүддесін қорғайтын заңдар жұмыс істеп тұр. Осы арада сұрағымыз келетіні: мемлекеттік қызметкерлер деген кімдер, зейнеткерлер және әскерден шегінгендер мемлекет қызметкерлерге жата ма?

3.Тіркеуден шығу мәселесі.

Бұрыңғы тәртіп бойынша Қытайдағы тұрғылықты тіркеуінен шықпай-ақ Қазақстан азаматтығын қабылдаған кісілер Қазақстан паспортымен Қытайға барған сапарында қос азаматтықты тұтынушы ретінде ұсталып қалуда. Бұл кісілер Қытайдағы туыстары немесе таныстары арқылы тіркеуден шығайын десе, ШҰАР-дың жергілікті үкіметі оған рұхсат етпей, олардың Қытайға қайтып баруын талап етуде. Ал барғандар қос азаматтық иеленуші есебінде жауапқа тартылуда.

4.Қазақстанда оқып жатқан студенттер мен оқушылар 2017-2018 жылдың қыстық каникулында Қытайға демалысқа қайтқан жерінен паспорттары жиналып алынып Қазақстанға жіберілмей, тұтастай оқуларын тастауға мәжбүр болды.

5.Қазақстан азаматтығын қабылдаған ұлты қазақ бұрыңғы Қытай азаматтары Қытайға сапарлау кезінде Қытайдың кеден немесе шекара қызметі тарапынан шекарада жөн-жосықсыз сұраққа алынып, ар-намыстары тапталуда.

6.ШҰАР-дың ішінара жерлердегі жергілікті мекемелері Қытай азаматтарының Қазақстандағы туысқандарына туысшылау шақыртуын жіберуге немесе туыстық қатынастарын растауға рұқсат бермей, нәтижесінде Қытайдан келіп Қазақстан азаматтығын алған, этникалаық қазақтар Қытайға бару визасын ала алмай, қалыпты адами, туыстық қарым-қатынастан шектеліп, қиындық көруде.


0c68080d-2d20-41ae-8d6c-b11ccc24166d.jpg

4b1f406d-0650-4ab4-a59e-102169e03140.jpg

c7deb766-d3db-4600-9d0d-ad7cafe9bb2d.jpg

71a6094d-b3a9-4111-beb7-f9e1690d4e7f.jpg

 4f500bb2-e4fb-4714-8cf6-5d452cb238ae.jpg

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Жығылып жатып жұдырық жеген қандастардың мәселесі шешім таба ма?
    ҚР Қоғамдық даму министрі көші-қон саласын дамытуға байланысты кездесу өткізді ​