22-24 мамыр күндері Алматыда "Эволюцияның 15 жылдығы: құбылмалы дүние және бізге өзгеліс әкелетін әлем" атты XV Еуразия медиа форумы өтті. Форумның алғашқы күні ақпарат құралдарына арналған шеберлік сыныптары болды. Медиа саласының сарапшылары журналистикадағы соңғы тенденциялар мен жаңалықтар қызметінің болашағы туралы әңгімеледі.
Шеберлік дәрістері "Мобильдік журналистикадан әлеуметтік виртуралды шындыққа дейін", "Қауыпты аймақтан репортаж жасау", "Байқоңырдың әсері", "Шындықтан кейінгі кезеңдегі БАҚ этикасы", "Оқшау бұқаралық медиа. Сандық дәуірдегі конвергенттік журналистика", "Жаңалықтар әлемінің келешегі", "БАҚ-тың гендерлік тепе-теңдігі" деген жеті тақырыпта болды.
Форумның ашылу салтанаты және негізгі отырыстары 23 мамырда болды. Ашылу салтанатында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Алматы әкімі Бауыржан Байбек және Еуразия медиа форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сөз сөйлейді.
Форумға 60 елден 600 делегат қатысады. Медиа форум қонақтары мен қатысушыларының арасында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Италияның бұрынғы премьер-министрі Матео Ренци, халықаралық ұйымдар мен шетел БАҚ өкілдері бар.
Биыл форум барысында әлемнің қайта құрылуы, бірігіп әрекет етудің мүмкін сценарийлері, жасыл экономика концепциясы, ақпарат революциясының салдары және инвестиция рөлі сияқты маңызды мәселелер талқыланады. 24 мамыр күні 16:30-да Еуразия медиа форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева қортынды сөзін сөйлеп, барша қатысушыларға алғысын білдірді.
Еуразия медиа форумы Қазақстанда 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Форумды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландырады.
Jebeu.kz